Горизонтальды нейрондар -
бір немесе екі қатар болып орналасады. Бұлардан
тараған көптеген дендриттерi фоторецепторлы нейрондардың аксондарымен
байланысады. Аксондары горизонтальды бағытта өтіп барып, фоторецепторлы
нейрондардың аксондарымен синапс түзеді. Тітіркену реакциялары бұл нейрондарда
(нерв импульсі аз да болса тежеледi) уақытша блокада жасалады. Ал бұл болса көру
қабілетін (контраст) күшейтеді.
Биполярлы нейрондар -
фоторецепторлы және ганглионарды нейрондармен
байланысады. Бірнеше таяқша нейрондар бір ғана биполярлы нейронмен, ал қолба
тәрiздi нейрондар 1:1 қатынасында байланысқа туседi. Мұндай байланыста қара
және ақ түсті заттардың салыстырмалы айыру ерекшелігі өте жоғары болады.
Достарыңызбен бөлісу: |