8. ИНДУКЦИЯЛАНҒАН МУТАЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСС ЖӘНЕ ОНЫҢ ЗАҢ-
ДЫЛЫҚТАРЫ
Мутацияларды индукциялаушы факторлар.
Ішкі және сыртқы
орта
факторларының арнайы әсер етуінен тұқым қуалайтын өзгергіштіктің пайда болуын
индукцияланған мутациялйқ процесс деп түсінеді.
Әр түрлі факторлардың
(мутагендердің)
тұқым қуалайтын өзгергіштікке тигізетін
әсерін зерттеуге жататын алғашқы зерттеулер біздің ғасырымыздың бас кезінде пайда
болды. Қазіргі уақытта мутациялардың пайда болуына температураның, ультракүлгін
және рентген сәулелерінің, химиялық заттар мен басқа да агенттердін, әсері сенімді
түрде дәлелденген. Иондаушы сәулеленудің әсерін зерттеуде де жоғары табыстарға
қол жетті.
Достарыңызбен бөлісу: |