5
ҚОРШАҒАН ОРТА ЖӘНЕ АНТРОПОГЕНДІК ІС-
ӘРЕКЕТ.
Қазақстан Республикасындағы антропогендік іс-
әрекеттің қоршаған ортаға әсері.
Қазақстаның табиғат жағдайлары алуан түрлі.
Қазақстан аумағы кең - байтақ жерді алып жатыр,
Батыстан шығысқа қарай - 3000 км ( Каспий теңізімен
Орал ойпатынан Алтай тауларына дейін), Солтүстіктен
оңтүстікке қарай - 1600 км (Батыс Сібір жазығымен Орал
тауларының
жоталарынан
Тянь-Шань
тауларымен
Қызылқұм шөліне дейін). Қазақстанның жалпы ауданы
2724,9 мың шаршы км) Аумағы бойынша дүние жүзіндегі
ең ірі мемлекеттердің қатарына жатады. Ресей, Канада,
Қытай, АҚШ, Бразилия, Аустралия, Үндістан және
Аргентинадан кейін 9-шы орын алады. Қазақстан
Франциядан 5 есе, Италиядан 9 есе, Англиядан 11 есе
үлкен. Қазақстан шекарасының жалпы ұзындығы 15000
км-ден астам, оның 12000 км-ге жуығын құрлық, 3000км-
ден астамын Арал теңізі және Каспий теңізі алып
жатыр.Қазақстан батыста, солтүстік- батыста және
солтүстікте Ресеймен (6467км), шығыста Қытай Халық
Республикасымен (1460км), оңтүстігінде Қырғызстан
(980км), Өзбекстан (2300км), Түрікменстан (380км)
шектеседі.Геогафиялық орнына байланысты республика
жерінде бірнеше ландщафтық белдеулер мен белдеу
тармақтары бір-бірін алмастырады: орманды дала ( 0,4 % ),
дала ( 29 % ), шөлейт ( 14 % ), шөлді ( 44 % ), оңтүстігінде
биік таулы белдеулер алып жатыр. Климаты шұғыл
континентті. Республика аумағына негізінен арктикалық,
қоңыржай, тропиктік ауа массалары әсерін тигізеді.
Қазақстан жері негізінен қуаңшылық болып келеді.Жауын-
шашынның
аз
түсуіне
еліміздің
мұхиттардан
6
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ
ПРОБЛЕМАЛАРЫ
Оқу құралы
қашықта,Еуразия материгінің орталығында орналасуы
әсер етеді. Халқы 16 млн-нан астам, орналасу тығыздығы 1
шаршы км-ге 5,4-6 адамнан келеді.Қала халқының үлесі 56
пайыз адамды құрайды. Қазақстан өзінің жер қойнауының
байлығымен әлемге әйгілі. Елімізде аса маңызды
минералдық шикізат түрлерінің бәрі бар. Жер қойнауынан
Менделеев кестесіндегі 105 элементтің 70-інің мол қоры
барланған, 60-тан астамы өндіріледі.Энергетика және
минералдық ресурстар минстрлігі мамандарының мәліметі
бойынша (2007ж) республикамыз дүние жүзіндегі уран,
хром және марганец қоры жөнінен екінші орында, мырыш,
молибден, қорғасын, мыс, вольфрам және алтын қорынан
алғашқы бестікте, ал мұнай, темір, қалайы қорынан
алғашқы он орынның бірінде. Қазақстанның ұлан-ғайыр
жерде орналасуы, пайдалы қазбаларға бай болуы, құрғақ
климаттық жағдайы әртүрлі антропогендік іс-әрекеттердің
шектен
тыс
қалыптасуы
еліміздегі
экологиялық
проблемалардың қалыптасуына әсер етеді. Ғылым мен
техниканың дамуы қоғам мен табиғаттың мөлшерден тыс
байланыс жасауына, қоршаған ортаның ластануына әсер
етеді. Жалпы Қазақстан аумағындағы экологиялық
проблемалардың қалыптасуын ластану жағдайына қарай
топтастырамыз.
|