Морф сессия (НС)


 Ми жүйесінің құрылымдық ерекшеліктері. Ретикулярлық формация. Гистология



жүктеу 8,23 Mb.
Pdf просмотр
бет146/297
Дата06.02.2022
өлшемі8,23 Mb.
#37359
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   297
2 курс,Сессия НЕРВ

3. Ми жүйесінің құрылымдық ерекшеліктері. Ретикулярлық формация. Гистология. 
Препарат №17 
Бас  миында  сүр  және  ак  заттарды  ажыратады,  бірак  бұл  екі  кұрамдык 
бөліктердін  үлестірілуі  жүлынға  қарағанда  күрделі  болады.  Сұр  заттын 
басым  көпшілігі  үлкен  мидың  үстіңгі  беткейінде  және  мишыкта 
орналасып,  олардын  кыртысын  түзейді.  Аз  бөлігі  ми  сабауының 


көптеген  ядроларын  түзейді.  Әрбір  ядро  жүйкелік  орталык  болып 
табылады,  ол  жерде  жүйкелік  импульстер  ауыстырылады  және 
олардың  сапалык  өзгерістері  өтеді.  Ядролар  жасушалардын 
миграциясының  және  олардын  араларында  байланыстардын 
калыптасуының  нәтижесінде  пайда  болады.  Ядроның  құрамындағы 
әрбір  нейрон  бір  мезгілде  ондаған  мың  жасушаларға  сигналдар 
жіберіп,  өзі  де  көлемі  жағынан  одан  кем  емес  мәліметті  кабылдайды. 
Өткізу жолдары ядроларды жүйеге біріктіріп, сенсорлык, қимылдаткыш, 
нейроэндокриндік  белсенділікті  реттейді,  ұйқы  мен  сергектікті, 
баскадай физиологиялык ырғактарды баскарады. 
Сопакша  мидың  орталык  аймағында  ретикулярлык,  формация 
орналасады. Бұл торлы кұрылым жұлынның үстіңгі бөлігінде басталып, 
сопақша ми, көпір, ортаңғы ми, таламустын ортаңты бөлігі, гипоталамус 
және  таламуспен  көршілес  басқа  аймақтар  арқылы  созылады. 
Ретикулярлық  формация  бас  миынын  жоғары  өрлейтін  диффузды 
белсендіруші  жүйесі,  ол  сезімтал  және  қимылдаткыш  ядролардың 
араларында  орналасып,  ми  сабауы  көлемінің  шамамен  9%  алып 
жатады.  Оның  торларында  мультиполярлы  нейрондар  (көлемдері  5 
мкм-ден 120 мкм-ге дейін) болады. Онын құрамында сиректеу және аз 
тармақталатын  өсінділері  бар  изодендритті  нейрондар  басым  болып 
келеді,  бұл  жасушалардың  ұзына  бойында  синапстык  аяктамалардың 
жоғары  концентрациясы  анықталады.  Ұзын  жоғары  өрлейтін  және 
төмен  кететін  байланыстарды  түзейтін  ірілеу  нейрондар  ретикулярлық 
формацияда медиалды, ал ұсақ (ассоциативті) нейрондар — латералды 
орналасады.  Ретикулярлық  формация  импульстерді  афферентті 
жолдардан  алады,  бірақ  импульстер  ол  арқылы,  тура  жолдармен 
салыстырғанда,  4-5  есе  баяу  өтеді.  Ретикулярлық  формация 
нейрондарының өсінділері үлкен мидың, мишыктың қыртыстарына, ми 
сабауының  ядроларына  бағытталады,  ол  жерде  нейрондармен 
синапстар  (холин-,  адрен-,  дофаминергиялык  және  т.б.)  кұрайды. 
Ретикулярлык  формацияның  интеграциялык  қызметі  осылайша  іске 
асырылады.  Ретикулярлык  формация  нейрондарының  тмен  кететін 
талшыктарқы  жұлынның  моторлык  нейрондарымен  әрекеттеседі.  Бүл 
ретте  олардың  белсенділігін  тежейді.  Ретикулярлық  формацияның 
қызметі  мінез-құлыктың  белсендірілуіне,  ұйықтау  мен  сергектіктің 
алмасуына,  мидағы  жүйкетік  үдерістердің  жеңілдетілуіне  немесе 
тежелуіне байланысты жүреді. 

жүктеу 8,23 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   297




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау