Тесіктерді бұрғылау бұрғының айналымы мен оның оське
берілісі кезінде жүзеге асады (1.29, а сурет). Құрал қызметін кәдімгі
шиыршықты бұрғы немесе басқа конструкциялы бұрғы атқарады.
Бұрғылау білдегінде көбінесе
бұрғылап кеңейтуді орындайды,
яғни бұрын бұрғыланған тесікті диаметрі үлкен бұрғымен қайтадан
өңдейді. Бұл жағдайда, үлкен диаметрлі тесіктерді бұрғылау кезінде
центрлер арасындағы ара қашықтық сақталады, себебі үлкен
диаметрлі бір бұрғы бұрғылау осінен көп ауытқу беруі мүмкін.
Кәдімгі бұрғылау кезінде тесіктің 8-11 квалитеті бойынша дәлдігіне
жеткізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: