Күтілетін нәтижелер:
біледі:
қоянның дене мүшелерінің атауларын;
игереді:
қоянның дене мүшелерін, немен қоректенетінін;
меңгереді:
суретті түрлі түсті қарындашпен біркелкі етіп бояуды.
Қолданылатын көрнекі құралдар:
сурет үлгісі, түрлі түсті қарындаштар, қоянның
суреті, бояулар, қылқалам, стақандағы су, сүрткіш.
Сөздік жұмыс:
ұзын құлақ сұр қоян.
Билингвальды компонент:
қоян – заяц.
ҰОҚ-нің барысы
1.
Ұйымдастыру кезеңі.
Педагог балаларды шаттық шеңберін жасау үшін ортаға шақырады. Қолдарын
созып, бір-бірімен жақсы көңіл күймен амандасады.
Педагог жұмбақ жасырады.
Ұзын құлақты, жылдам аяқты,
Сәбізді жақсы көретін, ол не?
(Қоян)
Педагог иллюстрациялық суреттерді көрсете отырып сұрақтар қояды.
Қоян қайда тіршілік етеді?
Қоянның құлағы неге ұзын?
Қоянды неге сұр қоян деп атайды?
Сөздік жұмыс:
ұзын құлақ сұр қоян.
Достарыңызбен бөлісу: |