I. Көз алмасынын фиброзды қабықшасы. Көз алмасынын фиброзды қабықшасы,
tunica fibrosa bulbi, ол көз алмасының сырткы бетін жауып орналасып қоймай,
қорғаныштық немесе тіректік қызмет атқарады.
Қалыңдығы 1—2 мм-дей.
Топографиясы.
Ол алдында сағаттың шынысына ұқсап, сыртқы беті дөңестеу келіп орналасқан
мөлдір қабықшага, corneae, ұласса, артын да көз алмасынын ақ қабықшасына, sclera
ұласады. Аралық шекарасы шеңбер бағытта орналаскан жүлге, sulcus sclera, арқылы
шектелген.
Құрылысы.
Олардың кұрылысы мен қызметiне тоқталар болсақ:
а) мөлдір қабық, cornea, oл ақ қабықшаның немесе склераның тiкелей жалғасы болып
саналады. Мөлдiр кабык пен ақ қабықтын (склеранын), аралық шекарасы, склеранын
терең қабатында шеңбер бағытта орналасқан веналык немесе Шлемов атты койнау,
sinus venosus sclerae, болып саналады.
Мөлдір кабыктын сырткы пішіні сағаттын шынысына ұксап, дөңгелек бағытта
орналасқандықтан, сырткы беті дөңестеу, ішкі беті ойыстау келiп орналаскан, өте
мөлдір табақша.Терең қабаты дәнекер тіндерден құралған.
Қызметі: сәулені бойынан өткізіп және сындырып тор кабыкшага карай бағыттау. ә)
көз алмасынын ак кабыкшасы, sclera, тығыз келiп, ак түсті дәнекер тіндерден құралған
қабықша. Бұл қабықшаның, алдыңғы бөлігі мөлдір қабықшаға ұласса, арткы бөлігі
көру ми нервісінін, п. ophcus, сабағының қынабын кұрап, көру нерві озекше сінің
кіреберіс тесiгiнiң тұсында, көз алмасының бұлшықеттері басталатын, сiнiрлi
сақинаны, anulus tendineus communis, кұрайды.
Қызметі: көз алмасының тірегін және көру нервісі сабағының қынабын құрап қоймай,
көз алмасының көпшілік бұлшықет терінің басталар жерi болып саналады.
II. Көз алмасынын тамырлы қабықшасы. Көз алмасынын тамырлы қабықшасы, tunica
vasculosa bulbi, негiзгi кантамырлардан тұратындыктан, тамырлы қабықша деп
аталады. Ол көз алмасынын фиброзды кабықшасы, tunica fibrosa bulbi, мен
орналасқан.
Бұл қабықша орналасуына, кұрылысына және атқаратын қызметіне байланысты үш
бөліктен:
а) алдыңғы бөлігі нұрлы кабықтан, iris; ә)ортаңғы бөлігі кірпікті денеден, corpus cil
iaris, және;
б) артқы бөлігі меншікті тамырлы қабықшадан, chorioidea, тұрады. Оларға тоқталар
болсак:
1. Нұрлы қабык, iris, ол тамырлы кабыктың алдыңғы бөлігі болып саналады(№242
cyper)
Достарыңызбен бөлісу: