Адамның проприоцептивтік жұлын рефлекстері
Тізе рефлексі.
Оқытушының өтініші бойынша зерттелуші екі аяғын айқастырып, аяқ
еттерін босаңсытады. Содан кейін неврологиялық балғашамен төрт басты сан еті
сіңірінің үстінен, тізесінің төменгі жағынан ақырын ғана соғып жібереді. Тап осы сәтте,
зерттелушінің аяғы селк етіп жоғары көтеріліп, тізе рефлексі пайда болады. Рефлекс
доғасы жұлынның 3-4 бел омыртқа сегментінің нейрондары арқылы өтеді.
1 - сурет. Тізе рефлексі
Ахилл рефлексі.
Зерттелушіні екі тізесімен тік орындыққа отырғызады да,
табанын босаңсытқан соң неврологиялық балғашамен әуелі оның бір аяғының,
сонан соң екінші аяғының ахилл сіңірін сәл ғана соғып жібереді. Осы кезде
соғылған аяқтың табаны кілт бүгілуі тиіс. Рефлекс доғасы жұлынның 1-2 сегізкөз
сегментінің нейрондары арқылы өтеді.
Достарыңызбен бөлісу: |