4. Жүйке тінінің құрамының ерекшеліктері.
Мидың өзі сұр және ақ заттан құралған. Сұр зат ми қабығы деп аталады және жүйке
клеткаларының негізгі бөлігі осы заттан тұрады. Ми құрамында қант аз. Сондай-ақ
0,1% қана гликоген бар. Сондықтан да миға қан арқылы глюкозаның үнемі келіп тұруы
қажет.
Жүйке ұлпасының белоктары альбуминдер мен глобулиндер түріне жатады.
Глобулинге ДН-протеин нейроглобулин жатады.
Ми тінінде сұр және ақ зат бар. Сұр заты нейрондардан, ақ заты өсінділерден
құралған. Олардың құрамы әртүрлі: сұр затында су көбірек, ақ затында азырақ.
Сәйкесінше құрғақ заты 16 және 30 пайыз. Мидың сұр затында белоктар құрғақ
қалдықтың 50 пайызы құрайды, ал ақ затының құрғақ қалдығының 50 пайыздан
астам липидтер. Мида басқа тіндерге қарағанда көмірсулар мөлшері аз, гликоген
жоққа тән.
Жүйке жүйесінің маңызды қызметі ағзада жүретін барлық биохимиялық процестерді
реттейді.Адам миындағы күрделі маманданған клеткалар сырттан келген хабардың
испульстерін қабылдап, одан қорытынды шығарады. Жүйке тінінің орталық
функционалды жасушасы- бұл дендриттер мен аксондардың көмегімен байланысқан
нейрондар болып саналады. Жасушалар синаптикалық саңылаулармен бөлінеді.
Жасушалар арасындағы байланыс сигнал беру арқылы жүзеге асырылады. Сигнал
нейронның денесінен аксон бойымен синапсқа өтеді. Медиатор синаптикалық
саңылауға шығарылып, синапстық рецепторлармен байланысады. Бұл сигналды
қабылдауды және акцептор ұяшығында жаңа сигнал шығаруды қамтамасыз етеді.
Жүйке тінінің функцияларына: электрлік сигналдың пайда болуы (жүйке импульсі);
жүйке импульсін жүргізу; ақпаратты есте сақтау және сақтау; эмоциялар мен мінез-
құлықты қалыптастыру және ойлау жатады.
Жүйке тінінің ерекшелігін қан-ми тосқауылы анықтайды. Қан-ми тосқауылы әртүрлі
метаболиттерге селективті өткізгіштікке ие, сонымен қатар жүйке тінінде кейбір
заттардың жиналуына ықпал етеді. Осылайша, жүйке тіндері химиялық құрамы
жағынан басқа тіндерден ерекшеленеді. Адамның дене салмағының тек 2% құрайтын
жүйке тінінде организмге кіретін оттегінің 20%-ын тұтынады.
Мидың құрамы
Сұр заты
Ақ заты
84 %
Су
70 %
16 %
Құрғақ қалдық
30 %
1 %
Бейорганикалық заттары
2 %
15 %
Органикалық заттары
28 %
8 %
Белоктар
9 %
5 %
Липидтер
17 %
0,1 %
Көмірсулар
0,1 %
1-2%
Экстрактылы заттар
1-2%
Нейростромин белоктары (РН-протеин) да табылған. Мидың ақ түсті затында және
шеткі жүйкелерде нейрокератиндер кездеседі. Жүйке ұлпасының белоктары
липидтермен бірігіп липопротеиндер комплексін құрайды.
Жүйке ұлпалары нуклеин қышқылдарына да бай, оның құрамындағы бүкіл
органикалық заттың 20—45% нуклеин қышқылдары.
Липидтер. Мидың ақ түсті затында, сұр түсті затымен салыстырғанда, липидтер үш есе
көп. Ол фосфолипидтер түрінде, цереброзидтер, ганглиозиттер, сфингомиелин,
холестерол, триацилглицеролдар түрінде кездеседі. Жүйке ұлпасының липидтері
құрамында арахидон қышқылы (С20:4) және клупанодон қышқылы (С22:5) сияқты 4
және 5 қос байланысы бар жоғары қанықпаған май қышқылдары бар. Жастың
ұлғаюына байланысты мидағы холестерол мөлшері көбейеді.
Минералдық заттар. Ми құрамынан және жұлыннан Nа, К, Са, Мg, Ғе, Сu, Zn, Аl, Мn, Р,
С1, S сияқты минералдық және басқа да элементтер табылған. Ондай элементтердің
мөлшері әр түрлі және олардың қызметі әлі толық зерттелмеген. Қазірше
анықталғаны - калий, натрий және кальций иондары жүйке жүйесінде үлкен қызмет
атқаратыны, атап айтқанда, жүйке талшықтары арқылы импульстеу қызметін
атқарады.
Экстрактивті заттар. Мида амин қышқылдары, креатин, креатинин, мочевина, зәр
қышқылы, холин, ацетил-А-коферменті, глюкоза, ацетилхолин, АТФ, АДФ, АМФ басқа
да әр түрлі нуклеотидтер, лактат, пируват болатыны анықталды
.
|