3) Экономикалық ұтымдылық принципі
– рационалды
субъектінің өз алдына қойған мақсаттарын жүзеге асыру барысында
берілген шығындар деңгейінде немесе ең аз шығынмен максималды
нәтижелілікке жетуіндегі ұтымды шешім қабылдау әрекеті мен мінез-
құлқы. Бұл жерде нарықтың әрбір субъектісі аса жоғары көрсеткішке
жетуіне тырысады: тұтынушы өз қажеттіліктерін максималдауды,
фирма өз пайдасын арттыруды, мемлекет халықтың әл-ауқатын
көтеруді мақсат етеді.
Осы аталған принциптер негізінде нарық механизмі сұраныс пен
ұсыныс сияқты қарама-қарсы күштерді және нарықтық бағаларды
пайдалануға негізделген нарықтық тепе-теңдікті қалыптастыруға
мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |