Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов


  Сұраныстың  табыс  бойынша  икемділігі



жүктеу 2,49 Mb.
Pdf просмотр
бет178/610
Дата04.01.2022
өлшемі2,49 Mb.
#36085
түріОқулық
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   610
Экономикалык теория

3.  Сұраныстың  табыс  бойынша  икемділігі
  –  тұтынушы 
табысының  пайыздық  өзгеруіне  байланысты  тауарға  деген  сұра-
ныс  көлемінің  пайыздық  өзгеруін  сипаттайтын  сұраныстың 
сезімталдық дәрежесінің көрсеткіштік коэффициенті. Бұл икемділік-
тің коэффициенті мына формуламен беріледі:
E
D
I
 = 
D
Q% / 
D
I%,
мұндағы, E
D
I
 – сұраныстың қиылысқан икемділігінің мәнін көрсететін 
коэффициент; 
D
Q% – тауарға деген сұраныс көлемінің салыстырмалы 
өзгеруі; 
D
I%  –  тұтынушы  табысының  салыстырмалы  өзгеруі. 
Әрине,  бұл  жерде  табыс  деңгейі  сұранысқа  әсер  ететін  маңызды 
факторлардың  бірі  болғандықтан,  оның  өзгеруінен  тауарлардың 
әр  типіне  деген  сұраныс  әртүрлі  жағдайда  өзгеріп  отырады.  Егер 
табыстың пайыздық өзгеруі сұраныс көлемінің пайыздық өзгеруіне 
қарағанда  кем  болса,  онда  сұраныс  табыс  бойынша  икемді  (E
D

>1). Егер табыстың пайыздық өзгеруі сұраныс көлемінің өзгеруіне 
қарағанда артық болса, онда сұраныс табыс бойынша икемсіз (E
D

<1) болып табылады. Мысалы, біріншіден, табыс өскенде кәдімгі 
(қалыпты)  тауарларға  да  сұраныс  артады  және  ол  кемімелі  оң 
тәуелділікпен сипатталады. Яғни уақыт өткен сайын табыстың өсуіне 
қарағанда бұл тауарларға сұраныс баяу қарқынмен өсіп отырады. 
Сондықтан  кәдімгі  тауарлар  үшін  сұраныстың  табыс  бойынша 
икемділігінің мәні нөлден үлкен және 1-ден кіші (оң) болады: 0< E
D

<1. 
Кәдімгі тауарлардың мысалына тамақ, киім-кешек, тұрмыстық тұтыну 
заттары жатады. Екіншіден, табыс өзгергенде бірінші қажеттіліктегі 
тауарлар үшін сұраныс өзгермейді және табыс бойынша сұраныс өте 
икемсіз (нөлдік мәнді) болып табылады: E
D

=0. Бірінші қажеттіліктегі 
тауарлардың мысалына тұз жатады. Үшіншіден, табыс өскен сайын 
қымбат  бағалы  заттарға  (сапалы)  немесе  ұзақ  пайдаланылатын 
тауарларға сұраныс тез қарқынмен өседі. Мұндай тауарларға деген 
табыс бойынша сұраныс икемділігінің мәні әрқашанда 1-ден үлкен 
(оң) болып келеді: E
D

>1. Қымбат бағалы заттарға асыл тастар, қымбат 
автокөліктер, антиквариат бұйымдары, яхталар, тұрғын үйлер, т.б. 
жатады. Төртіншіден, табыс өскенде қалыпты емес немесе сапасыз 
тауарға (арзан) сұраныс төмендей береді. Мұндай тауарларға деген 
табыс бойынша сұраныс икемділігінің мәні әрқашанда 0-ден кіші 
(теріс) болып келеді: E
D

<0. Бұл тауарлар бағасы және сапасы төмен 


96
жақын  алмастырушылар  болып  табылады,  яғни  табыс  өскенде 
тұтынушылар оның сапалы алмастырушыларын тұтына бастайды 
деген сөз. Сонымен, табыстың өзгеруіне байланысты осы аталған 
тауарларға деген сұраныс икемділіктерінің мәндерін график арқылы 
көрсете аламыз.
Ұсынысқа  әсер  ететін  басты  фактор  баға  болғандықтан,  бұл 
жерде  ұсыныстың  бағалық  икемділігі  деген  түрі  қарастырылады. 

жүктеу 2,49 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   610




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау