5.4. Сұраныс пен ұсыныс: мәні, әсер ететін факторлары,
заңдары, қисықтары. Нарықтық тепе-теңдік
Сұраныс
– төлем қабілеттілігі бар қажеттілік. Сұраныс тұтыну-
шылардың белгілі бір уақытта берілген баға бойынша тауарлар
мен қызметтердің берілген көлемін сатып алуға деген дайындығын
көрсетеді.
Сұраныстың мәнін толық түсіну үшін төмендегідей ұғымдарды
енгіземіз:
1. Сұраныс заңы
– игіліктің бағасы мен сол игілікті сатып
алу көлемі арасындағы кері байланысты сипаттайтын нарықтық
ұстаным. Игіліктің бағасы өскен сайын сатып алу көлемі азайып,
тұтынушылардың сатып алушылық қабілеті төмендейді. Және
керісінше, игіліктің бағасы төмендеген сайын сатып алу көлемі
ұлғайып, тұтынушылардың сатып алушылық қабілеті артады.
|