Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов



жүктеу 2,49 Mb.
Pdf просмотр
бет170/610
Дата04.01.2022
өлшемі2,49 Mb.
#36085
түріОқулық
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   610
Экономикалык теория

Qs = f (P, Pr, К, Т, N, В),
мұндағы, Pr – ресурстардың бағалары; К
 –
 технология; Т
 –
 салықтар 
мен субсидиялар
N –
 сатушылардың саны; В
 –
 басқа да факторлар.
5. Ұсыныс қисығы
 – ұсыныс заңының графикалық көрінісі. Ол 
сатушылардың әртүрлі бағаларда сата алатын игіліктерінің көлемін 
көрсетеді. Ұсыныс қисығы әдетте, оң көлбеулі болып табылады.
5.3-сурет. 
Ұсыныс қисығы
Ұсынысқа әсер ететін факторларға байланысты ұсыныс қисығы 
өзгеріске  ұшырайды.  Баға  факторы  әсер  еткенде  ұсыныс  көлемі 
өзгеріп қисықтың бойында өзгеріс орын алады. Мысалы, игіліктің 
бағасы өскенде ұсыныс көлемі де өседі немесе баға төмендегенде 
ұсыныс көлемі қысқарады. Бірақ, біз баға өзгергенде бағалық емес 
факторларды тұрақты деп болжаймыз. Ал бағадан тыс факторлар әсер 
еткенде ұсыныстың өзі өзгеріп, қисық оңға немесе солға жылжиды. 
Мысалы,  ресурстардың  бағасы  төмендесе,  онда  ұсыныс  кеңейіп 
қисық оңға жылжиды немесе ресурстардың бағасы өссе, онда ұсыныс 
төмендеп қисық солға жылжиды. Бірақ біз бағалық емес факторлар 
өзгергенде бағалық факторды тұрақты деп болжаймыз. Осыларды 
төмендегі суреттерден көруге болады.


91
5.4-сурет.
 Ұсыныс қисығының өзгеруі
Сонымен, ұсынысқа бағалық фактор әсер еткенде ұсыныс көлемі, 
бағалық  емес  факторлар  әсер  еткенде  ұсыныстың  өзі  өзгереді. 
Сондықтан  ұсыныс  көлемінің  өзгеруі  мен  ұсыныстың  өзгеруін 
шатастырмау қажет. 
Сұраныс пен ұсыныс тарапынан сатып алушылар мен сатушылар-
дың  ортақ  мүдделерінің  келістірілуі  нарықтық  тепе-теңдіктің 
орнауына алып келеді.

жүктеу 2,49 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   610




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау