М. Е. Лобашев к. В. Ватти



жүктеу 8,1 Mb.
Pdf просмотр
бет183/275
Дата29.04.2022
өлшемі8,1 Mb.
#38344
түріЛекция
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   275
Lobashev

18-тарау. ЖЫНЫСТЫ АНЫҚТАУ 


Жыныс 
—  организмнің  ұрпақ  өрбітуге  және  гаметалар  түзу  есебінен 
келесі  үрпаққа  түқым  қуалау  информациясын  беруге  қатысуын  қамтамасыз 
ететін белгілер мен қасиеттер жиынтығы. 
Жыиысты  анықтаудың  генетикалық  негіздерін  баяндамас  бү-рын  жыныс 
биологиясымен танысу қажет. 
1. ЖЫНЫС БИОЛОГИЯСЫ 
Әдетте  әр  түрлі  жыныстың  особьтарын  бір-бірінен  айыратын  белгілер 
бастапщы 
және 
қосымша  жыныстыщ  белгілерге 
бөліне-ді.  Организмнің 
гаметалардың  түзілуін  және  үрықтану  проце-сінде  олардың  қосылуын 
қамтамасыз  ететін  морфологиялық  жә-не  физиологиялық  ерекшеліктерін 
бастапқы  белгілерге  жатқы-зады.  Олардың  қатарына,  мысалы,  жоғары 
сатыдағы  жануар-лардың  гонадалары  (жыныс  бездерІ),  жыныс  жолдары 
мен  сыртқы  гениталийлері  (жыныс  мүшелері),  жоғары  сатыдағы 
өсімдіктердің  андроцейлері  (аналықтарының  жиынтығы)  мен  гинецейлері 
(аталықтары)  жатады.  Организмнің  гаметогенез,  шағылысу  және  үрықтану 
процестерін тікелей қамтамасыз ет-п£Йтін, бірақ жыныстық жолмен көбеюде 
белгілі  бір  қосымша  роль  атқаратын  белгілері  мен  қасиеттёрін  қосымша 
белгілерге жатқызады. Оларға балықтардын жүзу қанаттарының, қүстар-дың 
қауырсындарының,  сүт  қоректілердің  көкірек  бездерінің,  жоғары  сатыдағы 
есімдіктердің  буын  аралығының  үзындығы  мен  гүлдеу  мерзімдерінің 
ерекшеліктері және т. б. жатады. 
Кейбір  төменгі  сатыдағы  және  көптеген  жоғары  сатыдағы  есімдіктер. 
мен  жануарларда  аталық  және  аналық  жыныс  особь-тарының 
айырмашылығы  — 
жыныс  диморфизмі 
кездеседі.  Жо-ғары  сатыдағы 
есімдіктердің  5  мыңға  жуық  түрі  қос  үйлі.  Жо-ғары  сатыдағы  жануарларда 
қос  жынысты 
(гермафродитті) 
формадар  нормада  кездеспейді.  Барлық 
жағдайларда 
да 
айыр-машылық 
жануарлардың 
морфологиялық, 
биохимиялық,  физио-логиялық  белгілеріне,  экологиясына,  мінез-қылығына 
және  т.  б.  қатысты  болады.  Алайда  бір  клеткалы  организмдердің  төменгі 
сатысында  копуляцияға  қатысатын  особьтардың  айырмашылы-ғы  кезге 


көрінбеуі және физиологиялық ерекшеліктерге ғаиа қатысты болуы мумкін, 
сондықтаи олардың жынысын шартты  түрде «+жыныс» немесе «—жыныс» 
деп  белгілейді.  Екі  типтің  арасындағы  айырмашылық  көбінесе  сандық 
сипатта болады, сондықтан кептеген бір клеткалы балдырлардан (мысалы, 
хла-мидомонадалар), кейбір төменгі сатыдағы саңырауқұлақтардан немесе 
инфузориялардан ішінде клеткалар копуляциясы бол-майтын, ал линиялар 
арасында  ол  жүзеге  асатын  бірнеше  ли-нияны  бөліп  көрсетуге  болады. 
Көптеген  линияларды  «+»  және  «—»  типтерге  топтастыруға  болады,  бірақ 
тип ішінде де кейде клеткалар копуляциясы болатын әр түрлі линиялар бар 
екенді-гі анықталды. 
Демек, мүнда 
салыстырмалы сексуалдылық 
туралы айтуға болады. 
Жыныс  диморфизмі  неліктен  пайда  болды?  Бүл  сурауға  жа-уап  беру 
үшін  жыныстық  процестің  биологиялық  мәні  тұқым  қу-алайтын 
өзгергіштіктің  жалпы  қорының  артуына  әкеп  соғатын  түқым  қуалау 
информациясының  қайта  комбинациялануында  екенін  еске  түсіру  керек. 
Бүған  алғаш  рет  Ч.  Дарвин  назар  ау-дарған.  Ол 
шағылыстырудың 
биологиялық пайдалылығы заңын 
түжырымдап, ол арқылы екі жыныстың 
шығуын түсіндірді. 

жүктеу 8,1 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   275




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау