Күтілетін нәтижелер:
біледі:
қыс мезгіліндегі табиғаттағы құбылыстарды;
игереді:
қардан әртүрлі бейнелер жасауға болатынын;
меңгереді:
сұқ саусақпен қар кесегін салуды.
Қолданылатын көрнекі құралдар
: сурет үлгісі, тіс пастасы, мақталы таяқша,
қағаздан жасалған қар кесегі.
Сөздік жұмыс:
қар кесегі.
Билингвальды компонент:
қардың кесегі – комочки снега.
ҰОҚ-нің барысы
1.
Ұйымдастыру кезеңі.
Балаларды шаттық шеңберіне шақырады.
Ғажайып сәт:
Педагог: Үстел үстінде себет неге тұр? Онын ішінде не бар?
Жұмбақтың жауабын шешсе, себет ішінде не бар екенін біледі.
Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тонады.
Ол не? (Қар)
Педагог себет ішіндегі қағаздан жасалған қар кесектерінен қар лақтырып ойнауды
ұсынады. Ойнаған соң, қар кесектерін себетке жинайды. Педагог балаларға сұрақтар
қояды?
-
Жылдың қай мезгілінде қармен ойнауға болады?
-
Қардың түсі қандай?
-
Олай болса, бүгін біз қар кесегінің суретін салуды үйренеміз.
Достарыңызбен бөлісу: |