Құрылысы
.
Нұрлы кабактын терең кабаты:
а) дәнекер тіндi, стрoмa, sroma iridis;
ә) еттiк кабаты бiрыңғай салалы шеңбер бағытта орналасып, жарыктан карашықты
тарылтушы еттік кабатпен, m.sphincter pupile, керiсiнше, карангыда қарашыкты
кеңейтіп, тор кабыкшага карай өтетін, сәуленің мөлшерін арттырып, карашыкты
кеңейтушi еттiк қабаттан, т. dilitator pupila, тұрады.
Нұрлы қабықтын еттiк кабатының әсерінен, карашыктын жылдам, ерiксiз, бірде
тарылып, бiрде кеңейуі, бiр-бiрiне бағынышты рефлекторлы әрекет.
Бұл рефлекторлы жағдай кiрпiктi дененің еттік қабатына тәуелді.
Қызметі: торлы кабықшаға түсетін мөлшерден тыс сәулеге тосқауыл жасау.
2. Кiрпiктi дене corpus ciliare, тамырлы кабыкшанын туындысы болып саналады.
Ол тамырлы қабышаның нұрлы бөлігі мен меншікті тамырлы белiгiнiн аралығында
орналаскан.
Кiрпiктi дене орналасуына карай:
a) мөлдiр кабыкпен және ак кабықшамен жалғасып, калындау және жұмырлау келіп,
шеңбер бағытта орналаскан, алдыңғы бөлігінен және;
ә) артқы жиегі сәуле бағытта орналасқан кірпікшелі шеңберден, orbiculus ciliaris
Тұрады. Кірпікшелер, processus ciliares, ол 70 ке жуық акшыл түстi, сәуле бағытта
орналаскан кірпікшелерден тұрады.
Құрылысы.
Кірпікті дененiң терең кабаты бойынан мөлдiр ылғалды белiп шығарушы бөлікпен,
алыстағы және жақындағы денелерді анық көруге көмектесушi аккомадициялық
бөлiктерден тұрады:
1. Бойынан мөлдір ылғалды сұйықты бөліп шығарушы бөлiк, ол кірпікшенің терен
кабатында орналаскан тамырлы өрiмдерден, plexus chorioideus, тұрады.
Кызметі: бойынан бөліп шығарылатын, мөлдiр ылғалды сұйыктык аркылы шыны
тәрiздi денемен көз бұршағын және мөлдiр кабыкты коректендіру.
2. Кiрпiктi дененiн аккомадициялык немесе еттiк кабатына келсек, ол:
а) сырткы-меридионалды еттiк талшыктардан, fibrae longitudinales;
ә) ортанғы-сәуле бағытта орналаскан еттiк талшықтардан, fibrae radiales;
б) ішкі-шеңбер бағытта орналаскан еттiк талшықтардан, fibrae circulares, немесе
бірынғай салалы еттерден, m. ciliares және;
сәуле және шеңбер багытта орналаскан еттiк қабаттан тұрады.
Бұл еттiк кабаттын мөлдiр байламдары немесе зонасы, zona ciliaris, көз бұршағынын
барлык жағынан көмкерiп, көзбұршағының қапшығын, capsula lenhs, кұрайды.
Қызметі: кірпікті дененің еттік кабаты ның әртүрлі бағытта: бірде босап, бірде
жиырылу әсерінен, көздiң бұршағының сыртқы пішінінің өзгеру нәтижесінде
алыстағы иә болмаса, жакындағы бейнелерді, анық көруге ықпал етеді. Бұл
кұбылысты аккомадация деп атайды.
3. Тамырлы кабыкшанын, меншiктi белi гi, chorioidea, ол кiрпiктi дененiн арткы кап
талынын тiкелей жалғасы болып саналады.
Кірпікті дене мен меншікті тамырлы қабықшаның аралық шекарасы, ол кірпікті
дененің артқы тісшеленген жиегі болып саналады.
Меншікті тамырлы қабықшанын сырткы ақ немесе фиброзды кабықшаға қараған
барлык дерлік беті пигменттік эпителиймен, epitelium pigmentum, көмкерілген
тамырлы үстілік табақшамен, lamina suprachorioidea, жауып орналаскан.
Сонымен қатар, тамырлы кабықша ак не месе фиброзды қабықшадан, тамырлы
капиллярлы куыстык, spatum perichorioideale, аркылы шектелген.
Құрылысы.
Меншікті тамырлы қабықшаның терең қабаты;
a) эластикалық дәнекер тіндерден және пигменттік қабаттан;
ә) көру нервінің дискiсi, discus n. ophсі, аркылы өтіп, меншікті тамырлы кабыкшанын
бойында орналаскан, кантамырлардың капиллярлы табақшаларынан, lamina choroido
capillaris, тұрады.
Қызметі: тамырлы кабықшаның туындыларын (косалкаларын ) қанықтыру. III. Көз
алмасының торлы қабықшасы.
Көз алмасынын сезімтал торлы кабыкшасы, tunica interna (sensoria) bulbi seu rehna, ол
тамырлы кабыкша мен шыны тәрізді дененің аралығында орналаскан кұрылысы мен
қызметi өте күрделі құрылым.
Топографиясы.
Торлы қабықша, топографиялық орналасуына және аткаратын қызметіне байланысты:
а) сәулені қабылдаушы арткы оптикалық бөлiк, pars ophca, пен;
ә) шағын келіп алдында орналасып, сәулені сезгіш элементтерi жок бөліктен тұрады.
Құрылысы.
А. Торлы қабықшанын оптикалық немесе сәулені сезгiш артқы бөлігі, pars ophca rehna,
кірпікті дененің тісшеленген жиегiне, ora serrata, дейінгі аралықта орналасқан.
Торлы қабықшаның бұл бөлігі, тек микроскоп аркылы айқын байқалатын 2 қабаттан:
а) тамырлы кабықшамен беттесіп орналаскан арткы кабаты немесе бөлiгiнен, pars
pigmentosa, және;
ә) ішкі сезімтал нервтік бөліктен, pars nervosa, тұрады.
Сезімтал нервтік бөліктің өзі бір-бірімен синапстар аркылы байланысқан 9 нервтік
кабаттан тұрады.
Оларға тоқталар болсақ:
1. Рецепторлы немесе фотосенсорлы кабаты, stratum photosensorium, ол сәуле сезгiш
рецепторлық таяқшалар мен сауытшалардан тұрады. Олар торлы кабықшаның
пигменттік кабатымен беттесіп орналаскан.
Сәуле пигменттік кабаттан рецепторларға жету үшін, торлы кабықшаның басқа
кабықшалардың аралығынан өтуi тиiс.
Торлы қабықшаның сәулені сезгiш рецепторлары таяқша мен сауытша түрінде
оргаласқан. Оларға тоқталар болсақ:
1. Рецепторлы таякшаның құрылысына келсек, ол жарыкта түсi өзгермелi кара-
қошқыл, қызыл түстi пурпурдан тұрады.
Таяқшаның құрамындағы пигменттердің болуы, пигменттік кабаттка байланысты, ол
сауытшаның құрамында жок.
Сауытшалар тор кабыкшанын сары нүктесiнде шоғырланған. Сол себепті, сары нүктені
сәуленi сезгiш нүкте деп аталуы сол себептi. Құрамы сәуле сезгiш-родопсиннен
тұрады.
2. Сырткы глиалдi шекаралык табакша, membrana limitans glia externum;
3. Сырткы ядролык кабаттан, stratum nu clearis externum;
4. Сырткы торлы кабаттан, stratum plexi
forme externum;
5. Iшкi ядролык кабаттан, stratum nucle are internum;
6. Iшкi торлы кабаттан, stratum plexifor me internum;
7. Ганглиозды кабаттан, stratum ganglio nare;
8. Нервтің талшыкты кабаты, stratum neurofibrarum;
9. Iшкi шекаралык кабат, stratum limitans internum, тұрады.
Сонымен катар, торлы кабықшанын се зiмтал оптикалык белiктiн орталык бөлiгiнде
овал тәрiздi көтерiңкi немесе көру нервінің дискісі, discus nervi ophci орналасқан.
Ол мултиполярлы нерв жасушалардын сезімтал-афференттік нерв талшыктарының,
көз алмасынан шығып, көру нерві сабағына ұласкан орыны болып саналады.
Көру нерві дискiсiнiн орталык бөлігінде, дискінің шұңқыршасы, excavaho disci, орна
ласкан. Ол тамырлы кабыкшанын кантамырлар кiретiн және шығатын орыны болып
саналады.
Көру нерві дискiсiнiн манында сәулен сезгіш жасушалардың жоқтығына байланысты
соқыр нүкте деп атайды. Сонымен қатар, соқыр нүктенің бүйір
капталында, 3-4 мм-дей қашықта сары нүкте, macula luteum, орналасқан. Ол көру
нервісінің сәулені сезгiш немесе сауытшаның шоғырланған жерi болып саналады.
Ә. Торлы кабыкшаның алдыңғы бөлігі, ол торлы кабыкшанын оптикалық немесе
жарыкты сезгiш белiгiнiң тiкелей жалғасы болып саналады. Бұл бөліктің құрамында
сәулені сезгіш, сезімтал нерв жасушалары жок.
Орналасуына карай: нұрлы және кірпікті бөліктен тұрады.
Ә. Көз алмасының ядролары. Көз алмасының ядролары немесе сәулені
бойынан сындырып өткізуші ағзаларға: шыны тәрізді дене, көздің бұршағы және көз
алмасынын алдыңғы, арткы камералары және камералардың аралығындағы мөлдір
ылғалды мөлдір сұйықтық жатады.
Қызметі: жарыкты сындырып, торлы қабықшаға қарай бағыттаумен қатар, мөлдір
сұйыктык оларды коректендіру міндетін атқару.
1. Шыны тәрізді дене, соrpus vitreum, қоймалжың, мөлдір шыны тәрізді дене.
Топографиясы.
Алдынғы беті көздiн бұршағынын арткы бетімен беттесіп орналаскандықтан мұнда:
a) алдында, деңгелек бұршактык ойыс,
fossa hyoidea;
ә) арткы бетi, торлы кабыкшамен беттесіп орналаскан.
Құрылысы:
Шыны тәрізді дененің сыркы бетi оте жұқа шыны тәрізді, мөлдір жарғақпен,
membrana vitrea, жауып орналаскан.. Терең кабаты, қантамыры мен нервтерсіз,
мөлдір коймалжың стромадан тұрады.
Қызметі: бойынан сәуленi торлы кабык шаға қарай өткізін коймай, торлы кабыкшаны,
тамырлы кабықшаға карай итеріп, тіректiк қызмет атқару.
2. Көздiң бұршагы, lens, өте мелдiр, сәуленi сындырып, тор кабықшаға өткiзушi және
кантамырлары жок оптикалық кұрылым.
Сырткы корінісі.
Сыртқы пішіні, жасымыққа (черевицаға) ұксап орналаскан.Дөңес келіп, орналаскан
алдынгы беті, facies anterior lenhs мен артқы бетi, facies posterior lenhs, және көз
бұршағының экваторы ажыратылады.
Сонымен катар, орталық бөлігінде алдынғы беті мен арткы бетінің аралығында:
а) көз бұршағынын алдынгы, арткы полюстерi, polus anterior et posterior, және;
ә) полюстердің аралығын өзара бір-бірі мен жалғастырушы көз бұршағының білігі, axis
lenhs, орналаскан.
Көлемі калыпты жағдайда 3,7 мм болса, алыстан карған кезде, көлемі 4,4 мм,
аккомадация немесе жиырылған кезiнде жиырылып дөңестелінеді.
Топографиясы.
Көз бұршағының алдыңғы және арткы беті, өте жұқа, кұрылымсыз мөлдір
капсуламен, capsula lenhs, капталған. Ол кірпікті дененің тік бағытта орналаскан өте
мөлдір байламының немесе белдеушесінің, zonula ciliaris, тікелей жалғасы болып
саналады.
Екi жак белдеушенiн аралыгында немесе Петитив атты куыстык, spaha zonularia,
орналасқан.
Бұл құрылымнын негізгі қызметі, көз бұршағын тік бағытта ұстап қоймай,
аккомадация кезiнде көз бұршағынын сырткы пішінінің өзеруiне катысады.
Құрылысы.
Көз бұршағының терең қабатының:
а) беткей болігі, өте мөлдір мердианалді бағытта бойлай орналаскан, дәнекер тінді
эпителиалді талшыктардан, fibrae lenhs, және;
2) орталық бөлігі ядросынан, nucleus lenhs, тығыздау келiп, шеткі жағында орналаскан
кыртысты, cortex lenhs, белігінен тұрады.
Қызметі: сәулені сындырып, бойынан торлы кабықшага карай өткізу.
Түсi калыпты жағдайда өте мөлдір болса, 50 жастан асқаннан кейiн, тұздалуына
байланысты катаракт ауруына шалдығады.
3. Көз алмасынын камералары.
Кездін алмасынын шыны тәрiздi денесi мен кездiн бұршағы және мөлдір кабыкты
коректендіруші кантамырлары, болмаган дыктан, оларды коректендiрушi мелдiр ыл
галды сұйыктык, humor aquosus, аркылы коректендірілуі сондыктан.
Сол себепті, көз алмасының құрамаларын коректендiрушi мөлдiр сұйык орналасып,
карашык, papilla арқылы өзара жалгаскан, алдыңғы және арткы куыстығы, немесе
камералары ажыратылады.
Топографиясы.
Оларға токталар болсак:
a) көздiң алдынғы камерасы, camera anterior bulbi, ол мелдiр кабык, cornea, пeн
нурлы кабыктын, iris, аралығында орналасса;
ә) арткы камера, camera posterior bulbi,
ол алдында нұрлы кабык пен артында көздің бұршағымен және кiрпiктi дененiң,
белдеушесiмен, sonula ciliaris, шектелген.
Бұл куыста көз алмасының ядроларымен мөлдiр қабықты коректендiрушi көз
алмасынын коректiк ылғалы орналаскан.
Көз алмасынын, бұл ылғалды сұйыктығы, humor aquosus, ол кiрпiктi дененiн
кiрпікшелерiнде, processus ciliares пайда болады.
Қызметі: құрамы коректік заттарға өте бай, мөлдір сұйыктык. Түсі өте мөлдiр
болгандыктан, бойынан сәулені өткiзiп коймай, заттарга бай болғандықтан,
оптикалық құрылымдарды коректендіру.
Көздің мөлдір ылгалды сұйыктыгынын өту жолдары.
Оптикалық құрылымдарды ылғалды сұйыктык аркылы коректендіру кезiнде, зат
алмасу процесінін негізінде пайда болған керексiз өнiмдердiң өту жолы өте күрделі.
Бұл керексiз өнiмдер, (тұздар т.б.):
а) біріншіден, ағзалардан жинақталған
керексiз өнiмдер, ол шыны тәрізді денемен кiрпiктi дене белдеушесiнiн
аралығындағы куыска, spaha zonularia, немесе Петитив аралығына багыт алса;
ә) екіншіден, одан әрi, көз алмасының арткы камерасына, одан әрі, карашык аркылы
алдынгы камерага етеді.
б) үшіншіден, алдынғы камерадан мөлдір сұйықтык, одан әрі, мөлдiр кабык пен
нұрлы кабыктын жалғасқан бұрышындағы, angulus iridocornealis, таракты байламның,
lig.pechnah, аралығындағы фонтан куысына, одан әрі ворикоза венасына, v. vorhcosa,
етеді.
Мелдiр ылғалды сұйықтықтын ету жолынын тарылуы, құрамындағы минералді
тұздардың әсерінен, көз алмасынын кысымының артуына немесе су карангы
«глаукома» ауруына әкелiн соғады. Бұл касірет әсіресе 50 жастан кейiнгi кезендерде
жиі байкалады.
Б. Көру мүшесiнiң косалкалары.
Көз алмасынын косалкаларына: а) кез алмасының бұлшықеттері; ә) көз жас безі; б)
кезжас-мұрын өзегі; в) көздiн кабағы мен кірпікшелері жатады.
А. Көз алмасынын бұлшықеттері.
Көз алмасынын бұлшыкеттерi. mm. bulbi, ол кѳру нервiнiн жалпы фиброзды
сакинасынан, anulus tendineus communis, басталып, көз алмасының экваторына
барып бекіп, әрбір бұлшыкет, көз алмасын өз жағына карай, козгалыска келтiрушi: 4-
тік және көздің жоғарғы қабағын көтеруші бұлшыкеттерден және екi киғаш
бұлшыкеттерден тұрады.
Жалпы саны 7 ерiктi бұлшыкеттерден тұ рады.
Оларға:
1. Жоғарғы тік бұлшыкет, м. rectus superior, кору нервiнiн фиброзды сакинасынан
басталып, көз алмасынын экваторынын жоғарғы бетіне барып бекiніп, көз алмасын
жогары карай тарту.
2. Көз алмасынын төменгi тiк бұлшыкеті, m. rectus inferior, ол да көру нервiнiң
фиброзды сакинасынан басталып, көз алмасынын экваторының төменгі бетіне бекіп,
көз алмасын төмен бағытта козғалыска келтіру.
3. Көз алмасынын медиалдi тiк бұлшық етi, m. rectus inferior, ол да керу нервінін
фиброзды сақинасынан басталып, көз алмасының медиалді капталына барып бекиді.
Қызметі: көз алмасын ішке карай тарту. 4. Көз алмасынын латералдi тік бұлшык етi, ол
да, көз алмасынын фиброзды сакинасынан басталып, көз алмасынын экваторына
барып бекиді.
Қызметі: көз алмасын сыртка карай тарту.
5. Көздің жоғарғы кабагын көтеруші, бұлшыкетi, m. levator palpebrae superior, ол да
көру нервiнiн фиброзды сакинасынан басталып, кездiн жоғарғы кабагынын фи
брозды табакшасына, tarsus superior, барып бекиді.
Қызметі: көздің жоғарғы қабағын көтеру. 6. Жоғарғы қиғаш бұлшыкет, м. obli guus
superior, ол да көру нервiнiң фиброзды сакинасынан басталып, алга карай көз
шарасынын медиалдi капталындағы, шығырлық шұңқыршаның fovea trochlearis,
тұсында жұмырлау келген сiнiрiне ұласады.
Бұл бұлшыкеттiн сiнiрi, одан әрі шығырлык кылканды, spina trochlearis, медиалдi
жағынан орай өтіп, көз алмасынын ак кабыкшасынын экваторына барып бекиді.
Қызметі: көз алмасын сыртка және артка карай айналдыру.
7. Көз алмасынын, төменгі қиғаш бұлшыкетi, m.obliguus inferior ол көз алмасынын
баска бұлшыкеттерінен айырмашылығы, көз шарасының төменгі бетінен басталып,
латералді бағытта өтіп, көз алмасы нын экваторының төменгі бетіне барып бекиді.
Қызметі: көз алмасын ішке карай айналдыру.
Көз алмасынын бұлшықеттерінің нервтендірілуі.
1. Көз алмасының жоғарғы қиғаш бұл шыкеті, м. obliguus superior, IV-жұп шығыр ми
нервi, n. trochlearis, нервтендіріледі.
2. Латералдi тік бұлшыкегi, m.rectus lateralis, VI-жұп әкеткіш ми нервiсi, n. abduccenhs,
аркылы нервтендіріледі.
3. Көз алмасынын калган бұлшыкеттері, III-жұп көз-қимыл ми нервiнiн, п. oculoma
torius, арқылы нервтендiрiледi.
Ә. Көздің қабағы. с
Көздiн кабақтары, palpebrae seu blepharоп, ол көз алмасын жауып орналаскан
жоғарғы және төменгі көз кабағынан, palpebra superior et inferior, тұрады.
Кызметі: көз алмасынынын алдынгы бетін жауып, қорғаныштық қызметін аткару.
Сырткы көрінісі.
Көздін кабағы, көз шарасынын жоғарғы жиегiнiң тұсында, көздiн касына, super ci lium,
ұласады. Олар бір-бірінен көздің көлденен бағытта орналаскан санылауы, rima
palpebrarum, аркылы шектелген.
Көздін кабағынын дөнестеу келген алдыңғы және көз алмасына карап, ойыстау
келген арткы бетi ажыратылады. 1. Алдынғы бетi, facies anterior palpebrae,
дөнестеу келіп, сырткы беті жұқалау келген терімен және терiнiн нәзік келген,
түкшелермен жауып орналасып коймай, терең кабатында, май терi бездерi
орналаскан.
Көздiң кабағынын шеміршектік табақшасы жинактала келе, көз шарасынын медиалді
және латералді капталына қарай өтіп, көз қабағынын медиалдi және латералдi
байламына, lig. palpebrale mediale et laterale ұласады.
Шеміршекті табақшаның алдыңғы және арткы жиектерi, limbus anterior et posterior,
ажыратылады:
а) алдыңғы жиегiнiн бойында, 2-3 катарлы кірпіктері, cilia, орналасса;
ә) артқы жиегінің бойында, шеміршекті табакшанын мейбомиев атты май бездердiң,
glandula tarsales, тесікшелерi айкын бай калады. Мұндай бездер, көздің жоғарғы ка
бағында 30-40, төменгі қабакта 20-30-дай орналаскан.
Қызметі: көздің шырышты қабықшасынын бетін ылғалдап, үйкелісті жеңілдету. 2. Көз
қабағынын ішкі беті, дәнекер тінді, эпителиалдi кабыкшамен, tunica conjunc hva,
көмкерілген.
Эпителиалді кабыкша: а) көз кабағынын бөлiгi, pars conjunchva palpebrarum, мен; ә)
көз алмасын жауып орналаскан бөлікке, pars conjunchva bulbi, бөлінеді.
Жоғарғы және төменгі қабақтын конъюнктива кабықшасынын кабактык бөлігі,
алмасына ұласкан жерінде терендеу келіп, орналасқан жоғарғы және төменгі күмбезі,
fornix conjunchva superior et inferior, орналаскан.
Бұл куыстык, терендеу келiн орналаскан дыктан капшығын, saccus conjunchva,
құрайды.
Сонымен катар, көз алмасынын коньюнктивасы: а) латералдi бұрышында жарты ай
тәрiздi катпарды, plica semilunaris con junchva немесе омырткалы жануарлын
жыпылықтаткыш, үшінші кабактын калдығын құраса,
ә) медиалдi белігі, ойыстау келген көз жас көлінін шункыршасын, lacus lacrima lis,
құрайды. Мұнда: а) көзжас бүртігі, саruncula lacrimalis; ǝ) көзжас өзекшесінін
тесiкшелерi, punctum lacrimale, орын тепкен.
Б. Көзжас аппараты.
Көзжас аппараты, apparatus lacrimalis, топографиялык орналасуына карай:
a) көзжас безінен; ә) көздiн жасын коньюнктивалдi капшыкка өткiзушi өзекшелерден;
б) кезжас капшығы және мұрын-көзжас өзекшесінен тұрады.
I. Көзжас безі.
Көзжас безi, glandula lacrimalis. кұрылысы мен аткаратын кызметіне байланысты
күрделі түтікті-алвеоларлы бездердiн катарына жатады.
Топографиясы.
Ол көз шарасының жоғарғы латералді бұрышындагы көзжас ойысында, fossa glandula
lacrimalis, орналаскан. Жоғарғы беті көз шарасының жоғарғы бет маление, томенгi
беті, көз алмасының жоғарғы тұсымен беттесіп орналаскан.
Құрылысы. Көз жас безi, көздiң жоғарғы қабағын көтерушi бұлшыкетi, m. levator
palpebrae superioris, аркылы:
a) үлкендеу келіп жоғарыда орналаскан көздік бөлік, рars orbitalis, пен; ә) кішілеу
келіп, төменде орналскан кабактык бөлікке, pars palpebralis, бөлiнедi. Оларға тоқталар
болсақ:
1. Көздік бөлігi, pars orbitalis, ол көздің шарасының жоғарғы беті мен көздің жоғарғы
қабағын көтеруші бұлшықеттің аралығында орналасқандықтан, дөңестеу кел ген
жоғарғы, ойыстау келген төменгі беті, ажыратылады. Бездiн бұл белігі тығыздау
келген алдыңғы-артқы көлденен ені 10-12 см, ұзындығы 20-25 см.
2. Көзжас безінің қабақтық бөлiгi, pars palpebralis, ол шағын кішілеу келiп, көздің
алмасы мен көздің кабағын көтеруші бұлшықеттің аралығында конъюнктива
капшығының астында орналаскан.
Көлденен ені 8 мм, калындығы 2 мм, бойлық ұзындығы 9 см, 15-20 ұсак бездер ден
тұрады. Көзжас безінің сыртка бағытталған түтікшелерi, ductuli excetorius, ол алға
және төмен қарай өтiп, коньюнкти ва капшығында 15-20 тесікшелер аркылы
ашылады.
Қызметі: көздің жасын түзу.
Жастың құрамы, қызметі. Көзжастың құрамы өте күрделі, көздің кабагы жыпылыктату
кезiнде, мелдiр кабыкты ылғалдап, коректендiрiп қоймай, құрамындағы катехоламин
гормондары аркылы нерв жүйесiнiн кызметiн реттеу кызметiн аткару.
Адамнын киналып, жылаған кезден кейiн, адамнын көңiлiнiн тыныш табуы немесе
жыламаған жағдайда, адамнын нерв ауруына ұшырауы сол себептi.
Көз жастың өту жолынын топографиясы. Көздiн жасы, көздің мөлдір кабығын
ылғалдаумен катар, мөлшерден артык көздiн жартысы көз шарасынан сыртка карай
акса, жартысы көздiн медиалдi бұрышындағы козжас келiне, lacus lacrimalis карай
өтеді.
Көзжас көлiнен узындығы, 1 см-дей, ету жолы 0,5 мм. Көз көліндегі көздiн жасы,
бұрыш құрап орналаскан, көз жас өзекшесі, canaliculi lacrimales, арқылы көзжас
капшығына карай бағыт алады.
II. Жас қапшығы, saccus larimalis, жас капшығынын сүйектік шұңкыршасында, fossa
sacci lacrimalis, орналаскан. Сырткы пішiнi капшык тәрiздi куыстык. Ол жастын
коймасы болып саналады.
Көзжас капшығының жоғарғы бөлігі. күмбезінен, fornix sacci laccrimalis, теменде
жiнiшкелеу келiп, мұрын-жас өзекшесіне, canalis nasolacrimalis, ұласкан бөлігіннен
тұрады. Көзжас капшығынан жастын, lacri ma, мұрын-жас өзекшесі, canalis nasolacri
malis, аркылы мұрын куысына етуі, жас бұлшыкетінін, m. lacrimalis, кызметiне
байланысты.
III. Мұрын-жас өзекшесi, canalis naso lacrimalis.
Топографиясы.,
Ол көзжас капшығынын тікелей жалғасы болып саналады. Бұл өзекше, мұрын
куысынын өзі аттас өзекшесiнiн, canalis naso lacrimalis, бойында, тік бағытта
орналасып, мұрын қуысының төменгі өту жолдында келiп ашылады.
Қызметі: көзжас капшығын мұрын куысымен жалғастырып коймай, көзжас
капшығынын iшiндегi калыптан тыс жасты, мұрын куысына карай өткізу.
Жаска байланысты ерекшеліктері.
Жас балаларда, бул өзекшенiң өту жолы тарылып, жастын көз шарасынан тыс, сыртка
карай етуi жиi байкалады.
Көздің анализаторлары және олардың өткізгіш жолдары. Топографиясы.
Кору нервісінің өту жолы, өте күрделі рефлекторлық жағдай. Тор кабықшаға түсетін
сәуле бастапкы кезде, сәулені, сындырып бойынан өткізуші, өте мөлдір орталыктан:
мөлдір кабык, шыны тәрiздi дене мен көздің бұршағынан және алдынғы, арткы
камерада орналасқан ылғалды сұйыктық арқылы өтуі шарт.
Тор қабықшаға түсетін сәуленің мөл шері:
а) біріншіден, қарашықтың ашық сәуле өткенде тарылып, күңгірт сәуле өткенде
ашылуы:
ә) екіншіден, көз бұршағының алыстағы, жакындағы бейнелерді немесе сәулені өткізу
қабілеттілігі және көз бұршағыНЫҢ сыртқы пішінінің өзгеруі, нұрлы кабык пен кірпікті
дененін еттiк қабатынын рефлекторлы турде жиырылуына тікелей байланысты.
Көз бұршағының мұндай өзгермелі касиетiн аккомадация деп атайды.
Негізгі қызметі: сәулені бойынан өткізіп коймай, аккомадация кезінде бойынан өтетін
сәулені сындырып, сәулені тор кабықшаның сары нүктесіне бағыттау.
Сонымен қатар, көздін он және сол жақ тағы бейнелерді көру кабілеттілігі, көз
алмасын козғалыска келтіруші, бұлшықеттерге тікелей байланысты. Оларға тоқталар
бол сак:
а) біріншіден, алыстагы бейнелердi кара ғанда, екі көздің көру бiлiгi, axis ophcus, бір-
біріне жақындатып, екi көздің бірдей көруіне ыкпал етсе;
ә) екіншіден, жакыннан қарағанда, екі көздің білігін жакындатып, жакыннан көруі не
жагдай жасайды.
Екi жак көздiн мұндай касиетін конвергенция деп атайды.
КӨРУ МИ НЕРВІ
II жұп көру нервi, n.ophcus, кұрылысы мен аткаратын қызметi өте сезімтал нерв. Көру
нервісі бойынан жарыкты қозуларды өткізетін болғандықтан, сезiмтал-соматикалык
нерв талшықтардан тұрады.
Көру нервісі эмбрионалдык даму кезінде, алдынгы ми көпіршігінің туындысы
болгандыктан, түйiндерi жок және көз алмасынын торлы кабыкшасынын, сезiмтал
мультиполярлы нерв жасушалардын есiндiлерi болып саналады.
Топографиясы.
Бұл нерв, көздің алмасынан шыкканнан соң, сауытының ішіне көру нерві ми өзекшесi,
canalis ophcus, аркылы ми сауытына өтеді. Ми сауытының ішіне кіргеннен кейін, көру
ми нервінін талшыктары жартылай айкасу нәтижесінде, бұл нервтiн айкасын, chiasma
ophcum, құрап. одан әрi оның жолы, tractus ophcus, аркылы кыртысасты және
кыртысты айкындаушы аймакка багыт алады.
Кору нервісінің кыртысасты орталығы, ол:
a) аралык мидын латералді иiнi, corpus geniculatum laterale, мен;ә) ортаны ми
жамылғысының жоғарғы темпешiгi. collicu lus superior seu rostralis, мен; б) керу
төмпешігінің жастығында, pulvinar thalami, орналаскан.
Көру нервінін кыртысасты аймакта жартылай айқындалған сәуле түбегейлi, толык
айкындалуы үшін мидың шашыранды тәжı, corona radiata, аркылы ми жартышарының
топшылық жүлгенің, sulcus calcarinus, бойындағы кыртысты аймакка багыт алады.
Қызметі: алуан түрлi жарыктын бояуы мен бейненiн көрiнiстерiн толык айкындау.
Достарыңызбен бөлісу: |