Ғүламасы ғасырдың,
Жырларында жабырқау жоқ, жасын мүң.
Өлең болып бізге жетті өнегең.
Сәулесі боп.
Өнер деген асылдың.
Жырларыңыз түнып түрған үлылық.
Жабыркасам жанға қүяр жылылық.
Абай деген жүмбақ әлем, биік шың.
Болғамыз жоқ әлі өзіңді үғынып.
1-жүргізуші:
Қазақтың акыны, данышпаны көп болғанмен, Абайы
біреу-ақ’ Абайы бар елдің мерейі үстем.
2-жүргізуші: Абай ата, өзіңіз үміт күткен шөберлеріңіз
Сіз туралы толғап, Сіз туралы сыр шертпек, қабыл алыңыз.
II бөлім. Балапан үяда нені корсс, үшқанда соны іледі
1-көрініс. Әке балаға сыншы.
Тыныштық. Үстел басында май шамның жарығымен
терең толғаныс үстінде өлең жазып отырған жас Абай. Әкесі
Қүнанбай кіреді.
-Кезі келгенде айтпақ болып жүрген түрлі сөзім бар еді,
айтайын.
64
-Айтыңыз, әке.
-Ең әуелі сен жұрттың бәрімен күліп сөйлейсің. Жайдақ
су сияқтысың, жайдақ суды ит те, қүс та жалайды, кісілерге
қадірі болмайды. Екінші, көрінгенмен жақын боласын, кісі
талғамайсың. Желбегей жүрген кісінің басына ел үйрілмейді.
Ел алатын қылық ол емес. Үшінші, орысшылсың, орыстың
дүшпандығын ұмытасың...
-Осы үш айтқаныңыздың үшеуіне де дау айтам, әке.
Өзімдікі дүрыс деп айтам. Ең әуелі, жайдақ суға теңгердіңіз.
Қолында қүралы бар жалғыз-жарымға ғана пайдасы тиетін
шыңыраудағы су болғанша, қүралды, қүралсыз, кәрі, жасқа
түгел пайдасы тиетін жайдақ су болғанды артық санаймын.
Екінші, ел алатын тәсілді айттыңыз. Ел билейтіндердің мінезін
айтгыңыз. Менің білуімше, ел бір қой сияқты болған. Бір қора
қойды жалғыз қойшы «айт» десе ергізіп, «шайт» десе
жусататын болған. Бертін келе, ел қана бүрылады. Ал, қазіргі
ел бүрынғы көрбалалықтан, нашар, момындықтан сейіліп,
көзін ашып келеді. Ендігі ел жылқы сияқты болды. Аяз беы
боранда, жауын-шашында топ не көрсе, соны көруге шыдаған,
жанын аямаған, қар төсеніп, мүз жастанған, етегін төсек, женін
жастық қылған бақташь| ғана баға алады. Жан ашыры бар,
жақсылық пайдасы бар кісі ғана бағады.
Үшінші, орысты айттыңыз. Халық үшін де, өзім де
дүниенің ең асылы білім, өнер. Сол өнер орыста.
Қүнанбай (бүл жауабына қанағат қылып тоқтап):
-Ақыры не болса да бетіңнен жарылқасын, өзің білген
бетіңмен жүріп көресің...
2-көрініс.
Жас Абайды ертіп Қүнанбай Қарқаралыға
аттанайын деп жатады. Анасы Ұлжан Абайдың алғашқы
сапарына сәттілік тілей түрып, жүрегімен ойлы тілегін
білдіреді:
-Бала үлкендер бірде тату, бірде араз бола беретін,
«Күндестің күні күндес» дегенді сен білмей-ақ қой. Бөжекенді
көрген жерде сәлемінді түзу бер. Бір кезде жақсы жақының еді.
Кім тентек, кім макүл? Қайдан білдің?
Әкең дүпшан десе, сен бол! Жамандыққа кім табылмайды
дейсің, жан ашырдан айырылма!
-Айтқаныңызды қүп алдым, ана!
65
1-жүргізуші: Абай жүріп кетті, артына қарағанда анасы
Үлжан үйге кірмей, үзақ қарап түр екен. Анасының соңғы сөзі
Абайдың жүрегінен кетпеді.
2-жүргізуші: «Әке балаға сыншы», «балапан үяда не
көрсе, үшқанда соны іледі» демей ме» атам ңазақ. Әкесінің
аталы сөзі мен ананың аналық мейірімінен нәр алған жас
Абайдыц үлкеп жолы осылай басталған еді...
Достарыңызбен бөлісу: |