67
10.5- сурет - МП-жүйенің жады картасы.
Жадыны ұйымдастыру мысалы төмендегі суретте келтірілген:
10.6-сурет. Жадыны ұйымдастыру мысалы.
Жады кристалдарының құрылымдары төмендегі суретте келтірілген:
10.7-сурет. Жады кристалдары құрылымының мысалдары.
Бақылау сұрақтары:
1.
Жады дегеніміз не?
2.
Адрестеу деп нені айтамыз?
3.
Статикалық есте сақтау құрылғысы дегеніміз не?
4.
Жады кристалдары дегеніміз не?
5.
Жадыны ұйымдастыру дегеніміз не?
1Кх1
1Кх2
256Кх4
512Кх8
D
A
13
…A
0
D
D
А
Оқ
ВК
П
С
Қ
Оқ
/Ж
А
ВК
О
С
Қ
А
ВК
О
С
Қ
Оқ
/Ж
A
15
…A
1
4
Дешиф-
ратор
68
11 МИКРОПРОЦЕССОРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Микропроцессор - ықшам ЭЕМ-нің жүрегі, ол орталық өңдеуші
құрылғының, немесе орталық процессордың (ОП-нің) ретінде жұмыс істейді.
Бұның іске асуы жартылай өткізгіштер технологиясының соңғы
жетістіктерімен, атап айтқанда, өте кішкентай ауданда күрделігі өте үлкен
электрондық тәсімдерді (схемаларды) орналастырып, ал қоректендіру қуатын
және әзірлеуге жұмсалатын қаражатын кемітіп істеуге болатындығымен
байланысты.
Микропроцессор рақамдық есептеу машинаның (РЕМ) орталық
процессорының ішіндегі қисындық тәсімдері сияқты тәсімдерге негізделген.
Бұл жағдайлардың екеуінде де бағдарламаның басқаруымен деректер үстінен
айлалы әрекет (манипуляция) пен есептеулерді орындау үшін рақамдық
тәсімдер пайдаланылады. Басқаша айтқанда, МП - деректерді өңдеу
құрылғысы. Стандартқа сәйкес, үйреншікті орталық процессордан МП-нің
айырмашылығы - МП рақамдық қисындық тәсімдері бір немесе бірнеше
үлкен интегралдық тәсімдермен (ҮИТ) іске асырылған.
Сірә, деректерді өңдеу - МП-нің басты бернелерінің бірі. Есептеуді
орындайтын тәсімдер арифметикалық-қисындық құрылғы (АҚҚ) деп
аталатын және оның жұмыс істеу нәтижесінде деректер өз мәндерін
өзгертетін
электрондық
құрылғыны
құрайды.
АҚҚ
орындайтын
коммандаларына жататындар қосу (Add), азайту (Subtract) , ЖӘНЕ (And),
НЕМЕСЕ (Or), салыстыру (Соmраrе), оң таңбалы өсімше (Increment), теріс
таңбалы өсімше (Decrement). Бұл амалдарды орындау үшін АҚҚ-ға деректер
керек. Мысалы, екі санның қосылу амалын орындау үшін бұл сандар тиісті
орындарында алдын ала орналасқан болуы керек. Бірақ АҚҚ деректер
орындарын ауыстыру жұмысын амал орындалғанға дейін де, орындалғаннан
кейін де іске асырмайды. Ол деректерді белгілі бір жерлерден тауып,
олардың үстінен тек жоғарда аталған амалдарды орындайды. АҚҚ соқыр
жонглер сияқты, яғни тек керекті заттары қолына түскесін ғана айлакерлігін
орындайтындай, жұмыс істейді. Соқыр жонглер бөтен адамның көмегісіз
керек-жарақтарын ала алмайды. Сол сияқты, АҚҚ да деректердің белгілі бір
орындарға орналасуын күтіп тұрады. Олай болса, өңделуге тиісті деректерді
АҚҚ қалай алады деген сүрақ туады.
МП ішінде, АҚҚ-дан тыс жақта, деректермен айлалы әрекет жасайтын
басқа да тәсімдер, сондай-ақ АҚҚ қолы жететін орындарға деректерді
жылжытатын тәсімдер бар, АҚҚ талап етілген амалдарды орындап болғаннан
кейін, бұл тәсімдер деректерді басқа адрес иелеріне жібереді. Жоғарыда
ескертілген жонглер керек-жарақтарын өзі өзгерте алмайтын болса, АҚҚ
деректерді өзгертетін амалдарды орындайды. Олай болса, деректерді қалай
өңдеу керектігін, мүмкін бола алатын амалдардың қайсысы орындалуға тиіс
екенін АҚҚ-ға кім хабарлайды?
Жүйені басқару дегеніміз - бұл да МП-нің басқа басты бернелерінің бірі.
Басқару тәсімдері бейнышандау және бағдарламаны (яғни деректерді өңдеу
69
үшін бұйрықтар жиынтығын) орындау мүмкіндігін береді. Басқару тәсімдері
бұйрықтарды бағдарламаның адымдарын сақтау үшін жады ішіне жазады да,
керегінде оларды оның ішінен біртіндеп шығарып алады. Жады ішінен
бұйрықты шығарып алғаннан кейін МП оны бейнышандайды. Сонымен
қатар басқару тәсімдері бейнышандалған бұйрықтың орындалу тәсірін
қадағалайда.
Бұйрықтар жады ішінде сақталанатындықтан, Сіз оларды қалауыңызша,
деректерді өңдеу түрін өзгертетіндей етіп, ауыстыра да аласыз. Жады ішіне
жазылатын бұйрықтар МП-нің болашақ жұмысын тағайындайды. Бұл МП
жұмысын дұрыс түсінудегі ен маңызды бір жағдай.
Жоғарыда қарастырылғанға қорытынды келтірейік.
1.
Микропроцессор көптеген құрылғылардың негізі - "жүрегі" болып
табылады, бірақ бөлек, өз бетімен жұмыс істейтін, түгелденген құрылғыға
МП жатпайды.
2.
МП екі міндет атқарады - өңдеуді және басқаруды. Өңдеуге
деректердің бір орыннан екіншіге ауысуы және олардың үстінен амалдарды
орындау жатады, ал басқару деректерді қалай өңдеу керек екенін анықтайды.
3.
МП жұмысы келесі адымдардан тұрада: басында бұйрық шығарып
алынады, содан кейін басқарудың қисындық тәсімі оны бейнышандайды,
аяғы бұл бұйрықтың орындалуы іске асырылады. Бұл қадымдар "іріктеме -
орындау" дүркіні деп аталады. Жады ішінде сақталынатын әрбір бұйрық
үшін МП осындай бір дүркінді орындайды.
4.
МП-нің басқару тәсімдері МП негізінде құрылған есептеу
жүйесінің басқа бір құрамдық бөліктерінің жұмысын басқара алады.
5.
Бұйрықтарды жады ішінен шығарып алу және оларды орындаудан
басқа, басқару тәсімдері бірқатар келесі маңызды функцияларды
- МП-ге қосылған сыртқы құрылғылармен ақпаратты алмасып тұруды іске
асырады.
6.
Қуаты қандай үлкен болып көрінгенмен, МП өзінен-өзі ешбір
жұмыс істей алмайды. Оған басқа құрылғылар жағынан көмек керек
болады. Бағдарламаның бұйрықтарын сақтау үшін және деректерді
МП ішіне енгізу үшін де тәсімдер қажет. Деректерді сақтау үшін үстеме
жады
талап
етіледі.
Сыртқы
қоректену
көзінен
МП-ге
қоректендіруші кернеу берілуі тиісті.
7.
Мысал ретінде МП негізінде орындалған қарапайым ойындарды
ала
тын болсақ, оларды іске асыру үшін деректерді қолдан енгізуге
арналған клавиштер жиынтығы және деректерді электронды-сәулелік түтік
экранында (дисплейде) кескіндеу үшін экранды пульт керек. Қоректендіру
көзі ретінде батарея болуы тиісті. Міне осылардың бәрі тұтас түрде белгілі
бір тұрқы (корпус) ішіне орналастырылған болу керек.