Амакринді жасушалары (нейрондар) -
қыстырма, интернейрондар (аралық) болып
саналады. Бұлардың аксондары болмайды, синапстары химиялық және электрлік
болып келедi.
4. Жүйке жүйесінің нейромедиаторлардың биохимиялық сипаттамасы
Химиялық синапс арнайы молекулалардың – нейротрансмиттерлердің көмегімен
сигнал беруді жүзеге асырады.
Нейротрансмиттер-бұл нейронға синтезделетін және жинақталатын, жүйке импульсін
өткізген кезде шығарылатын және постсинаптикалық мембранамен байланысқан
қосылыс, онда ол деполяризация және гиперполяризация арқылы постсинаптикалық
жасушаны белсендіреді немесе тежейді.
|