•
Кеңес заманындағы Қиыл мен Қарағанды
өзендері
аралығында
(Қобда
ауданы)
орналасқан елді мекендердің, Ақбұлақ пен
Ешкіқырған өзендері аралығындағы Ақсуат
ауылы, Қарағанды өзенінің бастауын-дағы
Ақбұлақ атты ауылдың тұрғындары да
Шолақмолда қорымы жөнінде мәлімет
беріп қалуы мүмкін.
•
Әділеттілік, бостандық жолында өмірін
қиған
Исатай
бабамыздың
бейітін
анықтап, басына тағзым ету – бүгінгі
ұрпақтың парызы екен¬дігін еске салған
артық болмас.
Киелі Атырау жері – айтулы даналардың, қол
бастаған батырлардың, ел бастаған көсемдердің,
сөз бастаған шешендердің, басқа да дарынды
тұлғалардың бесігін тербеген мекен.
Атырау облысының Исатай ауданында да жергілікті маңызы бар тарихи және мәдени
ескерткіштер бар. Аудан аумағында мемлекет қомқорлығына алынған 15 тарихи және
мәдени ескерткіштер орналасқан. Аққыстау ауылдық окургінің аумағында үш жерде
орналасқан ескі қорымдағы құлпытастар есепке алынған. ХІХ ғасыр мәдениетінің
азаматтық сәулет өнерінің көне үлгісі болып табылатын бұл сағынатамдар мен
құлпытастар шикікірпіштен қаланып, құлпытастар қатты тасқа ойып өрнектер салу, араб
әріптерімен жазу арқылы жасалған. Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жерлестерге
орнатылған обелиск, монументтер: Хамит Ерғалиев ауылында Ұлы Жеңіске 25 жыл,
Жанбай, Тұщықұдық ауылдарында Ұлы Жеңіске 40 жыл, Аққыстау ауылында Ұлы
Жеңіске 50 жыл толуына орай орнатылған. Тарихи және мәдени ескерткіштердің бір тобы
1836-38 жылдардағы ұлт-азаттық көтерілістің басшысы Исатай Таймановқа арналған. И.
Тайманұлы бюстісі (мүсінші А. Абишев, 2005). И. Таймановтың екінші бюстісі Исатай
ауылында орнатылды. Нарын ауылдық округі аумағында 1991 жылы Исатайдың 200
жылдығына арналған шаралар өткен жерде, батырдың әкесі Тайман жерленген жерге
ескерткіш қойылды. Нарын өңірінде туып-өскен атақты адамдарға арналған ескерткіш
белгілер мен мемориалдық тақталар да тарихи-мәдени ескерткіштер тізіміне алынды.
ҚОРЫТЫНДЫ
•
Зерттеу жұмысын қорытындылай келе, төмендегідей тоқтамға
келдім:
•
Ағайынның арына,
•
Қарындастың қамына,
•
Қысқа күнде қырық шапқан,
•
Қысылғанның панасы –
•
Асыл едің, Исатай
•
Ер Тайманның баласы, -
деп
•
жырлаған ер Исатайдың туғанына 230 жыл толғалы отыр.
Өкінерлік бір жәй сол, Исатайдың есімі әлі күнге дейін еленбей
келеді. Оның атында бірде-бір шаруашылық немесе мекеме жоқ.
Осы
мерекелеу
барысында
негізінен
әдебиетшілердің,
журналистердің
деректерсіз,
желең
мақалаларының,
кітаптарының жариялағанын қыңжыла айтпасқа болмайды.
Біздің еңбегіміз осы олқылықтардың орнын толтыратынына
сеніміміз мол.