1 Жаза тайынду институтының қалыптасуы мен дамуының тарихи кезеңдері



жүктеу 1,61 Mb.
Pdf просмотр
бет22/82
Дата26.03.2022
өлшемі1,61 Mb.
#37927
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   82
Binazarov KR Kilmistik atkaru ОҚУЛЫҚ

 
2
.3 Қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән
-
жайлар
 
 
ҚР  Қылмыстық  кодексі
  53-
бабының  1
-
бөлігіне  сәйкес,  қылмыстық 
жауаптылық  пен  жазаны  жеңілдететін  мән
-
жайлар  деп  мына  жағдайлар 
танылады:
 
1.  Мыналар  қылмыстық  жауаптылық  пен  жазаны  жеңiлдететiн  мән
-
жайлар деп танылады:
 
1.
 
мән
-
жайлардың  кездейсоқ  тоғысуы  салдарынан  алғаш  рет  қылмыстық 
теріс  қылық  не  алғаш  рет  онша  ауыр  емес  немесе  ауырлығы  орташа 
қылмыс жасау;
  
2.
 
2)кінәлі адамның кәмелетке толмауы
;  
3.
 
жүктілік;
  
4.
 
кінәлі адамның жас балаларының болуы;
 
5.
 
медициналық  немесе  өзге  де  көмекті  көрсету  салдарына  қарамастан, 
қылмыстық құқық бұзушылық жасағаннан кейiн жәбірленушіге тiкелей 
осындай көмек көрсету;
 
6.
 
қылмыстық құқық бұзушылық салдарынан келтiрiлген мүлiктiк залалды 
ерікті  түрде  өтеу,  қылмыстық  құқық  бұзушылықпен  келтірілген 
моральдық және өзге де зиянның орнын толтыру;
  
7.
 
жеке  басындағы,  отбасылық  немесе  өзге  де  ауыр  мән
-
жайлардың 
тоғысуы  салдарынан  не  жаны  ашығандық  уәжімен  қылмыстық  құқық 
бұзушылық жасау;
 
8.
 
күштеп  немесе  психикалық  мәжбүрлеу  салдарынан  не  материалдық, 
қызметтiк  немесе  өзге  де  тәуелдiлiгiне  қарай  қылмыстық  құқық 
бұзушылық жасау;
 
9.
 
қажеттi  қорғаныстың,  аса  қажеттiлiктің,  құқық  бұзушылық  жасаған 
адамды  ұстап  алудың,  негізді  тәуекелдің,  бұйрықты  немесе  өкiмдi 
орындаудың,  жедел
-
іздестіру  іс
-
шараларын  немесе  жасырын  тергеу 
әрекеттерін жүзеге асыру кезінде құқыққа сыйымдылық шарттарын бұзу 
жағдайында қылмыстық құқық бұзушылық жасау;
 
10.
 
жәбiрленушiнiң  қылмыстық  құқық  бұзушылыққа  түрткi  болған  заңға 
қайшы немесе бейморальдық мінез
-
құлқы;
 
11.
 
шын  ниетпен  өкiну,  айыбын  мойындап  келу,  қылмыстық  құқық 
бұзушылықты  ашуға,  қылмыстық  құқық  бұзушылықтың  басқа  да 
сыбайлас  қатысушыларын  әшкерелеуге  және  қылмыстық  құқық 
бұзушылық  нәтижесiнде  алынған  мүлiктi  іздестіруге  белсенді  түрде 
ықпал ету.
 
Осы баптың бірінші бөлігінде көзделмеген мән
-
жайлар да жаза қолдану 
кезінде жеңілдетуші ретінде ескерілуі мүмкін.
 
Қылмыстық  жауаптылық  пен  жазаны  жеңілдететін  мән
-
жайлар  деп 
кінәлінің  жеке
 
басына
 
және  ол  жасаған  қылмыстық  құқық  бұзушылыққа
 
қатысты,  қылмыстық  құқық  бұзушылық
 
құрамынан  тысқары  тұратын  түрлі 


46 
жәйттерді  ұғыну  керек.  Олар  қылмыстың  және  қылмыскердің  қоғамдық 
қауіптілігін  азайтады,  соған  сай  жауаптылық  мен  жазаның  дәрежесін 
төмендетеді.
 
Бап  санкциясы  шеңберінде  барынша  жеңіл  жаза  тағайындау  үшін, 
сондай
-
ақ  бап  санкциялары  шеңберінен  шығу  үшін,  тек  қылмыстық 
жауаптылықты  жеңілдету  жағына  қарай,  қылмыстық  жауаптылықтан 
толықтай  босату  үшін,  шартты  тұрде  соттауды  қолдану  үшін  жеңілдететін 
мән
-
жайлардың болуы қажет.
 
Кей  кездерде  сот  орындары  бұл  мәселелерді  ескермей  кетіп  жатады. 
Қазақстан  Республикасы  Жоғарғы  Сотының  бас  бостандығынан  айыру 
жазасын  қолдану  шараларын  шолуында  кейбір  соттардың  заңға  қайшы 
шешімдер  қабылдайтыны  айтылған.  Мәселен,  Қазақстан  Республикасы 
Қылмыстық Кодексі 188
-
б. 2
-
б. бойынша сотталған Г.К. Блетовтің ісі бойынша 
Мақтаарал  аудандық  соты  кінәсін  мойындау  және  шын  жүректен  опық  жеу, 
жастығы,  отбасылық  жағдайы  сияқты  жауаптылықты  жеңілдететін  мән
-
жайларды тізбелей келіп, ақыр соңында оларды жаза тағайындау кезінде есепке 
алмаған, сөйтіп ол кінәлі болып танылған баптың санкциясында көзделген ең 
жоғары жазаны тағайындаған.
 
Санкция шеңберінде жазаларды жеңілдету екі жақты жасалуы мүмкін:
 
а)
 
жазаның бір түрін барынша төмендету есебінен;
 
б)
 
егер санкция баламалы болса, онда сот жазаның екі немесе үш түрінен 
(санкцияда  олардың  қаншасы  қарастырылғанына  қарай)  ең  жеңілін  таңдауы 
мүмкін.  Соңғы  жағдайда,  сонымен  бірге,  таңдаған  жазаның  барынша  жеңіл
 
түріне жақындауға да жол беріледі.
 
Қылмыстық кодекстің 53
-
бабындағы жеңілдететін мән
-
жайлардың тізімін 
түпкілікті деп есептеуге болмайды, өйткені осы баптың 2
-
бөлігіне сәйкес жаза 
тағайындау кезінде басқа да мән
-
жайлар жеңілдетуші ретінде ескерілуі мүмкін. 
53-
баптың  3
-
бөлігінде  тұңғыш  рет  «Егер  жеңілдететін  мән
-
жай  Қылмыстық 
кодекстің  Ерекше  бөліміндегі  тиісті  бапта  қылмыстық  құқық  бұзушылық
 
белгісі ретінде көзделген болса, ол өзінен
-
өзі жаза тағайындау кезінде
 
қайтадан 
ескеріле алмайтындығы»
 
жөніндегі ереже бекітілді.
 
Төменде  аталмыш  кодекстің  53
-
бабында  көзделген  жауаптылық  пен 
жазаны төмендететін мән
-
жайларға тоқталып өтсек.
 

жүктеу 1,61 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   82




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау