М. Е. Лобашев к. В. Ватти


Иондаушы  сәулелердің  әсері



жүктеу 8,1 Mb.
Pdf просмотр
бет158/275
Дата29.04.2022
өлшемі8,1 Mb.
#38344
түріЛекция
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   275
Lobashev

Иондаушы  сәулелердің  әсері. 
1925  жылы  Г.  А.  Надсон  мен  Г.  С.  Филиппов 
саңырауқүлақтардағы  тұқым  қуалайтын  өзгергіштікке  радий  сәулесінің  әсерін  біздің 
елімізде  тұңғыш  рет  кәрсетіп  береді.  Алайда  дрозофилада  пайда  болатын 
мутациялар  санын  есептеудің  арнайы  методын  М-5  методы  жасаудың  арқасында 
рентген сәулесінің түқым қуалайтын әзгергіштікке әсерін көрсететін неғұлым сенімді 
дәлелді 1927 жылы Г. Меллер тап-ты. Сәулелендіру мутацияның пайда болу жиілігін 
спонтанды жиілікпен салыстырғанда жүздеген есе арттыратыны көрсетілді. Кейінірек 
бірқатар  зерттеушілер  (Л.  Стадлер,  А.  А.  Сапегин  жә-не  т.  б.)  жоғары  сатыдағы 


есімдіктер — жүгері, темекі, арпа, бидайда мутацияның пайда болуына радиацияиың 
әсерін анық-тады. 
Генетиканың  жаңа  бөлімі—радиациялық  генетика  пайда  болды.  Мутациялық 
процеске  иондаушы  агенттердің  әсерін  зерттеуге  қазіргі  кезде  де  зор  көңіл  бөлінеді. 
Бүл  соңғы  ондаған  жылдар  ішінде  иондаушы  сәулеленудің  адам  өміріндегі  алып 
отырғананызына  байланысты.  Өкінішке  орай,  радиация  фонын  арт-тыру,  қоршаған 
ортаны  ластау  салдарының  қаншалықты  ауыр  зардабы  боларын  жұрттың  бәрі  біле 
бермейді.  Ионданудың  тіпті  болмашы  мәлшерінің  әсерінен  мутация  жиілігі  кенет 
артады.  Мутацияның  басым  көпшілігі  түқым  қуалайтын  әр  түрлі  кем-тарлық  пен 
ауруларды туғызады. Ұрпақтар бойына жинала келе, олар адамзатқа зор қайғы-қасірет 
әкелуі  мүмкін.  Сондықтан  қазіргі  қоғамның  міндеті—бүгінде  өмір  сүріп  отырған 
үрпақтың өмірі мен денсаулығңн сақтау ғана емес, сонымен қатар бола-шақ үрпақты 
зиянды мутациялардың ауыр зардаптарынан қор-ғап, генофонды сақтау. 
Сонымен  қатар  иондаушы  сәулелену  селекция  мен  медицинада  зор  табыспен 
пайдаланылуда, олар мутациялық процесті зерттеу үшін кеңінен қолданылады. 
Иондаушы  сәулеленудің  клеткаға  әсеріи  зерттеуде  ядро  цитоплазмаға  қарағанда 
радиацияға  шамамен  100000  есе  сезімтал  екендігі  көрсетілді.  Клетка  ядросының 
иондаушы  сәулеленумен,  сондай-ақ  басқа  да  агенттермен  зақымданғыштығы 
сияқты,  хромосомалардың  аса  жоғары  сезімталдығы,  сондай-ақ  олардың 
уникальдылығы арқылы қамтамасыз етілуі мүмкін. Хромосомалар ДНК-сы клетканың 
өте  сезімтал  компоненттерінің  бірі  болып  табылады.  Цитоплазма  сезімталдығының 
төмендігі онда бі-рін-бірі алмастыратын кәптеген аттас құрылымның болатынына  да 
байланысты болуы мүмкін. 
Сәулелендіруден  кейін  клеткаларда  барынша  алуан  түрлі  қайтымсыз  өзгерістер 
байқалады:  алып  ядролары  бар  клетка-лар,  көп  ядролы  клеткалар  пайда  болады, 
митоздық активтілік тежеледі және т. с. с. Сәулеленген клетка анафазада бөлінген 
кезде көбінесе 
хромосомалық көпірше 
түзіледі, бүл хромосома-лық қайта құрылудың 
немесе  хромосомалардың  жабысуының  салдары  болуы  мүмкін.  Сәулелендірудің 
әеерінен  митоздың  қалыпты  жүрісініқ  бұылуы  полиплоидтық  немесе  анеуплоидтық 
клеткалардың пайда болуына әкеп соғуы мүмкін. 


Сипатталған  езгерістердің  мысалдары  суретте  (V  таблица, 
Б) 
И.  И.  Соколовтың 
мәліметтері  бойынша  келтірілген.  Мұнда  ядро  мен  хромосомалардың  сәулеленген 
клеткаларда пайда бо-латын әдеттегі патологиялық күйі ғана керсетілген. 
Мутацияны  сандық  есепке  алу  негізінде  олардың  пайда  бо-лу  жиілігінің 
сәулелендіру дозасына тәуелділігі анықталды. Дрозофиламен, жүгерімен, арпа және 
басқа объектілермен жа-салған көптеген тәжірибелер гендік мутациялардың жиілігі 
иондаушы  сәулеленудің  дозасына  тура  пропорционал  деген  қорытынды  жасауға 
мүмкіндік берді. 
Бір  үзілудің  салдарынан  пайда  болатын  хромосомалардың  құрылымдық 
өзгерістерін  бір  соққылы  хромосомалық  қайта  құ-рылулар  деп,  бір  мезгілде  екі 
үзілудің  салдарынан  пайда  болатын  құрылымдық  өзгерістерді—екі  соққылы 
хромосомалық  қайта  құылулар  деп  атайды  және  т.  с.  с.  Бір  соққылы  хромосомалық 
қайта қүрылулардың жиілігі сәулёлену дозасына тура сы-зықты тәуелділікте болады. 
Бір-біріне  тәуелсіз  екі  оқиғаның  бір  мезгілде  пайда  болу  ықтималдығы 
ықтималдықтың көбейтінді-сіне тең болғандықтан, екі соққылы қайта қүрылулардың 
жиілі-гі дозаның квадратына пропорционалды әседі. 
Тікелей  цитологиялық  зерттеулер  (хромосомалары  бүзылған  клеткаларды  санау) 
арқылы  хромосомалық  қайта  қүрылудың  пайда  болуы  иондау  тығыздығына 
байланысты  екендігі  кәрсе-тілді.  Аз  энергиямен  және  үлкен  линиялық  иондау 
тығыздығы-мен сәулелену хромосомалық қайта қүрылуды туғызуда неғүр-лым тиімді 
болады.  Жалпы  түрде  алғанда,  корпускулалық  сәулелену—жылдам  нейтрондар  мен 
а-бөлшектер—электррмагнит-тік  сәулеленуге  қарағанда  хромосомалық  қайта 
құрылуды  жиі  туғызады  деп  айтуға  болады.  Мұы  үзілу  пайда  болуы  үшін  кө-лем 
бірлігіне  ионданудың  белгілі  бір  мөлшері  қажет  болатынды-ғымен  түсіндіруге 
болады. 
Табылатын  хромосомалық  қайта  құрылудың  пайда  болу  жиі-лігіне  фракцияланған 
сәулелендіру  әсер  етеді,  бүл  екі  сәулелен-діру  арасында  клеткада  жүретін  қалпына 
келтіру  процестерімен  байланысты  (I  тарауды  қара).  Дрозофиланы  және  кейбір 
өсімдіктерді  таза  оттек  атмосферасында  сәулелендіру  мутация  жиілігін  арттырады, 
ал азот атмосферасында сәулелендіру—олардың жиілігін кемітеді. 
Қазірғі уақытта ультракүлгін сәулелердің УФ кәптеген ор-ганизмдерге мутагендік 
әсер  ететіндігі  дәлелденген.  Олар  мута-цияның  барлық  түрлерін  туғызады. 


Ультракүлгін  сәулелер  мен  иондаушы  сәулеленудің  бактериядағы  мутациялық 
процеске  әсерін  зерттеу  тіпті  объектінің  өзін  емес,  клеткалар  дамитын  ор-таны 
сәулелендіру де мутацияларды индукциялай алатындығы кәрсетті. 
Біз  осы  кезге  дейін  иондаушы  радиацияның  мутациялардын.  пайда  болуына  әсер 
етуінің физикалық жағын қарастырдық, Бірақ әр тұрлі даму сатысында түрған жыныс 
клеткаларын  сәулелендіргенде  табылатын  мутациялардың  жиілігі  түрліше  болып 
шығатыны бүдан әлдеқайда бүрын дәлелденген болатын, 
Клеткалардың  сәулелендіруге  реакциясы  олардың  физиоло-гиялық  күйіне 
барынша  байланысты  болады.  Жануардың  бір  түрінің,  оның  еркектері  мен 
ұрғашыларының  клеткаларының  се-зімталдығы  түрліше  болатындығы  байқалады, 
Ылғалданған тұ-қымға қарағанда қүрғақ тұқымның сезімталдығы төмен болады және 
т.  с.  с.  Әр  түрлі  ткань  клеткаларының  және  белгілі  бір  тканьнің  түрлі  жастағы 
клеткаларының сезімталдығы түрліше болады. 
Митоздық  циклдің  түрлі  стадиясында  хромосомалардың  сәулелендіруге 
сезімталдығы  түрліше  болады.  Көптеген  авторлар  хромосомалар  интерфазада 
барынша  зақымданғыщ  келетіндігі  байқалады  деп  есептейді,  өйткені  бұл  жағдайда 
ДНҚ реплика-циясының дұрыстығы бүзылады. 
Гендік мутациялар мен хромосомалық қайта қүрылуды индукциялауға бағытталған 
иондаушы  сәулеленудің  тиімділігі  ге-нотипке  байланысты.  Белгілі  бір  сәулелендіру 
дозасында  әр  түр-лі  гендер  түрліше  жиілікте  мутацияланатыны  керсетілді.  Тіпті 
геннің хромосоманың бір учаскесінен екінші учаскесіне ауысуы мутагендік факторлар 
әсер еткенде оның мутацияланғыштығы-ның өзгеруімен үштаса алады. 

жүктеу 8,1 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   275




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау