Ұлттық
әдебиеттану
ғылымының
көкейкесті
мәселелері”
атты тақырыпта халықаралық ғылыми–
теориялық конференция ұйымдастырылды. Қазіргі қазақ
[Введите текст]
186
әдебиеттану (әдебиет тарихы, сыны, әдебиет теориясы)
ғылымының көкейкесті мәселелері, тәуелсіздік кезеңіндегі
мақсат-міндеттері, атқарылып жатқан жұмыстары жайлы
ф.ғ.д., проф., сол кездегі институт директорының міндетін
атқарушы Б. Ыбырайымның “Қазақ ұлттық әдебиеттану
ғылымының өзекті мәселелері” атты баяндамасында жан-
жақты сөз болады. Тәуелсіздігіміздің тұсауы кесіліп,
ойландырған он жылда қазақ әдебиеттануы қандай
дәрежеге жетті, жаңа заман қандай талап, міндет жүктейді
деген сауалдар төңірегінде ой қозғаған баяндамашы:
“..қай заманда болсын, әдебиеттің даму заңдылықтарының
да өзіндік принциптері бар, әрі бұл принциптер қыруар
ұлттық әдебиеттерге ортақ. Ендеше қай ұлттық
әдебиеттанудың да әлемдік әдеби процестегі санқилы
құбылыстарды
тереңдей
тексеріп,
егжей-тегжейлі
таразылап, талдауға мүмкіндігі мол (7-б.), – дей келе, әр
қалада зерттеу орталығын ашатындай дарынды ғылыми
кадрлар даярлау, әр аймақтағы мамандардың өз іштерінде
жарияланған еңбектермен шектеліп қалуы, олардың бір-
бірімен тығыз байланыста болуы үшін әдебиеттанушылар
ассоциациясын құру қажеттілігі, зерттелер тақырыптың
көптігі жөніндегі проблемаларды қозғайды.
“Туған әдебиет тарихы: жаңа дәуір, жаңа көзқарас”
деген тақырыпта баяндама жасаған Абай атындағы
Алматы мемлекеттік университетінің ф.ғ.д., проф.,
Б.Әбдіғазиұлы:
“...Әсіресе,
әдебиетіміздің
әртүрлі
кезеңдеріндегі шығармашылық процеске бүгінгі тәуелсіз
елдің еркін ойлау өрісі тұрғысынан өз дәрежесінде баға
берілді ме? “Ақтаңдақтардың” ақиқатын ашып болдық па,
әлде қалтарыста жатқан қазыналы қатпарларымыздың
қойнауына еніп, еңбек етуде енжарлық танытып отырмыз
ба? деген сауалдар төңірегіндегі мәселелерді ортаға
салады. “Кеңестік идеология тұсында белгілі бір дәрежеде
зерттелген, сыңаржақ көзқарас тұрғысынан болса да,
бағасын алған дүниелерге қайта оралып, оларға, оларды
тудырған
қаламгерлерімізге
тәуелсіз
ұлттың
шығармашылық эстетикасы тұрғысынан қарап, жаңаша
ойлау жүйесіне лайық парасат деңгейіне көз жүгірту,
шынайы тұлғасын сомдау міндеті бой көтергенін атап
көрсетеді. Осыған орай Абайдың шығармашылығынан
бастап, оның айналасындағы ақындар, әрдайым дау-
дамайда жүретін оны зерттеушілердің (М.Әуезов,
Қ.Мұхаметханов,
М.Мырзахметов
т.б.)
еңбектері
жөніндегі жаңаша бажайлауға бару керектігін, ақталған
арыстарымыздың академиялық басылымдарын шығару,
оның текстологиялық, теориялық талдауларындағы
сауаттылық, зерттеуге зәру болып отырған Нарманбет
Орманбетұлының, Тайыр Жомартбаевтың, Ақылбек
Сабалдың,
Мұхатсәлім
Кәшімовтың
т.б.
сияқты
таланттардың мұрағаттарын зерттеу, талдау, баспадан
шығару мәселелерін де орынды көтереді. Әдебиеттанушы
ғалымдардың адамдар санасын тазарту бағытында тер
төгу керектігін ескерте келе, әр кезең әдебиетін тұтас
қамтитын монографиялық еңбектер мен оқулықтардың, әр
[Введите текст]
187
кезеңдегі әдеби процестің қыр-сырын, шығармашылық
психологиясын,
көркемдік
мәселесін,
даму
тенденцияларын, ағымдары мен бағыттарын саралап
беретін “Қазақ әдебиетінің тарихы” деп аталатын көп
томдық біртұтас академиялық басылымдардың қажеттігін
атап көрсетеді. Б.Әбдіғазиұлы қазақ әдебиеті мен
әдебиеттану ғылымының алдында тұрған өзге де тарихи
мәселелерді зерттеудің сара жолдарын көрсетуге
тырысқан.
Әл -Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеттің
ф.ғ.д., проф. Б.Майтанов “Әдебиет теориясының қазіргі
жағдайы”
атты
баяндамасында
қазіргі
қазақ
әдебиеттануының
әлемдік,
одақтық
әдебиеттану
ғылымдарымен шығармашылық байланыстың үзіліп
қалғандығын, аталып өткен ағымдар мен бағыттардың,
оның өкілдерінің еңбектерінің бізге жете бермейтінін айта
келіп: “Тәуелсіздік тұсындағы теориялық ойға томаға-
тұйықтық емес, талдау тереңдігі мен типологиялық
жинақтау, тарихилық пен ой-тұжырым нақтылығы керек”,
– деген тұжырым жасайды.
Тәуелсіздік алған он жыл көлеміндегі қазақ
әдебиеттануының жеткен жетістіктері мен кемшіліктері,
алдағы тұрған міндеттері жайлы жан - жақты мәселелер
қозғалған бұл конференциядағы А. Ісімақованың “Әдеби
сынның теориялық мәселелері”, Ж. Смағұловтың “
1920-жылдардағы ұлттық әдебиеттану ғылымы” т.б.
баяндамалардың маңызы зор.
1991 жылдан бері үстемдік алған тәуелсіздік кезеңде
қазақ әдебиеттану ғылымында өріс алған жаңа арна – шет
елдегі қазақ әдебиеті. 1990 жылдардан бері Қазақстанға
көш түзеген әр аймақтағы қазақтармен бірге қазақ
әдебиетіне мол қазына байлық, тың әдебиет пен өнердің
тынысы ашылып, жаңа парақтар ашыла бастады. Олар –
шет елдегі қазақ әдебиеті, атап айтсақ, Шыңжан,
Монғолия, Қытай т.б. шекаралас елдерден келген
қандастарымыздың Қазан төңкерісіне дейінгі өздерімен
сақталған әдеби – мәдени мұралар мен шетелдерде жүрген
кездері туып, қалыптасқан, дамыған қазақ әдебиеті.
Көршілес елдерде өмір кешкен қандастарымыздың өмірін,
өнерін,
тарихын,
тұрмыс–тіршілігін,
әдеби-мәдени
мұрасын ешқандай саясаттандырылмаған күйінде сақтап,
зерттеп
жүрген
әдебиетшілер,
ғалымдар
ұлттық
әдебиеттану ғылымының үлкен бір саласының тарихын
жазып, оның даму заңдылықтарын жүйелеуге атсалысуда.
Осы ретте атап өтерлік ғылыми-зерттеу жұмыстар да
баршылық. Мәселен, ф.ғ.д., проф. З.Сейітжановтың шет
елдегі қазақ әдебиеті тақырыбында қорғалған докторлық
еңбегі, белгілі журналист Есенгүл Кәпқызының “Монғол
қазақ әдебиетінде проза жанрларының қалыптасуы мен
дамуы”
атты
кандидаттық
диссертациясы
мен
“Монғолиядағы
қазіргі
қазақ
әдебиетінің
даму
мәселелері” т.б. зерттеулері, Ә. Қалиұлының “Қытай
халық республикасы қазақ әдебиетінің күй-жайы және
[Введите текст]
188
кейбір мәселелері” атты зерттеуі тәуелсіз қазақ
әдебиетіндегі жаңа бағытты көрсетеді.
Тәуелсіздік алған 1990 жылдардан бері қазақ
әдебиеті мен өнері өзге елдермен терезесі тең дәрежеде
шығармашылық орната бастады. Бұрындары Кеңес
үкіметі құрамындағы бір ел ретінде танылған Қазақстан
қазір тәуелсіз, егеменді, дербес мемлекет. Оның өзінің
бірнеше ғасырларға ұласқан тарихы, өнері, әдебиеті мен
мәдениеті, салт-дәстүрі бар жер байлығымен қоса рухани
мол мұрасы да ұшан-теңіз ел екендігін бүгінде дүние жүзі
танып, мойындап үлгерді.
Ең бастысы, кеңестік кезеңде қазақ әдебиеті мен
өнері, ақын-жазушылардың шығармалары тек орыс тілі
арқылы әлемдік әдеби айналымға түсіп жатса, бүгіндері
өзіміздің дарынды, көп тіл білетін талантты ғалым-
мамандарымыздың арқасында өзге елдерге тікелей сол тіл
арқылы таныта аламыз. Мәселен, француз тілінің жетік
маманы, ақын, әдебиетші ғалым Ғалымжан Мұқанов ұлы
ақын Абайды әлемдік деңгейге француз тілі арқылы
көтерді.
Абай
мұрасына
байланысты
байқау
қорытындысында Ғ. Мұқанов ақынның “45 қара сөзін”,
“Ескендір”, “Масғұт” дастандарын француз тіліне тікелей
аударғаны үшін (алғы сөзін де жазған) жеңімпаз деп
танылғаны белгілі (Рауан. 1994, 2000 дана). Сондай–ақ сол
жылы “Абайдың таңдамалы шығармалары” (Анкара,
1995) түрік тілінде тұңғыш жарық көрді. (Қазақ әдебиеті –
әлем халықтары тілінде. ф.ғ.д., проф. Р. Тұрысбек. Қазақ
әдебиетінің
қысқаша
тарихы.
2–кітап.
Алматы,
Қазуниверситеті.
2002,–
455
б.).
ЮНЕСКО-ның
шешімімен әлемдік деңгейде аталып өткен ақынның 150
жылдық мерейтойы қазақ әдебиетінің даңқын тағы бір
үлкен рухани деңгейге көтергені белгілі. Ал, мұндай
әдеби-мәдени шаралардың бәрі өзіміздің тіл білетін қазақ
қаламгерлерінің белсене атсалысуымен атқарылып жатыр.
Қазақ әдебиеті тарихы мен сынын, теориясын
зерттеу жұмысы да бірнеше бағытта және әр түрлі әдіспен
жүзеге асырылып келеді. Бұл саладағы зерттеушілердің
бірі жеке тұлғалардың творчестволық өнерін өз
еңбектеріне өзек етсе, бірі олардың ірі зерттеу
жұмыстарын әлемдік әдебиет кеңістігінде қарастырып,
теориялық
тұжырымдарының
құндылықтарын
салыстырмалы - типологиялық әдістер қолданылып
жүйелі-кешенді
түрде
жүргізілді.
Нақты
көркем
шығармалар мен мәтіндерді талдау белгілі бір теориялық
және методологиялық негізде қарастырылып, онда
әлемдік, одақтық әдебиеттану ғылымдарының соны
жетістіктеріне сүйену басым түсіп жатты. «Жазушы
еңбегі» атты монографиясында Ж.Дәдебай творчестволық
-шығармашылық лабораторияның теориялық мәселелерін
көтеріп, соларға қатысты нақты талдаулар арқылы
анықтама жасаған. Талант табиғаты, қаламгерлік мұрат
пен оның басты кезеңдері, шығармашылық процесс, өмір
шындығы мен көркемдік шешім ара-қатынастары арнайы
зерттелген. Көркемдік қиял, тарихи шындық, халық
[Введите текст]
189
әдебиеті мен мәдениеті, әдеби мұра, көркем мәтін,
категориялары бірімен бірі тығыз қатынаста екені
айқындалған. Сондықтан зерттеуде өмір шындығы мен
өнер туындысындағы сюжеттің ара-қатынасына ерекше
мән берілген. Бұл мәселелер әдеби шығарманың тарихи
негіздері, қазіргі қазақ романдарының мазмұндық жүйесі
арқылы да талданған.
Аталған зерттеулер тәуелсіз әдебиеттануына енген
жаңа бағыттағы еңбектер екені айқын. Әдебиет
зерттеушісі Б.Майтановтың «Қазақ романы және
психологиялық талдау» (1996), «Мағжан Жұмабаевтың
поэтикасы» (2001) атты еңбектері көркем проза
поэтикасын қазақ романдарының даму кезеңдерін,
қаһарманның рухани әлемі мен ондағы мінездеу,
психологиялық параллелизм, диалог, монолог мәселелерін
кеңінен қарастырған. Зерттеуші Ш.Құдайбердіұлының
«Әділ-Мәрия», М. Дулатовтың «Бақытсыз Жамал»,
Т.Жомартбаевтың «Қыз көрелік», С.Торайғыровтың
«Кім жазықты?», «Қамар сұлу», С.Көбеевтің «Қалың
мал», С.Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу»,
Б.Майлиннің «Шұғаның белгісі», Ж.Аймауытұлының
«Ақбілек», М.Әуезовтың «Абай жолы», Ғ. Мүсіреповтың
«Оянған өлке», «Жат қолында», Ә.Нүрпеисовтың «Қан
мен тер» туындыларын саралап, жүйелі сөз еткен.
С.Негимовтың «Өнерпаздық өрнектер» (1961),
Мәлік Ғабдуллин (2001), «Ақын жыраулар поэзиясы»
(2001) атты ғылыми зерттеулері қазақ әдебиеті тарихының
бүгінгі тәуелсіз әдебиет тұрғысында жаңаша айқындалуы
қажет кезеңдеріне арналған. «Өнерпаздық өрнектер»
(1996), «Мәлік Ғабдуллин» (2001), «Ақын-жыраулар
поэзиясы» (2001) атты кітаптары әдебиет тарихының
нақты кезеңдерін зерттеуге арналған. «Өнерпаздық
өрнектер» қазақ поэзия тарихындағы ақындық, әншілік,
сазгерлікпен танымал – Д.Әлібайұлы, Қ.Жапсарбайұлы,
И.Байзақов,
Ақан
Сері,
Ы.Сандыбайұлының
шығармашылығы
мен
өмір
деректері,
әдеби
мұраның
нақты
жүйеленуімен
ерекшеленген. Кітапта бұрын белгісіз тың деректер де мол
келтірілген. Осындай талдаулар арқылы ғалым поэзияның
көркемдік қуаты, стильдік мүмкіншіліктеріне, тектік
шарттарына ерекше назар аударып анықтап берген. 2001
жылы жарық көрген «Мәлік Ғабдуллин» Кеңес одағының
батыры, академик ұстаз, жазушы, әдебиетші ғалым
Мәлік Ғабдуллиннің шығармашылығына арналған.
Тәуелсіз
әдебиеттанудың
жаңа
талаптарына
сай
С.Негимов әдебиетші М.Ғабдуллиннің фольклор мен
әдебиеттануға қатысты еңбектерін жүйелеп талдап қана
қоймай, бүгінгіге қажетті екеніне назар аудартқан.
Кеңес әдебиеттануы өкілінің еңбектері бүгінгі
саралауға түсіп, бізге керек мұра ретінде айқындалған.
«Ақын-жыраулар поэзиясы» (2001) кітабында – ақын мен
жыраулардың өмірі мен шығармашылығы, олар көтерген
қоғам мен тарих, адам мен оның еңбегі, ұлт тағдыры мен
ұрпақ қамы, дәстүр өнегесі, тіршілік пен болмысты
[Введите текст]
190
Көркемдік дүниетаным табиғаты мен поэзиядағы
ұлттық сипаттар нақты әдеби шығармалармен ақындық
өнер әлемімен байланыстырылып зерттелген. Осы ретте –
«Алпамыс батыр», «Қамбар батыр», «Қобыланды батыр»,
«Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жыр-
дастандары мен ақын-жыраулар Асан Қайғы, Ақтамберді,
Қазтуған, Доспамбет, Жиембет, Бұқар,Шортанбай, Мұрат,
Дулат өлеңдері талдауға түскен. Аталған басылым халық
әдебиеті үлгілерінен бастап, ұлттық-рухани дүниетаным
иірімдері, қазақ өлеңінің көркемдік құрылымы мен
бейнелеу жүйесі нақты әдебиеттанулық талдауға түскен.
Сондықтан бұл зерттеуде – айтыс пен толғаудың генезисі,
стилистика, поэтика тұрғысынан қарастырылған. Осы
ретте қазақ өлең өнерінің қасиеті, оның негізгі даму
жолдары айқындалған.
Ғалым бейнелі сөздер табиғаты, олардың образдық-
метафоралық, лексико - фразеологиялық қабаттарын
белгілеп, сөз-ұғымдардың, сөз-образдар мен сөз-
символдардың поэзиялық қолданысы мен мағынасын
талдау
арқылы
дәлелдеп
шыққан.
Көркемдік
заңдылықтардың тарихи негіздері, дәстүрі мен жалғастық
сипаттары жан-жақты негізделген. Аталған мәселелерді
ғалым көркемдік танымның күретамыры деп айқындап
берген. Монографияда ақын-жыраулар мұрасы өзінің
ұлттық контексінде зерттелгенімен құнды.
қолданылуы, оның образдық-метафоралық, лексикалық-
фразеологиялық сөз жүйесі, дәстүр мен жалғастық
сипаттарын нақты талдаулар арқылы зерттелумен
маңызды болып табылады. С.Негимов бүгінгі тәуелсіз
әдебиеттану тұрғысынан бұрынғы белгілі мәтіндерді
жаңаша зерттеп, олардағы көркемдіктің шарттары мен
жанрдың ішкі тәртібінің заңдылықтарын ұлттық дәстүр
аясында дәлелдеп берген.
Тәуелсіздік алған тұста арнайы зерттеліп, жаңаша
пайымдалған қазақ әдебиеті тарихы жоғарыда тоқталған
салалар бойынша тағы да толықтырылып, тың ізденістер
жасалып жатқаны ақиқат. Әрине , бұл саладағы ізденістер
мен жаңаша зерттеулер осымен тоқталып қалмайды, бұлар
тек бастамалары деп ойлаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |