Педагогика технологиялар институты б. К. Казбекова



жүктеу 1,77 Mb.
Pdf просмотр
бет20/67
Дата04.01.2022
өлшемі1,77 Mb.
#36148
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   67
Kazbekova Kompjuter arkhitek. 80

Перифериялық  құрылғылар

  деп  олардың  кӛмегімен  информация 

компьютерге енгізілетін немесе шығарылатын құрылғыларды айтамыз. Оларды 

сондай-ақ,  сыртқы  немесе  мәліметтерді  енгізу-шығару  құрылғылары  деп 

атайды. 



26 

 

 



Сыртқы  құрылғылар.

  Бұл  кез-келген  есептеу  кешенінің  маңызды 

құрауыш  бӛлігі.  Сыртқы  құрылғы  кейде  ДК-нің  жалпы  бағасының  50-80  %-ін 

құрайтынын айтудың ӛзі-ақ жеткілікті. Басқару жүйелерінде және жалпы халық 

шаруашылығында  ДК-ні  қолдану  мүмкіндігі  мен  тиімділігі  кӛбіне  сыртқы 

құрылғының құрамы мен сипаттамасына байланысты.  

    

ДК-нің 


сыртқы 

құрылғылары 

машинаның 

қоршаған 

ортамен, 

пайдаланушылармен,  басқару  объектілерімен  және  басқа  ЭЕМ-дермен  қарым-

қатынасын  қамтамасыз  етеді.  Сыртқы  құрылғылар  әр  алуан,  олар  бірқатар 

белгілері  бойынша  жіктелуі  мүмкін.  Мысалы,  міндеті  бойынша  сыртқы 

құрылғылардың келесі түрлерін ерекшелеуге болады: 

 



сыртқы  жадтайтын  (есте  сақтаушы)  құрылғылар  немесе  ДК-нің  сыртқы 

жады; 


 

Пайдаланушының диалогтік құралдары; 



 

Ақпарат енгізу құрылғылары; 



 

Байланыс және телекоммуникация құралдары; 



 

Пайдаланушының  диалогтік  құралдарының  құрамына  бейнемониторлар 

(дисплей)  –  ДК-ге  енгізілетін  және  одан  шығарылатын  ақпаратты  бейнелеу 

құрылғысы,  сирегірек  пульттік  басу  машинкалары  (пернетақтасы  бар 

принтерлер) және сӛздік ақпарат енгізу-шығару құрылғылары кіреді.  

      Сӛздік  енгізу-шығару  құрылғылары  жылдам  дамушы  мультимедиа 

құралдарына жатады.  

      Сӛздік  енгізу  құрылғылары,  бұл  –  мысалы,  адам  айтатын  әріптер  мен 

сӛздерді тануға және оларды кодтауға мүмкіндік беретін күрделі программалық 

жасауы бар түрлі микрофондық акустикалық жүйелер, ―дыбыстық тышқантар‖. 

      Сӛздік  шығару  құрылғылары  –  бұл  компьютерде  қосылған  дауыс 

зорайтқыштар 

(динамиктер) 

немесе 


дыбыстық 

колонкалар 

арқылы 

ойнатылатын,  цифрлық  кодтары  әріптер  мен  сӛздерге  айналдыруды 

орындайтын түрлі дыбыс синтезаторлары. 

   Ақпарат енгізу құрылғыларына тӛмендегілер жатады: 

 

пернетақта  –  сандық,  мәтіндік  және  басқарушы  ақпараттарды  ДК-ге  қолмен 



енгізуге арналған құрылғы; 

 



графикалық планшеттер (диджитайзерлер) – графикалық ақпаратты,  

кескіндерді  арнайы  нұсқағышты  (қаламұшты)  планшет  бетімен  жылжытып 

қолмен  енгізуге  арналған  құрылғы;  қаламұш  жылжығанда,  оның  орналасқан 

жерінің координаттарын оқу және бұл координаттарды ДК-ге енгізу автоматты 

түрде орындалады; 

 



Сканер – қағаздағы кескінді (жазуды, суретті) түсіріп, дисплей  

экранына  шығаруға  арналған  құрылғы.  Оның  кӛмегімен  суретті,  графикті, 

мәтіндерді  сканерлеуге  (түсіріп  алуға)  болады.  Кескін  сканерленгеннен  кейін, 

графикалық бағдарламада олады ӛңдеуге (үлкейтуге, кішірейтуге, қайта бояуға 

т.б)болады. 

Сканер  кескінді  машина  кодына  ауыстырып,  компьютердің  жадына 

жазады.  Сканердің  жұмысының  принципі  былай:  жарық  сәулесі  жол-жолмен 

жазық  суретті  сканерлейді,  оның  жұмыс  принципі  электрондық  сәуленің 




27 

 

дисплей  экранын  сканерлеуіне  ұқсайды.  Сканерлер  қара  ақ  түсті  немесе  түрлі 



түсті болады. Олардың планшетті, барабанды және қол түрлері болады. 

 



манипуляторлар (нұсқау құрылғылары): джойстик (терте), тышқан,  

трекбол  (жиек  құрсаудағы  шар),  сәулелік  (жарықтанған)  қаламұш  және  т.б.  – 

графикалық  ақпаратты  дисплей  экранына  меңзердің  экран  бетімен  қозғалуын 

басқару,  кейіннен  оның координаталарын  кодтау  және  оларды    ДК-ге  енгізуге 

арналған құрылғы; 

―Тышқан‖  -  тышқан  деп  бекер  аталмаған.Себебі  ол  –  тышқанның  құйрығына 

ұқсайтын компьютерге жалғанған иілгіш сымы бар қорап. Ол алақанға ыңғайлы 

және  кілесше  бетінде  еркін  жылжитын  арнайы  құрылғы.  Тышқантың  екі  түрі 

болады:  Үш  батырмалы,  екі  батырмалы.  Қазіргі  кезде  екі  батырмалы  тышқан 

жиі  пайдалынылады,  себебі  ортадағы  батырма  жұмыс  кезінде  кӛп 

пайдаланылмайды.  

Ақпаратты шығару құрылғыларына тӛмендегілер жатады: 

 

Принтерлер – ақпаратты қағаз тасушыларға шығаруға арналған  



басу  құрылғысы.  Ол  дисплейге  не  шығарылса  соның  бәрін  қағазға  басып 

шығаруға  мүмкіндік  береді.  Принтерге  мәтіндік,  кестелік,  графикалық 

ақпараттарды  шығаруға  болады.  Принтерге  ақпараттың  кескінін  қалауымыз 

бойынша-ақ  қара  немесе  түрлі  түсте  шығаруға  болады.  Принтердің  үш  түрі 

болады: матрицалық, сия бүріккіш және лазерлік.  

Жоғарыда  аталған  құрылғылардың  кӛбі  шартты  түрде  ерекшеленген  топ  – 

мультимедиа құралдарына жатады. 

          Мультимедиа  құралдары,  бұл  –  адамға  әртүрлі,  ӛзі  үшін  табиғи 

орталарды:  дыбысты,  бейнені,  графиканы,  мәтінді,  анимацияны  және  т.б. 

қолдана  отырып,  компьютермен  қарым-қатынас  жасауға  мүмкіндік  беретін 

программалық және аппараттық құралдар кешені.  

         Мультимедиа  құралдарына  ақпаратты  сӛздіку  енгізу  және  шығару 

құрылғылары,  сканерлер,  жоғары  сапалы  бейнелік  және  дыбыстық  тақшалар, 

кескінді  бейнемагнитофонннан  немесе  бейнекамерадан  түсіріп,  оны  ДК-ге 

енгізетін бейнеқармау тақшасы жатады.  

Қосымша құрылғылар.   

         Жүйелік  шинаға  және  ДК-нің  микропроцессорына  микропроцессордың 

функционалдық  мүмкіндіктерін  кеңейтетін  және  жақсартатын,  интегралдық 

микросхемалары  бар  қосымша  тақшалар:  математикалық  сопроцессор,  жадқа 

тікелей  қатынау  контроллері,  енгізу-шығару  сопрецессоры  және  т.б.  қосылуы 

мүмкін. 

 

Математикалық сопроцессор  жылжымалы үтірлі екілік сандармен, екілік 



кодталған  ондық  сандармен  операцияларды  жылдамдата  орындау  үшін, 

тригонометриялық  функцияларды  есептеу  үшін  қолданылады.  Математикалық 

сопроцессордың  ӛзінің  командалар  жүйесі  бар  және  ол  негізгі  процессормен 

қатар  оның  басқаруымен  жұмыс  істейді.  Операциялар  ондаған  есе 

жылдамдатылады. 

 

Жадқа  тікелей  қатынау  контроллері  микропроцессорды  магниттік 



дискілердегі  жинақтауыштарды  тікелей  басқарудан  босатады,  бұл  ДК-дің 


28 

 

тиімді шапшаңдығын айтарлықтай арттырады. Бұл контроллер болмаса, сыртқы 



және жедел жад арасында дерек алмасу МП-нің регистрі арқылы жүреді, ал ол 

бар болған жағдайда, деректер МП-ның қатысуынсыз тікелей беріледі.  

 

Енгізу-шығару 



сопроцессоры 

микропроцессормен 

қатар 

жұмыс 


істегендіктен, бірнеше сыртқы құрылғыларға (дисплей, принтер,  НДД, ИМДЖ 

және басқалары) қызмет ету кезінде енгізу-шығару процедураларын орындауды 

едәуір жылдадатады. 

Енгізу/шығару шинасы  




жүктеу 1,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   67




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау