17. Синтетикалық шоттардағы жазулардың дұрыстығын
бақылау және қорытынды баланс құрастыру
Балансты құрастыру мен шоттардағы жазулардың дұрыстығын
бақылау үшін бухгалтерлік есепте айналым ведомосын пайдаланады.
Айналым ведомосының ерекшелігі — бағаналардың үш жұбының
әрқайсысының дебет пен кредит бойынша жиынтықтардың тепе-
теңдігі. Егер шоттардың байланысында қателік жіберілсе, онда ол
жағдайда әдеттегіше дебет пен кредит бойынша айналымдардың
жиынтығының тепе-теңдігі бұзылады.
Синтетикалық шоттар бойынша айналым ведомосын құрыңыз,
ал одан соң төменде көрсетілген айналым ведомосымен салыстыра
отырып, өзіңізді тексеріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |