[Введите текст]



жүктеу 1,49 Mb.
Pdf просмотр
бет32/36
Дата03.02.2022
өлшемі1,49 Mb.
#35482
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36
Пралиева Гульзия окулык

 
 
 
 
 
 
 
 
 
2-қосымша 
 
Оқу-әдістемелік кешен 
Оқу  бағдарламасында  «ХХ  ғасырдағы  қазақ 
әдебиеттануы»  пәнінің  алдына  қойылған  мақсаттары  мен 
міндеттері көрсетілген. 
Қазақ  елінің  әлеуметтік-экономикалық  және  рухани-
мәдени  дамуы  жолындағы  аса  күрделі  кезең  болған  ХХ 
ғасырдағы  қазақ  әдебиеті  тарихын  қайта  қарап,жаңадан 
жазуға  деген  талпыныс  тәуелсіздік  алған  1991  жылдан 
бастап  шын  мәнінде  қолға  алына  бастады.Бүгінгі  дербес 


[Введите текст] 
 
 
205 
Қазақстан-егеменді  ел    болумен  қатар  демократияшыл 
қоғам  құрылысын  қолға  алған  мемлекет  болып 
саналады.Ежелден  еркіндік  аңсаған  қазақ  енді  тәуелсіз 
рухани  бостандыққа  ие  болды.Тізгіндеулі  тіліміз 
бостандық  алып,  тоталитарлық  режимнің  тар  қапастағы 
тұншыққан  ой-бұғауын  бұзып,еркін  ойлай  бастадық.Сана 
еркіндігі  біздің  төл  тарихымызды  түгендеуге,ежелгі 
дәуірдегі әдеби мұраларымызды мұқият жинап,жүйелеуге 
мүмкіндік  берді.Осы  мақсатта  ,ең  біріншіден,әдебиет 
тарихынан  бүкіл  қауымға  белгілі  есімдердің,тіпті  ел 
мұрасы  саналған  жыр,дастандардың,  әр  түрлі  саяси-
таптық  көзқарастарға  байланысты  алынып  тасталғанын 
ескере отырып,оларды өздерінің тарихи орындарына қою 
қолға 
алынуда.Тіпті 
көне 
дәуірлердегі 
ежелгі 
жәдігерлеріміздің  тарих  сахнасынан  түсіп  қалуы,»барлық 
мәдениет тек кеңестік кезеңнен кейін ғана дамыды»деген 
бөгде 
сана 
қалыптастыру 
мақсатында 
мүлдем 
көзжұмбайлыққа салынған бірнеше ғасырдың әдебиеті де 
енді ғана зерттеліп,әдеби айналымға ене бастады.Сондай-
ақ,  кеңес  дәуірінде  тек  таптық  тұрғыдан  ғана  аттары 
аталып,шығармалары  талданған  тұлғаларға  берілген 
біржақты  бағаларды  енді  таза  көркемдік  талап 
тұрғысынан  талдау  қажеттілігі  туындауда.Сондықтан  да 
ХХ  ғасырдың  әрбір  кезеңін,оны  құрайтын  ұлы 
тұлғалардың  шығармалары  мен  қоғамдық  қызметтері 
нақты  тарихи  деректермен  дәлелденіп,нақты  көркем 
мәтіндер  арқылы  анықталмақ.  ХХ  ғасырдағы  әдеби 
процесс,  кеңестік  саясат  кезінде  репрессияға  ұшыраған 
ұлы 
тұлғалардың 
 
өмірбаяндары 
мен 
шығармашылықтары, олардың ұлттық сөз өнеріне қосқан  
үлестері  тек  тәуелсіздік  алғалы  бері    зерттеліп  келеді. 
Қазақ  әдебиетінің  ХХ  ғасырдағы  барлық    кезеңдерін 
қамтитын  әдеби  мұралар  осы  пән  бойынша  студенттерге 
жан-жақты оқытылып,таныстыру міндеті тұр. 
 
ТИПТІК БАҒДАРЛАМА 
АЛҒЫ СӨЗ 
ХХ  ғасырды  құрайтын  қазақ  әдебиетінің    тарихы 
жоғарыда  аталған  пән  аясында  студент-жастарға 
қоғамдық,  әлеуметтік  ,саяси,  рухани  т.б  өмірлеріндегі  ең 
бір қайшылықты, күрделі дәуірдің әдеби процесінен жан-
жақты  мәлімет  береді.  Тәуелсіздіктің  нәтижесінде    өз 
ұлтымызға  тиесілі  мәдени,  тарихи    құндылықтарымызды 
қайтаруға  қол  жеткізіп,  кезінде  көрнекті  ғалым 
Б.Кенжебаевтың  жетекшілігімен  зерттеу  жұмыстарын 
жүргізген  бір  топ  ғалымдар  Мырзатай  Жолдасбеков 
(Орхон-Енисей  жазулары),  Мұхтар  Мағауин  (ХҮ 
ғасырдағы жыраулар поэзиясы), Алма Қыраубаева, Немат 
Келімбетовтер енгізген  ежелгі дәуір әдебиеті деген ұғым 
қазіргі  қазақ  әдебиеті  тарихынан  өз  орнын  алды.  Жалпы 
түркі халықтарына ортақ мұраларда қазақтың сөз өнерінің 
төркіні,  түп-тамыры  жатқандығы  бүгінде  ғылыми 
тұрғыдан 
дәлелденіп, 
солардың 
теориялық 
тұжырымдарының  нәтижесінде  оқулықтар  жазылды. 
Оның  туу,  қалыптасу,  даму  жолдары  бүгіде  әр  түрлі 
зерттеушілер  тарапынан  зерттеліп,  әр  түрлі  деңгейде,әр 


[Введите текст] 
 
 
206 
түрлі  көзқарастарда  жазылып  жүр.Осы  ізденістердің 
нәтижесінде төл әдебиетіміздің тарихы тереңдеп,тамырын 
кеңге  жаюда.Әсіресе,әдебиеттің  кезеңдерін  дәуірлеу 
мәселелері жөнінде әр түрлі ғылыми пікірлер,көзқарастар 
да 
баршылық.Ол 
жөніндегі 
Н.Келімбетовтің, 
М.Жолдасбековтің  ,  М.  Мырзахметовтің  ,  М.Мағауиннің, 
Т.  Кәкішевтің  т.б  ғалымдардың  соны  көзқарастары 
жөнінде осы оқулық барысында біраз ойлар айтылған.Бұл 
оқулықтың  «ХХ  ғасырдағы  қазақ  әдебиеттануы»деп 
аталуынан  аңғарғанымыздай,  бұл  оқулық  қазақ  әдебиеті 
тарихын  түгендеу  емес,сол  абыройлы  қызметті  атқарып 
жүрген  көрнекті  ғалымдардың  зерттеулеріне  шолу  жасай 
отырып,тәуелсіз қазақ әдебиетінің тарихы қалай жазылып 
жатыр,оның қандай жаңалығы бар деген сауалдарға жауап 
іздеу.Тәуелсіздік  алған  жылдары  жазылған  зерттеулер 
ұлттық 
әдебиет 
тарихына 
байланысты 
тарихи 
мәліметтерле,сөз  өнерінің  қасиеті,  оның  тыңдаушыға 
эстетикалық  әсері  туралы  ойлар  айтылғанын,тасқа 
түсірілген  түркі  басқа  ескерткіштерінен  бастап,  Шоқан 
Уәлиханов,  Абай  Құнанбаев,  Ыбырай  Алтынсаринға  т.б 
дейінгі  дәуірлерде  азды-көпті  айтылып  жүрген  пікірлер 
қазақ  әдебиеттану  ғылымының  тууына  әсер  еткені 
белгілі.Қазақ  әдебиетін,оның  поэзияға  қатысты  құнды 
пікірлердің  бастауын  зерттеушілер  әрдайым  аты  аталған 
ұлы  тұлғалардың  еңбектерінен  бастауының  себебі  де 
сондықтан.Шын 
мәніндегі 
әдебиеттің 
«асыл 
сөз»болып,өнерге 
ұласуын 
мамандар 
жыраулар 
поэзиясындағы ақындық қуаттан деген ойды жақтайды. 
1926  жылы  жарық  көрген  А.Байтұрсыновтың 
«Әдебиет  тантқышы»-қазақ  әдебиеттану  ғылымының 
кеңес  кезіне  дейін  ана  тілімізде  жазылып,биік  теориялық 
деңгейде 
қалыптасқандығын 
дәлелдейді.Ал,ұлттық 
әдебиеттану  ғылымының  тууы,яғни  түп-тамыры  –әл-
Фарабидің  «Мемлекет  қайраткерлерінің  афоризмдері», 
«Ғалымдар  энциклопедиясы»,  «Аристотель  еңбектеріне 
түсініктеме»,  «Өлең  кітабы»,»Өлең  өнерінің  қағидалары 
туралы»,»Поэтика  және  поэтикалық  ойлау»,»Поэтикалық 
шығармалар  түрі»  т.б  атты  еңбектеріне  бастау 
алады.Оның  «Сөз  ғылымын  классификациялау»,»Сөз  бен 
әріп  туралы»,  «Жазу  өнері  туралы»  деген  теориялық 
еңбектері стиль мәселесіне арналған.Әдебиетші-ғалымдар 
Ә.Дербісәлі 
мен 
Н.Келімбетов 
Аристотельдің 
еңбектеріндегі  әдеби  тұжырымдар  мен  категориялық 
атауларды  өз  бетінше  дамытып,поэзияны  13  жанрлық 
түрге  бөлгенін,  оның  ежелгі  араб,  парсы,  грек 
поэзиясының  көркемдік  қуаты  туралы  теориялық  ойлар 
айтқанын  анықтаған.    Сондай  әдебиетіміздің  соны 
беттерінің  бірі  –  ХХ  ғасыр  басындағы  қазақ  әдебиеті.        
А 
Байтұрсынұлы, 
Ә.Бөкейхан, 
Ж.Аймауытұлы, 
М.Жұмабаев, 
М.Әуезов, 
Х.Досмұхамедұлы, 
Қ.Кемеңгерұлы,  С.Сәдуақасұлы  т.б  сынды  Алаш 
зиялыларының  сөз  өнеріне  қатысты  құнды  ойлары  осы 
оқулықта  қарастырылған.  Олардың  ғасыр  басындағы 
баспасөз  беттерінде  жарияланған  әдеби  мақалалары,  сөз 
өнеріне 
қатысты 
пікірлері, 
айтыстары 
қазақ 
әдебиеттануының 
тарихы 
кеңес 
кезеңіне 
дейін 


[Введите текст] 
 
 
207 
қалыптасқандығын  дәлелдейді.  Міне,  бұлардың  бәрі 
тәуелсіздігіміз арқылы қол жеткізген «Мәдени мұра» атты 
мемлекеттік  бағдарламаға  сәйкес  өмірге  келген  «Қазақ 
әдебиеті  тарихының»  10  томдығы  еңбегінде  егжей-
тегжейлі  зерттелінді.Оқу  құралы  осы  10  томдық  тарихқа 
шолу  жасай  отырып,қайта  жазылған  қазақ  әдебиеті 
тарихының  зерттелу  барысынан  толық  мағлұмат  береді.   
Әдебиетіміздегі  әр кезеңдерде  орын  алған  ақтаңдақтарды 
зерттеп,ғылыми  айналымға  ендіру  арқылы  біртұтас  қазақ 
әдебиеті  мен  оның  зерттелу  тарихы  жазылғанын 
мәлімдейді.  Сондықтан  да    бүгінгі  таңда  ғылыми 
тұтастыққа  ие  болған    ұлттық  әдебиеттану  пәнінің  өзекті 
мәселелерін,  әсіресе  бұрыннан  қалыптасқан  рухани 
құндылықтар жүйесін жаңа заман тұрғысынан қайта жазу 
қажеттілігі  туып,  жоғары  оқу  орындарының  филология 
факультеттерінің  студенттеріне,  болашақ  әдебиетші 
мамандарға    қазақ  әдебиеттану  ғылымы    туралы  толық 
тарихи,  ғылыми  мәліметтер  беру  үшін  сол  кезеңнің 
қоғамдық-әлеуметтік  жағдайын  кеңірек  әңгіме  ететін 
мерзімді  баспасөз  беттеріндегі  әдеби  сын  мақалаларға, 
әдеби айтыстарға көбірек көңіл аударып, уақыт тынысын 
тап  басып  аңғаруға  талпыныс  жасалды,  бұл  оқу 
құралында. 
Қазақ  әдебиеті  тарихында  тақырыптық,  идеялық, 
жанрлық,  көркемдік  жағынан  ерекше  көзге  түскен  кезең 
ретінде  жоғары  бағаланатын  ХХ  ғасыр  басындағы  әдеби 
процесс,  ежелгі  дәуір  әдебиетінің  зерттелуі,  1950-80 
жылдар  аралығындағы  әдеби  сынның  өркен  жаюы, 
тәуелсіздік  кезеңіндегі  рухани  қозғалыс,  сөз  өнерінің 
бүкіл  тарихының  қайта  жазылуы,зерттелу  барысының 
сапасы  т.б  көкейкесті  әдеби,  ғылыми  ақпараттар  т.б  «ХХ 
ғасырдағы  қазақ  әдебиеттануы»  атты  арнаулы  оқу 
құралында жан-жақты қарастырылады. 
Бағдарлама  негізінде  ұсынылып  отырған  бес  кезеңге 
бөлініп  оқытылатын  «Қазақ  әдебиет  тарихы»  және 
«Әдебиет  теориясы»  атты  пәндердің  құрамдас  бір  бөлігі 
болып  табылатын  аталған  оқу  құралы  қазақ  тілі  мен 
әдебиеті  мамандығы  бойынша  білім  алатын  студенттерге 
арналған. 
Бағдарлама  бойынша  өтілетін  теориялық  курс 
ауқымында  өтілетін  бұл  еңбекте  ХХ  ғасырдағы  әдеби 
процеске, сол кезеңдегі әдебиеттің даму ерекшеліктеріне, 
белгілі  әдебиетші  ғалымдардың  зерттеулеріне  теориялық 
талдау жасалады. Тәуелсіз қазақ әдебиеттану ғылымының 
зерттелу барысы, жаңа әдебиеттің  жай-күйі мен өркендеу 
жолы, даму заңдылықтары жан-жақты қарастырылады. 
      Ұсынылып  отырған  жаңа  бағдарламада  бұл  пәннің 
философия,  тарих,  психология,  педагогика  сияқты 
гуманитарлық  ғылымдармен байланысына назар аударды.  
 
ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ 
КІРІСПЕ 
ХХ  ғасырдағы  әдеби  процесс,  әдебиеттегі  көркем 
бағыттар  мен  әдістер,  тәуелсіздік  кезеңдегі  көрнекті 
әдебиетші  ғалымдардың,  зерттеушілердің  еңбектері, 
әсіресе    бүгінгі  уақыт  талабына  сай  жаңаша  сарапталып, 


[Введите текст] 
 
 
208 
қайта жазылған «Қазақ әдебиеті тарихының» 10 томдығы  
ұлттық  әдебиеттану  ғылымының  басты  зерттеу  нысаны 
және пәні ретінде қарастырылады.       
Ұлттық  әдебиеттану  ғылымының  кәсіби  қалыптасу 
мен 
дамуының 
негізгі 
кезеңдері 
А.Байтұрсынов, 
Ж.Аймауытов, 
Ә.Бөкейханов, 
М.Жұмабаев 
т.б. 
шығармаларын  талдау  негізінде  жүзеге  асырылды. 
Ұлттық  әдебиеттануының  өзекті  мәселелері  енді  ежелгі 
дәуір  әдебиетінен  өріс  алды.  ХХ  ғасыр  басындағы 
мерзімді  баспасөз  беттеріндегі  әдеби  айтыстар.  Ондағы 
көтерілген  мәселелердің  шығармашылық  тұлғалардың 
тағдырына әсері. 
Қазақ  әдебиеттануының  әлеуметтік  -  гуманитарлық 
ғылымдар  саласында  алатын  орны,  өзге  ғылым 
салаларымен байланысы осы оқу құралында басты зерттеу 
нысанасына алынған. 
НЕГІЗГІ БӨЛІМ 
 
 «ХХ  ғасырдағы  қазақ  әдебиеттануы»  атты  оқу 
құралын  пайдалану  барысында  студенттерге  еліміздің 
өмірі  мен  тарихында  ерекше  орын  алатын  бір  ғасыр 
көлеміндегі барлық кезеңдегі тұтас әдеби процесс, ондағы 
түрлі  әдеби  ағымдар  мен  көркемдік  бағыттар,  көркем 
әдебиеттің  әр  түрлі  мәселелері  төңірегіндегі  дұрыс  және 
қайшы  пікірлер,  түрлі  пайымдаулар  төңірегіндегі 
талдаулар  ұсынылады,  сондай-ақ  ХХ  ғасырда  ғұмыр 
кешіп,  қазақ  әдебиетінің  тарихы  төңірегінде  қалам 
тербеген , ұлт әдебиетінің ауыр жүгін арқалаған талантты 
әдебиетші-ғалымдар  мен  сыншылар,  олардың  әдеби-сын 
мақалалары  мен  ғылыми  зерттеулері,  жалпы  әдеби 
мұралары жөнінде кеңінен  мағлұматтар беріледі. 
Қазақ  әдебиеттану  ғылымының  туып,  қалыптасып 
дамуына  дәнекер  болған  іргелі  ғылыми  еңбектердің 
авторы,  әдебиет  теориясының  басты  терминдері  мен 
түсініктерін 
ең 
алғаш 
анықтап 
берген 
А.Байтұрсынұлының  «Әдебиет  танытқыш»  (1926)  атты 
пәнінен бастау алған теориялық зерттеулер   қамтылады.  
Оқу 
құралын  пайдалану 
барысында 
әдебиет 
теориясы,  әдебиеттануға  кіріспе,  мәдениеттану,  эстетика, 
психология  пәндеріне,  сондай-ақ  баспа  және  баспасөз  ісі 
мәселелеріне  қатысты  деректерді  молынан  пайдаланып 
отыру қажеттігі ескерілуге тиіс. 
«ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеттануы» атты оқу құралы 
«050117-қазақ  тілі  мен  әдебиеті»  мамандығы  бойынша 
2004  жылы  бекітілген  Қазақстан  Республикасының 
мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  стандартына  сәйкес 
жасалды.   

жүктеу 1,49 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау