Толық жұмысбастылық.
Еңбек нарығында босаңқы жұмыс
күшінің болуы сол жұмыс күшіне қосымша сұраныс білдіре отырып
өндірісті кеңейтудің және дамытудың қажетті жағдайы болып
табылады. Экономика ресурстарды, соның ішінде ең алдымен,
еңбекті 100%-дық деңгейде қолданып әрекет ете алмайды. Экономика
еңбектің, капиталдың және жердің қажетті резервіне ие болуы тиіс.
Ресурстардың осындай қорына ие болып қана қоғам туындайтын
мәселелерді шеше алады және өзгеретін жағдайларға тез бейімделе
алады.
Достарыңызбен бөлісу: |