Өсімдік клеткасында клеткалық аралықтың қалыптасуына ортасынан шетіне
бунақталатын
фрагмопласт
деп аталатын ұршықтың қатысымен жүреді. Осымен
митоз аяқталады.Митоздық циклдің ұзақтығы организм түріне, ткағіь типіне,
организмнің физиологиялық күйіне, сыртқы факторларға (температураға, жарық
режиміне т. с. с.) байланысты бірнеше минуттан бірнеше тәулік шамасында
ауытқиды. Митоздың жеке фазаларының ету жылдамдығы өзгергіш болады.Клетканың
бөлінуге дайындығын анықтайтын себептер, оиы жүргізуші механизм осы уақытқа
дейін анықталған жоқ.
Қлетка бөлінуінің митоздан басқа типтері де белгілі.
Амитоз.
Ахроматин үршығын
түзбей, ядроның тікелей бәлінуі амитоз деп аталады. Бөліну ядроның бунақталып екі
бөлікке бөлінуімен жүреді, кейде бір ядродан бірден бірнеше ядро түзіледі
(фрагментация). Клетканың амитоз жолымен бәлінуі бірқатар арнайы клеткаларда
және патологиялық тканьдерде үнемі кездеседі. Мысалы, картоптың крахмал түзуші
клеткаларында, регенерация кезіндегі бұлшық ет клеткаларында, рак клеткаларында,
қарапайым организмдерде болады.
Эндомитоз.
Эндомитоз деп клеткадағы хромосоманың репро-дукциялануы кйзінде
ядроның бәлінбей жүру процесін айтады. Осының нәтижерінде клеткада хромосома
саны көбейеді, кейде ол бастапқы санымен салыстырғанда ондаған есе артады.
Эндомитоз өсімдіктердегі сияқты жануарлардың да әр түрлі тканьдердегі белсенді
жұмыс істейтін клеткаларында кездеседі. Кейде хромосомалардың пайда болуы
клеткадағы олардың санының өсуінсіз өтеді. Бұл кезде әр хромосома еселеп еседі,
бірақ жас хромосома өзара байланысқан күйінде қалады. Бұл құбылыс
лолитения
деп
аталады. Ол эндомитоздың жеке жағдайынан тұрады. Политенді хромосомада
жіпшелер саны 1000—2000 шамасына жетеді. Бұл кезде аса зор алып хромосомалар
түзіледі.
Политения құбылысы бірқатар диффереицияланған тканьлеткаларда байқалады және
ол клетка ядросының ерекше байланысты болады.
Клетканың белінуі процесіндегі болатын ерекше ды бағалау үшін,хромосоманың
құрылысын және ұдайы дамып отыруын яғни оның репродукциясын жан-жақты
қарастыру қажет.
Достарыңызбен бөлісу: