тек 3 немесе 5 – координатты фрезерлеуді қолдану кезінде ғана
мүмкін болады. 2 — 5-координаттық геометриялық және
технологиялық қатынастарда неғұрлым оңай болады.
Фрезаның типтік траекториялары.
Фрезерлік өңдеу кезінде
траекторияны қалыптастырудың екі негізгі әдісі бар: ирек және
спираль.
Ирек әдісі
өңдеу құралының параллель жолдар бойымен бір
жолдан аймақ шегі бойымен екінші жолға өту арқылы қарама-қарсы
бағытта қозғалыс жасайтынымен сипатталады. Бұл әдістің
фрезерлеудегі ауыспалы сипатына қарай белгілі кемшіліктері болса
да қазіргі уақытта кең таралған. Егер құрал бір жол бойымен бер
бағытында істесе, ал келесі жолда қарама-қарсы беру бағытында
жұмыс жасайтын болады. Осындай сурет бір жолдан келесі жолға
шек бойымен өткен кезде де байқалады. Мұның бәрі кесу күшін
өзгертуге әкеледі және бетінің дәлдігі мен сапасына теріс әсер
береді. (Сонымен бірге, фрезерлеу тереңдігін анықтайтын көрші
жолдардың арасы құрал диаметрінен болмашы көрінген
жағдайларда, кесу күшінің өзгеруі көп болмайтынын ескеру қажет).
Ирек сұлбаның келесі кемшілігі – құрал траекториясында
сынықтардың көп болуы. Бұл да кесу динамикасына теріс әсер етеді
және көп жағдайларда бағдарламалық басқаруы бар белдіктің беру
жетектерінің динамикасы себепші болатын, екпіндете тежеу
операцияларын орындау қажеттілігіне байланысты өңдеу уақытын
көбейтеді.
Ирек сұлба шекараларды өңдеу тәртібіне байланысты бірнеше
түрлерге бөлінеді: шекараларды айналусыз (5.17, а-сурет); аймақты
өңдеу соңында шекара бойымен өту 5.17, б-сурет); шекара бойымен
алдын ала өту (5.17, в-сурет).
Шекараларды алдын ала кесу құралды осы өткелді орындау
кезінде кесу симметриясын қамтамасыз етеді, сондай-ақ әр жолдың
басында және соңында келесі өңдеуге арналған құралдың жұмыс
жағдайын жеңілдетеді. Алайда, беріктік шарты нашарлайды,
өйткені құрал кесу жолының учаскесінде толық тереңдікте жұмыс
істейді. Кейінгі бөлшектеу жұмыс жағдайын оңайлатады, бірақ
өңдеудің динамикасын нашарлатады, себебі құрал ауыспалы кесу
тереңдігімен жұмыс істейді. Сол себепті «ирек» сұлбасын (5.17, б-
сурет) қолдану кезінде
Достарыңызбен бөлісу: