9. КРОССИНГОВЕР МЕХАНИЗМІ
Мейоздық айқас.
Генетикалық әдістер арқылы хромосомалардың айқасу
құбылысы ашылғанға дейін, цитологтар мейоздың профазасын зерттей отырып
хромосомалардын, өзара біріне-бірі оралатынын, сөйтіп, % тәрізді фигура—хиазма
түзетінін байқады. 1909 жылы Ф. Янсенс хиазмалар хромосомалар учаскелерінің
алмасуымен байланысты деген болжау айтты. Кейіннен бұл көріністер 1911 ж. Т.
Морган ұсынған хромосомалардың генетикалық айқасу жөніндегі гипотезаға
қосымша негіз болды.
Хромосомалар айқасуының механизмі мейоздың I профазасындағы гомологиялық
хромосомалардың күйімен байланысты болады. Мейоз үшінші тарауда жан-жақты
қарастырылған. Оның ерекшеліктерін еске түсірейік. I профазада гомологиялық
хромосомалар сәйкес учаскелерімен конъюгацияланады. Әр хромосома бивалент
кезінде екі хроматидтен түрады, ал бива-ленттің езі тиісінше төрт хроматидтен
тұрады (V таблица,
А).
Сонымен коньюгация — гомологиялық хромосомалар
арасында кроссинговер жүре алатын жалғыз кезең. Сонымен кроссинговер төрт
хроматид стадиясында өтеді жене ол хиазмалар түзілу кезіне сәйкес келеді.
Егер бір бивалентте бір алмасу емес, екі және одан да кеп болса, онда бірнеше
хиазмалар түзіледі. Бивалентте төрт хроматид болатындықтан, анығында олардың
әрқайсысы басқа хроматидтердің кез келгенімен бірдей мүмкіндікте учаскелерін
алмастыра алады. Бүл кезде алмасуға екі, үш немесе тәрт хро-матид қатыса алады. 50-
суретте осындай алмасудың схемасы берілген: 1) сіңлілі емес екі хроматид
арасындағы реципрокты қос қабат алмасу, егер гендер — маркерлерде алмасу
болмаса, бүлар гендер рекомбинацияларын бермейді (50-сурет, 1); 2) диагональды
алмасу, бүл жерде әр түрлі екі ауданда сіңлілі екі хроматид сіңлілі емес белгілі бір
хроматидпен бір мезгілде бір қабат айқасуға түседі, ал төртінші хроматид алмасуға
кіріспей-ді. Осындай қос кабат алмасу нәтижесінде үш рекомбинантты хромосома
пайда болады, ал біреуі рекомбинатты емес. күйінде қалады. (50-сурет, 2, 3); 3)
комплементарлы алмасу бүл, кезде терт хроматидтің тертеуі де әр түрлі ауданда бір
қабат алма-сады, мүнда төрт хроматидтің сіңлілі емес екі хроматиді жұп-тасып бір
орында бір қабаттан алмасады, ал басқа екеуі басқа учаскеде бір қабаттан алмасады,
осының нәтижесінде рекомбинантты терт хромосома түзіледі (50-сурет, 4). Бұнда
алмасуға үш хроматид қатысса, хроматидтер арасында бір мезгілде бір қабаттан
алмасу болса, қос қабат кроссоверлер пайда болады.
Осы уақытқа дейін сіңлілі емес хроматидтер арасындағы кроссииговер
қарастырылды, сіңлілі хроматидтер ішіндегі алма-су рекомбинациялар бермейді,
осыған байланысты комбинативтік өзгергіштіктің биологиялық механизмі ретінде
мүндай алмасудың маңызы жоқ.
|