Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов



жүктеу 2,49 Mb.
Pdf просмотр
бет429/610
Дата04.01.2022
өлшемі2,49 Mb.
#36085
түріОқулық
1   ...   425   426   427   428   429   430   431   432   ...   610
Экономикалык теория

Жұмыссыздықтың  себептері. 
Ұзақ  уақыт  бойы  батыстың 
экономикасы  жұмыссыздықты  еркін  құбылыс  деп  танып  келді. 
Жұмыссыздықтың себебі жұмыскерлердің тым аз жалақыға жұмыс 
істегісі келмейтіндігінен туындайды. Олардың осындай жалақыға 
келіспейтіндігінен жұмыссыздық пайда болады деп түсіндірді.
Марксизм  теориясы  мәжбүрлі  жұмыссыздық  мәселесін  алға 
тартады.  Жұмыссыздықты  капиталдың  жинақталуының  нәтижесі 
деп білді. Жұмыс күшіне деген сұраныс капиталдың барлығымен 
емес,  тек  еңбек  ресурстарын  сатып  алуға  жұмсалған  капиталдың 
мөлшерімен  ғана  анықталады.  Капиталдың  жинақтала  беруіне 
байланысты капитал-еңбек қатынасы артады. Физикалық капиталдың 
(құрал-жабдықтар,  материалдар,  шикізаттар)  жалпы  капиталдың 
құрамындағы  өседі,  ал  адам  капиталының  үлесі  азая  береді.  К. 
Маркстің  пікірінше,  еңбек  өнімділігінің  артуы  жұмысшыларды 
ығыстырады.  Бұдан  басқа,  өндірістің  дамуының  циклдік  сипаты 
жұмысшылардың бірқатар тобын жұмыстан мәжбүрлі түрде босатып 
отырады, дағдарыс пен тоқырау фазаларында жұмыссыздық өседі, ал 
жандану мен өрлеу фазаларында ол азаяды.
Батыстың экономикалық әдебиеттерінде жұмыссыздық мәселесі-
нің  мәжбүрлі  сипатқа  ие  болатындығын  алғаш  мойындаған  Дж. 
Кейнс деп айтылады. Бірақ ол жұмыссыздықтың бірқатар бөлігінің 
ерікті түрге ие болатындығын да жоққа шығармаған. Кейнстік теория 
жұмыссыздықтың пайда болу себебін тұрғындардың тауарларға деген 
сұранысының жеткіліксіздігінен, олардың төлем қабілеттігінің төмен 
болуынан және жалақы мөлшерлемесінің тым жоғары болуынан деп 
түсіндіреді.  Жиынтық  сұраныстың  жеткіліксіздігінен  адамдардың 
жинақтауға  деген  бейімділігі  мен  инвестициялық  белсенділіктері 
әлсіз болады. 
Неоклассикалық теорияның көрнекті өкілі А. Пигу 1923 жылы 
жарияла-ған  «Жұмыссыздық  теориясы»  еңбегінде  осы  мәселенің 
қыр-сырын басқаша түсіндіре алды, яғни неоклассиктердің ойынша, 
жұмыссыздықтың басты себебі болып жалдамалы жұмыскерлердің 
өз жұмыс орындарын ерікті түрде таңдауы табылады. Жұмысшылар 
аса жоғары жалақыға ғана жұмыс істеуге дайын, сондықтан жұмыс 
күшіне деген сұраныс төмендейді. 


255
Монетаризм теориясы болса жұмыссыздықтың пайда болу себебін 
мемлекеттің ақша-несие саясатын дұрыс жүргізбеуінен деп дәлелдеуге 
тырысады. Елдегі ақша массасын және оның айналымын дұрыс реттей 
отырып, өндіріс үдерісін тиімді ұйымдастыруға болады. 
Ағылшын  экономисі  Томас  Мальтустың  (1766-1834)  атымен 
байланысты  мальтузиандық  теория  жұмыссыздық  мәселесінің 
туындауын елдегі халық санының өсуімен байланыстырады. Халық 
саны әр 25 жылда екі еселеніп отырады, ал оларға қажетті тұтыну 
заттары олай өсе алмайды, сол себепті тұрғындардың бір бөлігіне 
өмір сүру құралдары жетіспей олар кедейленеді және жұмыссыздыққа 
ұшырайды. Сондай-ақ, халық санының өсуімен қатар, елге сырттан 
имигранттардың келуі де бұл мәселені ушықтырып жіберуі мүмкін 
деп айтады.

жүктеу 2,49 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   425   426   427   428   429   430   431   432   ...   610




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау