Тарта жонуды біліктегі қарама-қарсы екі диаметрлі ойымдармен
бір уақытта екі блокты тартумен жүргізіледі, біліктің келесі бұрылу
бұрышы а = 360°/х, мұндағы х - оймакілтектердің саны. Тарту
блогы тәуелсіз радиалды жылжитын кескіштер жиынтығынан
тұрады. Бұл әдіс өтпелі және өтпелі емес оймакілтектерді өңдеуге
мүмкіндік береді.
Өнімділігі жағынан оймакілтектерді ою мен оймакілтектерді
тарту 5-8 есе (оймакілтектердің өлшемдеріне байланысты)
оймакілтектерді жонудан артық болады. Оймакілтектерді суық
бүрлеу әдісі перспективалы, мұнда олардың пішіні жоңқа алусыз
аунақшалы, рейкалы және көп аунақшалы пішінді бастиектерсіз
плактикалық пішін өзгертуімен түзетеді. Бүрлеу кезінде металл
қабатын нығыздау оймакілтекті біліктердің беріктілігін арттырады.
Кейде, суық бүрлеу біліктердің термиялық өңделуінен және
оймакілтектердің механикалық өңделуінен бас тартуға мүмкіндік
береді. Негізінде суық бүрлеумен эвольвентті оймакілтектерді
жасайды.
Эвольвентті пішіндегі оймакілтектер 2,5 мм дейінгі модульмен
екі немесе үш аунақшаларды суық бүрлеумен алады, олар
технологиялық жүйесіне байланысты икемді деформацияны есепке
ала отырып, алдын ала өңделген дайындаманың бөлу шеңбері
бойынша орнатады. Бүрлеу аунақшаларын Х122ФН және Х6ФН
маркалы жоғары шынықтырылған болаттан жасайды. Белгілі бір
модульдегі бір аунақшамен оймакілтектерінің саны әртүрлі
біліктерді өңдеуге болады. Бүрлеуге 220 НВ артық емес
қаттылықтағы дайындамалар түседі. Алынатын дәлдік қадам
бойынша 0,01...0,03 мм, жиналған қатесі 0,05.0,1 мм қадамы
бойынша, кедір-бұдырлығы
Ra
0,63...0,32 мм. Оймакілтектердің
ұзындығына байланысты өнімділік бүрлеу кезінде оймакілтекті
жону кезіне қарағанда 10 есеге артық.
Ішкі диаметрдің үстіңгі беті бойынша центрленетін оймакілтекті
термоөңделген үстіңгі беттердің көбі оймакілтектерді кесуден кейін
бұдан әрі оймакілтекті жонуға түседі. Біліктерде оймакілтектердің
пішінін түзетін үстіңгі беттері ішкі диаметрінің үстіңгі бетімен
центрленеді, бір жүргенде пішінді шеңберлермен ажарлайды. Екі
рет өткенде оймакілтектердің бүйір жақ беттерін екі цилиндрлі
дөңгелектермен ажарлайды, ал содан кейін ішкі центрлеуші
диаметрінің бетін ажарлайды.
Дәлдігі және өнімділігі жағынан ең үздік нәтижелерді бір
пішінді дөңгелекпен ажарлау береді. Оймакілтекті біліктер сыртқы
диаметрі бойынша центрлегенде дөңгелек-ажарлаушы білдектерде
ажарлайды, ал содан кейін оймакілтектерді жонады, бұл бір
кешенді калибр-тығынмен жасауға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: