Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі с. Аманжолов атындағы шығыс қазақстан мемлекеттік


  Педагогиканың  басқа  ғылымдармен  байланысы  және  оның



жүктеу 1,05 Mb.
Pdf просмотр
бет6/75
Дата04.01.2022
өлшемі1,05 Mb.
#36257
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   75
Жоғары мектеп педагогикасы

1.3  Педагогиканың  басқа  ғылымдармен  байланысы  және  оның 
құрылымы 
Педагогиканың  басқа  ғылымдармен  байланысының  екі  түрі  бар: 
әдіснамалық және пәндік.   
Әдіснамалық байланыс. 

басқа  ғылымдарда  қалыптасқан  негізгі  идеяларды,  жалпы 
тұжырымдамаларды педагогикада қолдану (мысалы, философиядан); 
-  басқа  ғылымдарда  қолданылатын  зерттеу  әдістерін  пайдалану 
(мысалы, әлеуметтанудан). 
Пәндік байланыс. 
-  басқа  ғылымдардың  нақты  нәтижелерін  пайдалану  (мысалы, 
психологиядан, медицинадан, физиологиядан және т.б.); 
- кешенді зерттеулерге қатысу. 
Педагогика ғылымының нысанына адам және оның қалыптасып дамуы 
кіргендіктен,  бұл  ғылым  адамды  зерттеу  нысаны  ретінде  қарастыратын 
барлық  ғылымдармен  байланыс  жасайды.  Бұл  байланыстардың  ішінде 
философия және психологиямен байланыстары ерекше.  
Педагогиканың  философиямен  байланысы  ерекше,  себебі  философия 
педагогиканың  әдіснамалық  негізін  құрайды,  яғни  кӛптеген  педагогикалық 
құбылыстарды 
түсіндіруге 
кӛмектеседі, 
педагогикалық 
ізденістер 
бағыттарын  анықтайды.  Философия  ғылыми  таным  қағидалары  мен 
әдістерін,  әдістемесі  мен  технологиясын  жасай  отырып,  педагогикалық 
зерттеулер  мен  педагогикалық  ізденістерді  жүргізудің,  педагогикалық 
тәжірибені  талдаудың  және  педагогикалық  тұжырымдамаларды  жасаудың 
теориялық негізі болып табылады. Педагогикалық фактілер мен құбылыстар 
философиялық  негіздемесіз  ғылыми  мәртебеге  ие  бола  алмайды.  Екінші 
жағынан  педагогика  философиялық  идеяларды  «сынақтан  ӛткізу  алаңы» 
болып  табылады.  Педагогика  адамның  дүниетанымын  қалыптастыру 
жолдары мен құралдарын жасайды. 


Педагогиканың психологиямен де байланысы тығыз және ӛте маңызды 
екендігін  айта  кету  қажет.  Психологияның  зерттеу  пәні  психика  мен 
тұлғаның  психологиялық  құрылымы  (оның  маңызды  құрамдас  бӛліктері 
сана,  іс-әрекет)  болғандықтан,  психология  оқыту  мен  тәрбиенің  жүйелері 
негізделетін  оқушының  дамуы  мен  таным  үрдістері  туралы  қажетті 
мәліметтерді береді.   Психология адамның даму заңдылықтарын ашып, оның 
деңгейін  диагностикалайтын  болса,  ары  қарай  педагогика  оны  оқыту  мен 
тәрбие  барысында  дамыту  мен  қалыптастыру  жолдары  мен  мазмұнын 
қарастырады.   
Педагогика 
мен 
психологияның 
маңызды 
байланыстарына 
тӛмендегілерді жатқызуға болады:  
1.  Тәрбиеленушілер  мен  білім  алушылардың  жас  ерекшелік 
сипаттамалары. 
2. Психикалық үрдістер туралы түсініктер. 
3.  Тұлғаның  жеке  ерекшеліктерін  сипаттау,  ең  бірінші  –  дербестік, 
белсенділік, мотивациясын. 
4.  Педагогика  мазмұн  түрінде  қабылдайтын  сипатында  білім  беру 
мақсаттарын ұсыну. 
Жалпы педагогика басқа ғылымдармен қалай байланыса алса (мәселен, 
педагогикалық  психология,  педагогикалық  этика  және  т.б.),  дәл  солай 
дифференциациялана  алады  –  яғни  оның  құрамынан  белгілі  бір  дәрежеде 
дербес ғылыми салалары бӛлінеді.  
Барлық педагогикалық ғылым салалары жинақталғанда педагогикалық 
ғылым  жүйесін  құрайды,  оларды  біріктіруші,  жүйе  құрушы  компонент 
педагогиканың  зерттеу  пәні  –  тәрбие,  педагогикалық  процесс,  білім  беру 
болып  табылады.  Әрқайсысы  білім  берудің  жеке  бір  аспектісін  таңдай 
отырып,  ӛз  зерттеу  пәнін  ажыратып  алады.  Педагогика  салаларына 
тӛмендегілер жатады: 
Жалпы педагогика
 негізгі пән ретінде білім беру, тәрбие мен оқытудың 
негізгі  заңдылықтары  мен  қағидаларын,  әдіс-тәсілдері  мен  түрлерін 
зерттейді.  Ол  ӛзіне  оқытудың  теориясы  болып  табылатын  - 
дидактиканы 
және  тәрбие  теориясын
,  халыққа  білім  беру  ісін  басқарудың  теориясы 
болатын – 
мектептануды
 қамтиды. 
Жеке  әдістемелер
  оқытудың  жалпы  заңдылықтарын  жеке  пәндерді 
оқытуға қатысты қолдану ерекшеліктерін зерттейді. 
Педагогика  тарихы
  адамзат  дамуының  түрлі  тарихи  кезеңдерінде 
педагогикалық ойлар мен тәжірибенің даму ерекшеліктерін зерттейді. 
Салыстырмалы  педагогика
  салыстыру  негізінде  түрлі  елдердегі  білім 
және тәрбие жүйелерінің қызметі мен дамуының ерекшеліктерін зерттейді. 
Педагогика  әдіснамасы  – 
педагогика,  оның  мәртебесі,  дамуы, 
категориалдық аппараты, жаңа педагогикалық білім алудың жолдары туралы 
ғылым. 
Жас  ерекшелік  педагогикасы  –
  адам  дамуының  түрлі  жас  кезеңінде 
(мектепке  дейінгі,  мектеп,  ересектер  педагогикасы)  оқыту  мен  тәрбие 
ерекшеліктерін зерттейді. 


Кәсіптік  педагогика  –
  кәсіптік  білім  берудің  (бастауыш  кәсіби  білім 
беру  педагогикасы,  орта  кәсіптік  білім  беру  педагогикасы,  жоғары  мектеп 
педагогикасы, ӛндірістік педагогика) теориясы мен тәжірибесін зерттейді. 
Арнайы  (коррекциялық) педагогика  - 
  дене  және  әлеуметтік  дамуында 
ауытқушылықтары  бар  балалар  мен  ересектерді  оқыту  мен  тәрбиелеудің 
теориялық  негіздерін,  қағидаларын,  әдіс-тәсілдері  мен  түрлерін,  құралдарын 
зерттеп  жасайды.  Оның  салалары: 
логопедия
  (тіл  дамуында  кемістігі  бар 
адамдарды  оқыту  мен  тәрбиелеу), 
сурдопедагогика
  (естімейтін  және  нашар 
еститін адамдарды оқыту мен тәрбиелеу), 
тифлопедагогика
 (кӛрмейтін және 
нашар  кӛретін  адамдарды  оқыту  мен  тәрбиелеу), 
олигофренопедагогика 
(психикалық  дамуы  баяу  және  ақыл-ойы  дамуының  кемістіктері  бар 
адамдарды оқыту мен тәрбиелеу). 
 
Жеке  салалық  педагогика
  (әскери,  спорттық,  криминологиялық  және 
т.б.). 
Әлеуметтік  педагогика  - 
әлеуметтік  ортаның  нақты  жағдайын  ескере 
отырып  тұлғаны  тәрбиелеуді  оңтайландыру  бойынша  тәрбиелік  шаралар 
жүйесін жасаудың теориясы мен тәжірибесі. 
Еңбекпен  түзету  педагогикасы  –
  түрлі  жастағы  құқықбұзушыларды 
қайта  тәрбиелеуді  теориялық  негіздеу  мен  тәжірибесін  жасаумен 
айналысады. 
 

жүктеу 1,05 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   75




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау