Көкірек бөлігі 10-12 түйіннен тұрады. Бұл бөліктің нерв талшықтары көкірек
қуысындағы барлық мүшелерге тарайды, мүнда үлкен және кіші қүрсақ нервтері
басталады. Олар диафрагмадан құрсақ қуысына өтеді.
Бел бөлігі 3-5 түйіннен тұрады. Олардың нерв талшықтары құрсақ қуысындағы
мүшелер мен қан тамырларына тарайды.
Сегізкөз бөлігі 4-5 түйіннен тұрады. Соңғы, сыңар түйіңде оң және сол жақ
симпатикалық шекара бағаналары қозғайтын еттерді нервтеңдіретін күре тамыр нерві
кетеді. Мойын бөлігінің түйіндерінің үшеуінен де жүрек нервтері тарайды (жоғарғы,
томенгі, ортаңғы жүрек нервтері). қосылады. Бұл бөліктің талшықтары жамбас
қуысының мүшелері мен қан тамырларына тарайды.
Симпатикалық жүйке жүйесінің 2-ші нейрондары симпатикалық шекара
бағанасынан басқа қүрсақ бағанасы мен шажырқай артериясының жоғарғы жағыңда
орналасқан түйіндерде орналасқан.
Парасимпатикалық бөлімнің де орталық және перифериялық (шеткі) бөліктері
бар. Орталық бөлігінің ядролары ми бағанасы мен жұлында орналасқан. Ми
бағанасында 4 парасимпатикалық ядро бар: ортаңғы мидағы Якубович ядросы көздің
қарашығын тарылтатын еттерді нервтендіреді; көпірде орналасқан жоғарғы сілекей
шығару ядросы тіл асты жөне жақ асты сілекей бездері мен көз жасының безін
нервтендіреді; сопақша мида орналасқан төменгі сілекей шығару ядросы шықшыт
сілекей безін нервтендіреді, ал дорсальды ядро мойынды, көкірек пен құрсақ
қуыстарының мүшелерін нервтендіреді. Жұлынның сегізкөз бөлігінде орналасқан
ядролар тоқ ішек пен жамбас қуысындағы мүшелерді қамтамасыз етеді.
Вегетативтік жүйке жүйесінің барлық бөлімдері аралық мида орналасқан жоғары
дәрежелі вегетативтік нерв орталығына бағынады. Мұнда торлы қүрылымнан,
мишықтан, қыртыс асты құрылымдар мен үлкен ми сыңарларынан нерв импульстері
келеді.
Вегетативтік жүйке жүйесі тірлікке маңызды жүйе болғандықтан ерте дамиды.
Дегенмен бала туғанда симпатикалық жене парасимпатикалық бөлімдерінің
қызметтері әлі теңеспеген әрі симпатикалық жүйке жүйесі басымырақ болғандықтан
баланың жүрегінің соғуы жиі болады. Даму барысында вегетативтік жүйке жүйесіне
жоғары дәрежелі нерв орталықтарының әсері күшейіп, ішкі мүшелердің қызметі
дұрыс реттеледі.
Достарыңызбен бөлісу: