Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов



жүктеу 2,49 Mb.
Pdf просмотр
бет279/610
Дата04.01.2022
өлшемі2,49 Mb.
#36085
түріОқулық
1   ...   275   276   277   278   279   280   281   282   ...   610
Экономикалык теория

Негізгі  ұғымдар
шығындар,  айқын  шығындар,  айқын  емес 
шығындар,  тұрақты  шығындар,  өзгермелі  шығындар,  жалпы 
шығындар,  орташа  шығындар,  шекті  шығындар,  трансакциондық 
шығындар, табыс, жалпы табыс, орташа табыс, шекті табыс, пайда, 
экономикалық пайда, бухгалтерлік пайда, қалыпты пайда, т.б.
8.1. Өндіріс шығындарының теориясы. Трансакциондық 
шығындар
Шығындар  және  өндіріс  шығындары  ұғымы  экономикалық 
теория ұғымдарының ішінде ерекше, аса маңызды рөлді атқарады, 
өйткені  олар  бәсекелестік  ортада  фирма  қызметінің  тағдырына, 
оның көлеміне, болашақ дамуына, және соңында табысы мен пайда 
мөлшеріне тікелей әсер етеді.
Шығындар, ең алдымен өндіріс шығындары туралы теориялық 
көзқарастар  классикалық  саяси  экономияның  негізгі  өкілдері  А. 
Смит пен Д. Рикардоның зерттеулерінде кездеседі. Смит абсолютті 
шығындар  тұжырымдамасын,  Рикардо  салыстырмалы  шығындар 
тұжырымдамасын енгізген. Олар өндіріс шығындарын өнімнің жеке 
бірлігін жасауға кеткен қоғамдық қажетті еңбектің орташа шамасымен 
байланыстырады. 
Марксизм теориясы өндіріс шығындарын кеңінен зерттеді. Бұл 
теорияның басты өкілі К. Маркс өзінің «Капитал» атты еңбегінде 


152
өндіріс шығындарын жан-жақты талдады. Ол тауардың жасалуын 
және оған жұмсалған шығындарды өндіріс құрал-жабдықтарымен 
және жұмыс күшімен байланыстырды. Тауардың құнын құрайтын 
еңбек шығындарын нақты шығындар деп атайды.
Маржинализм теориясы өндіріс шығындарын тауардың ерекше 
қасиеті болып табылатын пайдалылық ұғымы тұрғысынан зерттейді. 
Пайдалылық,  соның  ішінде,  тауардың  жалпы  пайдалылығы  және 
шекті  пайдалылығы  психологиялық  құбылыс  ретінде  өндіріс 
факторлары үшін фирмалар төлейтін соңғы соманың шамасы болып 
табылады. Маржиналистер экономикалық ғылымға шекті шығындар 
тұжырымдамасын енгізген, ол туралы біз әлі айтатын боламыз.
Институционализм  бағытының  өкілдері  шығындар  теориясын 
әріқарай  дамыта  түсті.  Олар  өндіріс  шығындарынан  басқа  жеке 
шығындардың, қоғамдық шығындардың, абсолюттік шығындардың, 
қаржылық шығындардың, сонымен қатар қысқа мерзімді және ұзақ 
мерзімді шығындардың бар екендігін бөліп көрсетті. 
Неоклассикалық  теория  өндіріс  факторларына  жұмсалатын 
шығындарды өнім көлеміне тәуелді өзгермелі шығындар және өнім 
көлеміне тәуелді емес тұрақты шығындар деп ажыратады. Сондай-
ақ,  өзгермелі  шығындардың  да,  тұрақты  шығындардың  түрлерін 
анықтайды.
Соңғы уақыттарда неоинституционализм бағытының басты өкілі Р. 
Коуз енгізген 

жүктеу 2,49 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   275   276   277   278   279   280   281   282   ...   610




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау