1 Жаза тайынду институтының қалыптасуы мен дамуының тарихи кезеңдері


 Зерттеу объектісін алдын ала жүйелік талдау



жүктеу 1,61 Mb.
Pdf просмотр
бет75/82
Дата26.03.2022
өлшемі1,61 Mb.
#37927
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   82
Binazarov KR Kilmistik atkaru ОҚУЛЫҚ

4. Зерттеу объектісін алдын ала жүйелік талдау
 
Сотталушының  қылмыстық
-
құқықтық  жауаптылықты  (тағайындалған 
жаза шарасын) әлеуметтік қабылдауы белгілі бір әлеуметтік жүйені құрайды, 
оның элементтері:
 
1)  сотталушылардың  қылмыстық
-
құқықтық  тыйымдарды  сақтау 
факторлары  (оған  сотталушылардың  бірінші  сотталғанға  дейін  құқықтық 
жалпы
-
превенциялық ықпал ету шеңберінде құқық бұзушылықтардан бойын 
аулақ салу себептері; сотталушылардың жазасын етегеннен кейін құқықтық 
ықпал  етудің  арнайы
-
превенциялық  шеңберінде  қылмыстық
-
құқықтық 
тыйымдарды сақтауы себептері енеді); 2) сотталушылардың қылмыстық жаза 
туралы  түсінігі  және  қылмыстық  іс
-
әрекеттің  қылмыстық
-
құқықтық 
зардаптарына  көзқарасы  (оған  сотталушылардың  қылмыстық  жазаның 
маңызы  туралы  түсінігі;  сотталушының  бірінші  рет  сотталғанға  дейін 
жасалған  іс
-
әрекетінің  қылмыстық  жазаланушылығы  туралы  түсінігі; 
сотталушының  қылмыстық  іс
-
әрекет  жасаған  сәтке  мүмкін  боларлық 
қылмыстық  жазаға  көзқарасы;  сотталушының  қылмыстық  іс
-
әрекет 
жасағаннан  кейін  мүмкін  боларлық
 
қылмыстық  жазаға  көзқарасы; 
сотталушының нақ сол сәтте, яғни жазасын өтеу кезінде қылмыстық жазаға 
қарым
-
қатынасы жатады); 3) сотталушының өзіне қатысты қылмыстық істің 
мән
-
жайларын және жеке басының сипаттамаларын соттың жаза тағайындау 
кезінде  ескеруін  бағалауы;  4)  сотталушының  өзіне  тағайындалған  жазаны 
бағалауы (оған сотталушының тағайындалған жазаның қатаңдығы дөрежесін 
бағалауы;  сотталушының  тағайындалған  жазаның  әділдігін  бағалауы; 
сотталушының  тағайындалған  жазаның  тәрбиелік  сипатын  бағалауы; 
сотталушының  тағайьіндалған  жаза  түрінің  өз
 
кінәсін  мойындауы
-
сезінуіне 
ықтимал
 
ету дәрежесін бағалауы
 
жатады).
 
Ресей  ғалымы  А.Р.
 
Ратинов  қылмыстық
-
құқықтық  жауаптылықтың  бір 
қатар
 
субъективтік  қосымша  көрсеткіштерін  талдай  келіп,  оларды  іске 
асырған  кезде  қылмыстық
-
құқықтық  жауаптылық  барынша  тиімді  болатын 
бірқатар  мәмілелерді  алға  тартады.  Оларға,  автордың  пікірі  бойынша, 
төмендегідей талаптар жатады: а) жазаның түсіндірушілік маңызы неғұрлым 
жоғары болса, оны қолдану сәті де солғұрлым жақындай түседі; ә) жазаның 
ескертушілік рөлі неғұрлым жоғары болса, ол субъектіге солғұрлым болмай 
қоймайтын  болып  көрінеді;  б)  жазаның  әсер  ету  күші  неғұрлым  жоғары 
болса,  қылмыскер  оны  қолдану  нәтижесінде  көп  игіліктерден  қол  үзеді;  в) 
жазаны  превентивтік  негіздеу  нәтижесі  мінез
-
құлықтың  тыйым  салынған 
формаларының таралуы мен тұрақтылығына тәуелді болып келеді; г) жазаны 
превентивтік  негіздеу  нәтижесі  сазайын  тарттырушылық  санкциясы  мен 
тыйым  салынған  мінез
-
құлықтардың  деңгейіне  тәуелді;  д)  жазаның  жан
-
жақты  негізделген  ықпал  ету  дәрежесі  субъект  тыйым  салынған  әрекетті 
қаншалықты  өзіне  сай,  орынды  және  міндетті  деп  есептейтіндігіне  тәуелді 
болып келеді.
 
Қылмыстық
-
құқықтық  жауаптылықтың  тиімділігі  проблемасын  талдай 
отырып, зерттеушілер жазаның әділдігі, адамгершілік түрғысы, жасалған іс
-
әрекетке  сәйкестігі  және  т.б.  компоненттеріне  ерекше  назар  аударады. 
Айталық,
 
ресейлік ғалым
-
зерттеушілер В.Н. Кудрявцев пен В.П. Казимирчук 
жаза  тағайындау  және  оны  орындау  кезінде  әділдік  қағидасының  жүзеге 
асуын қамтамасыз ету өте маңызды деп атап көрсетеді. Әділдік қағидасы заң 


203 
алдындағы  жауаптылыққа  қатысты  жазаны  жасалған  әрекеттің  ауырлығына
 
сәйкес  және  айыпкердің  жеке  басын  есепке  ала  отырып  тағайындауға  алғы
 
шарт  болып  табылатын  жазаны  дифференциаииялау  және  жеке  даралау 
сияқты өзіндік ерекшеліктерінен көрініс табады. Олар сондай
-
ақ қылмыстық 
жауаптылықтың жалпылама және арнайы
-
превентивтік маңызын көтеру үшін 
тағайындалмақшы  жазаның  ауыр
-
жеңілдігінің  ара  салмағын  қатаң  сақтау 
керек  есептейді.  Шектен  тыс  қатаң  жаза  әділетсіздік  сезімін
 
туындатады, 
адал еңбек жолына түсуге деген құлшынысты әлсіретеді. 
 
Ұзақ
 
мерзімге  бас  бостандығынан  айыру  жазасын  өтегеннен  кейін 
қылмыстық  құқық  бұзушылықтардың
 
қайталануы,  қоғамнан  оқшаулаумен 
байланысты  емес  басқа  жазаларды  өтегеннен  кейін  қылмыстық  құқық 
бұзушылықтардың
 
қайталануына қарағанда әлдеқайда көп кездеседі. Екінші 
жағынан, шектен тыс жеңіл жазаны сотталушы 
«
кешірім
» 
ретінде қабылдауы 
мүмкін,  сөйтіп  ол  да  тиімсіз  болып  шығады.  Сонымен  қатар,  жоғарыда 
аталған  авторлар  жеке  адамның  қажетті  әлеуметке  бейімделуін  қамтамасыз 
ететін санкцияның позитивтік мазмұнының ықпалын атап көрсетеді. Егер бұл
 
болмаса, жаза өз мақсатына өте сирек қол жеткізеді.
 
Біздің 
ойымызша, 
сотталушылардың 
қылмыстық
-
құқықтық 
жауаптылығының  тиімділігі,  оның  ішінде  сотталушының  қылмыстық
-
құқықтық  жауаптылықты  (тағайындалған  жазалау  шарасын)  қабылдауының 
парапарлығы төмендегідей факторлардың жиынтығына тәуедді болып келеді:
 
Бірінші  кезекте,  құқықтың  жалпы
-
превентивтік  тұтастай  алғандағы 
ықпалын айту керек.
 
Одан  әрі  алдын  ала  тергеу  органдары  және  сот  жүйесінің  қызметіне 
байланысты  факторлардың  ықпалын  айту  керек.  Оларды  объективтік  және 
субъективтік факторларға бөлуге болады. Объективтік факторлар қатарында 
мыналар ерекшеленеді: 
 
1.
 
қылмыстық заңнамалардың сапасы; 
 
2.
 
алдын ала тергеу механизмнің сапасы; 
 
3.
 
алдын ала тергеу нәтижелерінің сапасы; 
 
4.
 
жаза тағайындаудың заңдық механизмнің сапасы; 
 
5.
 
тағайындалатын жазалау шарасының сапасы; 
 
6.
 
соттық тергеудін сапасы және соттық тергеу нотижесінің сапасы; 
 
7.
 
соттың тәрбиелік ықпалы; 
 
8.
 
адвокаттық тергеу мен қорғаудың сапасы; 
 
9.
 
прокурорлық
 
тергеудің  мен  айыптаудың  сапасы.  Субъективтік 
факторларға мыналар жатады: 
 
1.
 
құқықтық  сана,  құқықтық  мәдениет,  кәсіпқойлық,  іс
-
әрекеттің 
заңдылығы,  сондай
-
ақ  судьялардың,  адвокаттардың,  прокурорлардың 
жеке бастық қасиеттері;
 
2.
 
соттық тергеу барысындағы әлеуметтік
-
психологиялық ахуал.
 
Факторлардың  бұдан  кейінгі  тобы  еңбекпен  түзеу  мекемелерінің 
кызметімен,  режимнің  және  сотталушылар  ұжымының  ықпалымен 
байланысты.  Оларды  да  шартты  түрде  субъективтік  және  объективтік 
факторлар деп бөлуге болады. Объективтік факторларға мыналар жатады: 1) 
еңбекпен  түзеу  мекемелерінің  жағдайы  және  ресурстық  қамтамасыз  етілуі 
(материалдық, кадрлық және т.б.); 2) еңбекпен түзеу мекемелерінің тәрбиелік 
және  әлеуметке  бейімдеушілік  мүмкіндіктерінің
 
сапасы.  Субъективтік 


204 
факторларға  мыналар  жатады:  еңбекпен  түзеу  мекемесі  қызметшілерінің 
жеке  бастық  сипаттамалары  (құқықтық  сана,  кәсіпқойлық,  құқықтық 
мәдениет, іс
-
әрекеттің заңдылығы жөне т.б.); 2) еңбекпен түзеу мекемесіндегі 
микроортасының  әлеуметтік
-
психологиялық  ахуалы  және  ерекшеліктері;  3) 
сотталушылар ұжымының жеке бастық сипаттамалары.
 
Факторлардың  соңғы  тобы  сотталушының  жеке  басының  субъективтік 
сипаттамаларымен  байланысты  (құқықтық  сана  деңгейі;  мінез
-
құлық
 
дағдысы мен мақсаттарын таңдауға бастайтын мүдделер мен қажеттіліктер; 
нормативтік
-
қүндылықтық  ұстанымдар;  психологиялық  ерекшеліктер  және 
т.б.).
 

жүктеу 1,61 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   82




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау