Сакралды бөлімінің шеткі бөлігі II-IV сегізкөз
нервтерінің алдыңғы түбіршіктері, одан
әрі олардың алдыңғы тармақтары құрамында кіші жамбас астауына кіріп plexus
sacralis-ты (анималды өрім) түзетін талшықтардан тұрады. Олар бұл жерде өрімнен
бөлініп, nn. splanchnci pelvini plexus hypoglastricus inferior-ға барып, сонымен бірге
жамбас астау қуысындағы: colon sigmoideum мен тік ішекті, несепқуығын, сыртқы
және ішкі жыныс мүшелерін нервтендіреді. Nn. splanchnici pelvini тітіркендіруінен тік
ішек пен несеп қуығы - m. detrusor vesicae - жиырылып, олардың қыспақтары
босаңсиды. Симпатикалық кұрсақтылығы өрім талшықтары бұл мүшелердің босауын
тежейді; олар жатырдың жиырылуын қоздырады да, ал nn. splanchnici pelvini оны
тежейді.
Достарыңызбен бөлісу: |