М. Е. Лобашев к. В. Ватти


Транскрипция  деңгейіндегі  реттелу



жүктеу 8,1 Mb.
Pdf просмотр
бет202/275
Дата29.04.2022
өлшемі8,1 Mb.
#38344
түріЛекция
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   275
Lobashev

Транскрипция  деңгейіндегі  реттелу. 
Бұл  механизм  транск-рипция 
процесінің  түрлі  сатыларында  жүмыс  істей  алады.  Мә-селен,  РНҚ-
полимеразаның  жекелеген  гендерге  туыстығы  өзгеруі  мүмкін  және  осының 
нәтижесінде  осы  гендерден  транскрип-цияланатын  и  -РНК-ның  саны 
өзгереді.  Санаудың  басы  немесе  соңы  өзгеруі  мүмкін,  осының  нәтижесінде 
қысқарған  немесе  үзарған  и  -РНҚ-нық  молекулалары  пайда  болады. 
Және  ең  соңында  метаболизмнің  ерекшеліктеріне  байланысты  геномның 
жекелеген  учаскелері  РНК-полимеразаны  өткізуі  немесе  өткіз-беуі  мүмкін. 
Бұл 
оперондыщ  реттелу 
деп  аталады.  Уақыт  жағы-нан  гендер  активтілігі 
реттелуінің  осы  системасын  бактериялар-да  Ф.  Жакоб  пен  Ж.  Моно  ашты 
және  ол  гендердің  үш  типінең:  белок-ферменттерді  синтездеуге  жауапты 
бірнеше 
структуралық  гендерден,  ген-оператордан,  ген-реттеушіден 
түрады.  Ген-опера-тор  және  онымен  тығыз  тіркескен  структуралык,  гендер 
оперон 
қүрайды (87-сурет). 
Кызметі  жағынан  бір-біріне  байланысты  ферменттерді  ты-ғыз 
тіркескен  және  и  -РНК-ның  бір  молекуласын  транскрип-циялайтын 
структуралық  гендер  кодтайды?  Осы  гендер  транск-рипцияның  реттелуші 
бірлігі — оперонға кіреді. Структуралық гендерден транскрипцияның болуы 
немесе  болмауы  ген-опера-тормен  анықталады.  Оператор  көбінесе  РНК-
полимеразаның  қосылу  нүктесі—промотормен  —  структуралы  гендер 
аралығын-да жатады, яғни олармен тығыз тіркескен.   Егер оператор бос 


 
 
болса,  РНК-  полимераза  одан  өтіп  кетіп,  и  -РНК-ны  синтездеуге  кіріседі. 
Егер  оператор  ерекше  белокрепрессордың  бо-луына  байланысты  бос 
болмаса,  и  -РНК  синтезделмейді.  Белок-репрессор  оперонмен  тығыз 
тіркеспеген  ген-реттеушімен  кодта-лады.  Репрессордың  өз  операторынан 
орын  алуы  қабілеті 
эффекторлармен 
—  физиологиялық  сигналдар  болып 
табыла-тын  кішіректеу  молекулалармен  анықталады.  Олардың  іс-әре-кет 
сипаты метаболизмнің қандай сатысын бақылайтынына байланысты болады. 
Мәселен,  клеткада  реттелмейтін  әр  уақытта  болатын  және  синтезделуі 
конститутивтік ферменттер 
бар. 
Ферменттердің  басқа  тобы  оперон  системасымен  реттеледі.  Бұл, 
біріншіден,  катаболизмге  қатысатын 
индуцибелъдік  фер-менттер. 
Олардың 
синтезі осы ферменттердің әрекеті мен баға-лы сапасын жоятын заттардың 
клеткада  жиналуы  кезінде  басталады,  яғни бұл  зат өз оперонының  белок-
репрессорымен  қо-сылатын  индуктордың  немесе  эффектордың  қызметін 
атқарады,  ояы  оператордан  бөлінуге  мәжбүр  етеді,  сөйтіп  транскрипцияны 
іске  қосады:  оперон  жұмыс  істейді,  белок  синтезделеді.  Бұл 
индукция 
жағдайы. 
Екінші  жағдай  анаболизмге  қатысатын  (биосинтез) 
репрес-сибелъді 
ферменттерге 
қатысты.  Бұл  жағдайда  клеткаларда  метаболиттің  —  осы 
 
87-сурет. Реттеуішоперон системасының жұмысын көрсететін схема.  
(Түсініктеме тексте беріліи отыр). 


биосинтез  тізбегінің  ең  соңғы  өнімі  болып  табылатын  эффектор 
жинақталады,  ол  ферменттердің  одан  әрі  синтезделуін  тоқтатады. 
Метаболит-эффектор  репрессорға  қосы-лып  оны  оператордан  орын  алуға 
мәжбүр  етеді,  сөйтіп  струк-туралық  гендерден  транскрипциялану 
жабылады,  ферменттер-дің  синтезделуі  тоқталады.  Бұл 
репрессия 
жағдайы. 
Хромосомалардың  қайта  құрылуы  нәтижесінде  структуралық  гендердің 
ген-оператордан бөлінуі бұл гендерді бастапқы оператордың бақылауынан 
шығарып жіберуі және оларды бас-қа оперонмен байланыстыруы мүмкін. 
Мәселен, ішек таяқша-сында делеция алынды, ол делеция лактоздық және 
пуриндік  оперондардың  фрагменттерін  қосты,  осы  күрделі  оперонның 
операторы  пуриндік,  ал  структуралық  гендері  —  лактоздык  бол-ды. 
Нәтижесінде ортаға пуринді қосқанда лактоз облысында белоктардың күшті 
репрессиясы жүрді. Хромосомалық қайта қүрылу нәтижесінде оператор мен 
әр түрлі оперонға жататын структуралық гендердің қосылуы ген орналасуы 
әсерінің моле-кулалық механизмі бола алады (13-тарауды қараңыз). 
Ген-реттеушілердің 
жекелеген 
мысалдары, 
мысалы, 
адамда 
тестикулярлық феминизациялау генінің болатыны белгілі бол-ғанымен, кәп 
клеткалы  организмдерде  гендер  активтілігі  ретте-луінің  оперон  системасы 
табылған  жоқ.  Бүларда  ген  активтілігін  басқаратын  системаның  жүмыс 
принципі  басқаша  деп  топ-шылауға  болады,  өйткені  бактерияға  қарағанда 
жоғары  эукариоттардың  клеткаларындағы  гендердің  басым  көпшілігі 
(80—95%-ке  дейіні)  қызмет  атқармайды,  яғни  репрессия  жағ-дайында 
болады. 


 
 
 
 
 
 
 
 
Дрозофила  личинкаларыньщ  сі-лекей  бездерінің  клеткаларындағы  гигант 
хромосомалардың  белгілі  бір  дискілерін  байқау  "үстінде  зерттеушілер 
хромосомалардың белгілі бір жерінде личинкалар дамуының 
дрозофиланьщ   алып хромосо-    белгілі бір стадиясында кейбір дисмасында 
төмпешіктердің пайда     кілердің орнына төмпешік 
(пуфтар) 
болатын 
орындарыньщ өзгеруі,    
пайда
   болатынын   байқады.   
Бұл 
учаскелерде 
хромосомалар 
жіпше-лері 
деспиралданған, 
яғни 
интер-фазадағы 
қызмет 
атқаратын  ядроға  тән  қалыпқа  келеді.  Олар-дың  бұл 
қалпы  тұрақсыз  және  бұрынғы  қалпына  келе  алады. 
Төмпешіктер сипатының личинка өмірінің әр кезеңінде өзгеріп отыратыны, 
сонымен  бірге  әрбір  дискінің  пуфтар  түзуінің  езіндік  «кестесі»  болатыны 
(88-сурет),  ал  олардың  пайда  болуы  РНК-ның  синтезделуіне  байланысты 
екені көрсетілді. Әр түрлі пуф-тарда түзілетін РНК формалары бір-бірінен 
негіздері  бойынша  ажырайтыны  анықталды,  өйткені  олар  —  әр  түрлі 
гендердің өнімдері. 

жүктеу 8,1 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   275




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау