Пісірілетін тетіктерде суығаннан соң қалдық деформация
қалыптасуы мүмкін. Ол ақаулықтарды түзетумен жояды.
Бөлшектерді түзету соққы немесе статикалық жүктеме көмегімен
механикалық немесе нақты реттілікпен дәнекерлейтін жапсарды
жергілікті қыздырумен орындалатын термиялық болуы мүмкін.
Дәнекерлеу қосылыстарының ақаулықтарын анықтау үшін үш
кезеңмен орындалатын бақылаудың түрлі әдістерін қолданады:
■
пісіру үшін әзірленетін тетіктерді алдын ала бақылау;
■
операциялық бақылау
;
■
дайын дәнекер қосылысты бақылау
.
Көптеген сыртқы ақаулықтарды көзбен шолып анықтауға
болады. Ішкі ақаулықтарды анықтау үшін ультрадыбыстық немесе
рентгендік дефектоскопты қолданады. Дәнекер жапсарының
саңылаусыздығын,
тесік іздеуші немесе сығылған ауа немесе
қысымды сұйықтық
көмегімен саңылаусыздыққа сынаумен
тексереді.
Достарыңызбен бөлісу: