Оқытушының педагогикалық үрдістің қозғаушы күштерін білу, пайда болып
келе жатқан қайшылықтарды (субъективті пайда болатын қиыншылықтар
ретінде анықталатын) таба білу іскерліктеріне сүйене отырып және оларды
әрекетке келтіріп жұмыс істеуіне мүмкіндік береді, сонымен ол құбылыстың
ӛзінің нақты дамуына әсерін тигізеді.
А.С.Макаренко педагогикалық үрдістің қарама-қайшылықтылығын,
диалектикалығын кӛрсеткен болатын. Н.К.Крупская еңбектерінде де
оқушылар іс-әрекеттерін ұйымдастыруда диалектикалық тәсілдің керек
екендігін жазғанда дәл осыны айтады.
Әрине, педагогикалық үрдістің қозғалысын, оның дамуын түсіну тек
қана оған тән сол қайшылықтарды шешкенде ғана түсінуге болады.
Педагогикалық үрдіс «оқытушы-білім алушылар» жүйе жағдайының
алмасуы ретінде ӛз болмысында әлеуметтік болып табылады.
Сондықтан да тұтас педагогикалық үрдіске тән қайшылықтардың үш
тобы ажыратылады: тұлға дамуының қайшылығы, ұжымды қалыптастыру
қайшылығы, іс-әрекетті ұйымдастыру қайшылығы. Тұтас педагогикалық
үрдіс тұлға мен қоғам мүддесіне сай жасалып жүзеге асырылатындықтан,
онда ол тұлғалық бағытталған сипат алады.
Демек, тұлға дамуының қайшылықтар тобы ең ӛзекті, жетекші болады.
Сондықтан да оларға нақты тоқталатын болсақ:
-
жаңа мүдделер, талаптар, ұмтылыстар мен тұлғаның даму
мүмкіншілігінің жеткен деңгейі арасындағы;
-
жаңа танымдық практикалық міндеттер мен бұрын қалыптасқан
ойлау тәсілдері арасындағы;
-
тұлғаның дамуындағы жеткен деңгей мен оның ӛмір сүру қалпы,
қоғамдық қатынастар жүйесіндегі оның алатын орны, істейтін қызметтері
арасындағы;
-
жақсы жетістіктерге ұмтылыс пен қиындықтарды жеңіп шығудағы
қорқыныш арасындағы;
-
дербестікке ұмтылушылық пен жеке тәжірибенің жеткіліксіздігі
арасындағы;
-
инерттілік,
стереотиптік,
тұрақтылық
пен
ширақтылыққа,
ӛзгергіштікке ұмтылушылық тенденциялары арасындағы;
-
тұлға әрекетінің еркіндігі мен қоғамдық қажетті іс-әрекеттер
арасындағы қайшылықтар болып табылады.
Демек, педагогикалық үрдістің құбылыс ретінде дамуы тұлғаның
дамуындағы пайда болатын және шешілетін қайшылықтардың шешу
есебінен жүзеге асады, онда педагогикалық үрдістің нәтижесі жеке-
психологиялық, адамгершілік және басқа да түрде жүзеге асырылады.
Қайшылықтар педагогикалық үрдістің қозғаушы күштері ретінде объективті
ӛмір сүреді. Сондықтан да тұтас педагогикалық үрдістің барысына ықпал ету
мүмкіншілігі, оның тиімділігін күшейту сол сәтте қандай қайшылықтар орын
алып отырғанына, олардың қалай шешілуіне байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: