Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен


 Ақыл-ойы кем балалардың есте сақтау



жүктеу 1,6 Mb.
Pdf просмотр
бет146/188
Дата05.01.2022
өлшемі1,6 Mb.
#36556
түріОқулық
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   188
tebenova-arnaiy-psih

11.1 Ақыл-ойы кем балалардың есте сақтау 
ерекшеліктері 
 
Ақыл-ойы  кем  балаларды  оқыту,  негізінен  есте  сақтау 
ҥдерістеріне  сҥйенеді.  Есте  сақтау  қабілетінің  кӛмегімен, 
мәліметтер мен мағлҧматтар жинақтау, білімнің тҥрлі салаларын 
меңгеру  жҥзеге  асады.  Ес  адамның  басынан  кешіргенін,  алған 
тәжірибесін ойда сақтаумен, келесі тәжірибеде оны танумен және 
қайта  жаңғыртумен  жҥзеге  асады.  Әдетте,  вербальды  (сӛздік) 
және кӛру, моторлық (қимыл- қозғалыс) ес тҥрлерін ажыратады.  
Ақыл-ойы  кем
 
балалардың  есте  сақтау  ҥдерістері  ӛзіндік 
ерекшеліктермен  сипатталады.  Арнайы  мектеп  оқушыларының 
есте  сақтайтын  материалдарының  кӛлемі,  олардың  қалыпты 
қҧрбыларымен  салыстырғанда,  анағҧрлым  аз.  Есте  сақталуы 
қажет  материал,  қаншалықты  абстрактілі  болса,  оқушылар  оны 
соншалықты  аз  кӛлемде  есте  сақтайды.  Мысалы,  жақсы  таныс 
заттардың  аттарынан  тҧратын  сӛздер  қатарына  қарағанда, 
оқушылар  жеке  объектілерді  бейнелейтін,  суреттер  қатарын 
жақсы  есте  сақтайды.  Ал  ӛз  кезегінде,  суреттер  қатарына 
қарағанда, нақты заттар қатарын есте сақтау жеңілірек.  
Оқушылардың  сӛздік  және  кӛрнекі  материалды  есте 
сақтауларының анықтығы мен тҧрақтылығы тӛмен деңгейде. Оны 
қайта  жаңғыртуда,  балалар  кӛп  элементтерді  жоғалтады, 
орындарын  алмастырады,  логикалық  ретін  бҧзып,  біртҧтас 
бірлікке  айналдырады,  бірнеше  рет  қайталайды,  кездейсоқ 
ассоциацияларға  сҥйеніп  жаңа  элементтер  қосады.  Әсіресе,  қозу 
ҥдерістері басым, ақыл-ойы кем балалар жоқ  белгілерді қосып  
------------------- 
1
Жарықбаев К. Жалпы психология.- Алматы, 2004. –Б.149-151. 
2
Сәбет Бап – Баба

Жантану негіздері. - Алматы: Заң әдебиеті, 2007.-Б. 158. 
 


 
208 
айтуға бейім.  
Тежелгіштер  қатарына  жататын  балалар,  материалдың  аз 
кӛлемін  ғана  есте  сақтайды,  бірақ  олардың  жанынан  қосатын 
деректері шамалы. 
Әдетте,  ақыл-ойы  кем  оқушылар  ырықсыз  есте  сақтау 
мҥмкіндігін  пайдаланады.  Олар  ӛздерінің  назарын  аударатын, 
қызықты болып кӛрінетін затты ғана есте сақтайды. Мәтіндерде, 
бҧл  балалар  эмоционалды  әсерлерге  толы  ҥзінділерді  ғана  бӛліп 
алады. Оларды қабылдауда балалар қуанады, қапаланады, болып 
жатқан  оқиғаға,  ӛз  кӛзқарастарын  сӛздерімен,  белгілермен, 
қимылымен  білдіреді.  Сондықтан,  бала  мәтіннің  осындай 
тҧстарын, жақсы есте сақтайды.  
Ырықсыз  зейіннің  ӛнімділігі  оқушылардың  орындайтын 
тапсырма  тҥріне  байланысты.  Егер  олардың  әрекеті  белсенді 
сипатта болса, онда нәтижесі жоғары болады. Сӛздік материалды 
бірінші  рет  қайта  жаңғырту,  ақыл-ойы  кем  оқушылардың  келесі 
репродукцияларына  ықпал  жасайды.  Мәтінді  бірнеше  рет 
қайталатыңдағандығына  қарамастан,  бірінші  репродукциядағы 
кездескен қателіктерді қайталай береді.  
Ақыл-ойы кем оқушылар ҥшін, оқу материалын есте сақтау, 
ӛте  қиын  мәселе.  Материалды  біртектес  әдіспен  ҥнемі  қайталай 
беру,  мнемикалық  әрекеттің  нәтижесін  жақсарта  алмайды. 
Сондықтан,  қайталау  жҧмыстарын  модификациялаған  жӛн, 
сӛйтіп,  жаңа  және  бҧрын  ӛтілген  материал  арасында  байланыс 
орнатуға болады.  
Есте  сақтауда,  материалды  мағыналық  топтарға  бӛлу  және 
сӛздерді  тиісті  суреттермен  сәйкестендіру,  соған  қатысты 
кӛрнекіліктерді  пайдалану,  кӛп  кӛмек  береді.  Есте  сақтауды 
мҧғалімнің қатаң талап етуі, оқушылардың мнемикалық әрекетін 
ӛзгерте алмайды.  
Бастауыш 
сыныптағы 
кейбір 
оқушылар, 
берілген 
материалды  есте  сақтау  қажеттігін  естігенде,  мазасызданып, 
абыржи  бастайды.  Олардың  қол  жеткізген  нәтижесі,  ырықсыз 
есте сақтау жағдайынан аз болып шығады. Ал, мнемникалық есте 
сақтау әдістерін, орта және жоғары сынып оқушыларының ӛздері, 
ӛздігінен пайдалана алмайды. Сирек жағдайларда, кейбір балалар, 
есте  сақтау  мақсатында,  мҧғалімнен  кейін  сыбырлап,  қайталап 


 
209 
отырады.  Бір  сӛзбен  айтқанда,  есте  сақтау  талабы  қойылса  да, 
қойылмаса да, алынатын нәтиже біреу ғана.  
Оқу  материалын  есте  сақтау,  негізінен  оның  қҧрылымдық 
жағына байланысты, әрі қандай жолмен қабылданғандығына және 
оқушының  жас  шамасына  байланысты.  Әдетте  оқушылар  қара 
сӛзді  мәтіннен  гӛрі,  ӛлеңдерді  жылдам  жаттап  алады.  Ӛлеңнің 
әуені  мен  ҧйқасы,  мнемникалық  ҥдерістің  жҥруін  жеңілдетеді. 
Бастауыш  сынып  оқушыларының  материалды  есте  сақтауына 
мҧғалімнің  дауысы  кӛп  әсер  етеді.  Бҧл  олардың  оқу  дағдысын 
кеш  игеруімен  және  жазба  тілден  гӛрі,  ҥйреншікті  ауызша 
сӛйлеуді  қабылдаудың  оңайлығымен  тҥсіндіріледі.  Жоғары 
сынып  оқушылары,  материалды  ӛз  беттерімен  дауыстап  оқыған 
кезде,  жақсы  есте  сақтайтындығы  анықталған.  Кӛру  және  есту 
қабылдауы бір мезгілде жҥзеге асқан уақытта, есте сақту  ҥдерісі 
анағҧрлым  нәтижелі  болса  керек.  Орта  буын  сыныптарына 
келгенде, оқушылар оқу техникасын толық меңгереді, сондықтан,  
шағын мәтіндерді оқып, есте сақтау онша қиындық туғызбайды.  
 

жүктеу 1,6 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   188




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау