“Қазіргі қазақ
әдебиеті” деген лекциялар курсы
десе де болады
(Алматы. Қазақ университеті. 2002, –311 б.)
Мұнда 60–90 жылдардағы әдеби дамудың бағыт-
бағдары, көркем шығарма табиғаты, жекелеген ақын-
жазушылардың
шығармашылық
өмірбаяндары,
қаламгерлік қасиеті мен даралық шеберлігі жөнінде жан-
жақты айтылған. Ең бастысы, еңбекте ғылыми -
теориялық тұрғыдан талданған көркем шығармалардың
дені жаңа, тың есімдер, соңғы жылдары ғана әдеби
айналымға енген шығармалар. Студент жастардың жаңа
әдебиетті,
замандас
қаламгерлерді
танып–білудегі
талпыныстары,
автордың
салмақты
ғылыми
тұжырымдары мен қазіргі әдеби процесті толыққанды
түрде талдап, белгілі дәрежеде жүйелеген көркем
шығармалар. Әрбір лекцияда (25 лекция) жаңа
жазушының соңғы шыққан шығармалары талданған.
Ондағы автордың көркемдік, стильдік ерекшеліктері,
олардың қазіргі әдеби процестегі орындары айқындалған.
Және лекцияда әңгіме болған ақын-жазушылардың
шығармашылығы, олардың мерзімді баспасөз беттерінде
талданған әдеби сындар туралы да сөз қозғалады.
М.Әуезов
атындағы
Әдебиет
және
өнер
институтының академик З.Ахметов жетекшілік еткен
әдебиет теориясы мен әдебиеттану методологиясы
бөлімінің ғылыми қызметкерлері мен штаттан тыс
авторлар
–
белгілі
ғалым-мамандардың
белсене
атсалысуымен 1996 жылы “Әдебиеттану. Терминдер
сөздігі” жасалды. Әрбір әдебиетшінің күнделікті
қолданылатын
кітабына
айналған
сөздікте
қазақ
әдебиеттану ғылымында тұңғыш рет әдебиет теориясына
қатысты барлық әдеби ұғымдар мен ғылыми терминдер
бір жүйеге түсірілді және оларға қазақ тілінде ғылыми
анықтамалар берілді. Қазақ сөз өнерінің ұлттық қасиеттері
мен ғылыми сипаттары, тарихи ерекшеліктері, әдеби
үрдістен туындайтын өзіндік өрнектері бұл еңбекте жан-
жақты толықтырылып, қамтылды.
[Введите текст]
138
Қазақ әдебиеттану ғылымында тұңғыш рет сөз өнеріне
қатысты ғылыми-теориялық терминдерді ұлттық ұғымға
лайықтап, жүйелеп берген А.Байтұрсыновтың “Әдебиет
танытқыш” еңбегіндегі өлең құрылысына қатысты әдеби
терминдерді пайдаланғаны болмаса, З.Ахметов бұл
еңбекке көп сүйене қоймайды. Оның себебін былай
түсіндіреді:” ...Мысалы, теңеу, кейіптеу, тұспалдау,
әсірелеу, шендестіру, арнау, сөз өнері, шығарма, ауыз
әдебиеті, мазмұн, тармақ, шумақ, бунақ т.б.Бұлардың аса
мәнді терминдер екенін атай отырып, Байтұрсынов осы
кітабында қолданған кейбір терминдердің еленбей,
ескерілмей қалғанын да айта кеткен жөн.”, - дей келе
өзінің ұстанған принципін былайша айқындайды:”
...Осылар және орысша терминдердің қазақша баламасы
ретінде кірген терминдер және бір үлкен бірнеше салалы
арна болып қалыптасты. Бұлардың бірінші тобына поэзия,
тип, характер, идея, сюжет, композиция, драма, трагедия,
комедия, классицизм, романтизм, реализм, жанр, стиль,
роман, повесть, лирика, публицистика секілді терминдер
кірді десек, екінші тобына әдіс, әдеби ағым, бағыт,
көркемдік шындық, кейіпкер, көркемдік түр, лирикалық
қаһарман, лирикалық шегініс, жаңашылдық, көркем өнер
сияқты көптеген терминдерді жатқызуға болады.”/15б/.
Интернационалдық , яғни, шет тілдердегі және шығыс
халықтарының тілдерінен енген терминдердің сол тілдегі
қалпы сақталынған. Және көптеген ғылыми ұғымдарды
бүгінгі ғылыми-техникалық ойдың даму деңгейіне сәйкес
айқындап, жаңаша анықтама беру жайына жете көңіл
бөлінгені байқалады.Осы ретте , авторлар әдебиеттің әр
кездегі
қоғамдық
қызметтеріне/айталық
идеялық,
халықтық т.б/ тоқтала келіп, оларды бүгінгі тәуелсіз сана
тұрғысынан талдайды. Әдебиеттің таза көркемдік
шарттарына сәйкес қаламгерлердің шығарма жазудағы
шеберлігі басты нысанаға алынады: “Әдебиеттану
ғылымының пәнін, ауқымын, шеңбер-шегін, міндеттерін,
зерттеу
принциптерін-методологиясын
және
осы
ғылымның басқа ғылым салаларымен арақатынасын, шек-
жігін айқындай түсіп, әдебиетті зерттеу принциптерін
философиялық
методологиямен-зерттеу
әдістерімен
ұштастыра білу қажет.... Әдебиеттану ғылымының пәні,
шеңбері, шегі, басты, ең негізгі мәселелері неғұрлым
дұрыс анықталса, ғылыми ұғымдар жүйесі, оған сәйкес
терминдер жүйесі де, көлемі жағынан да, топтап жіктелуі
жағынан да дұрыс айқындалады”/19 б/.
Бұл еңбектің тағы бір құндылығы-осы күнге дейін
әр еңбекте әр түрлі деңгейде, әр түрлі контексте әр қалай
қолданылып жүрген жеке әдеби ұғымдарды жіктеп,
жалпы әдеби құбылыстардың ерекшелігін толық көрсете
алатын атау ретінде алып, тұтас жүйесін жасау десек
болады.Өйткені, әдеби терминдердің негізгі қоры-“қазақ
әдеби тілінің сөздік байлығы, жаңа сөздер тудырудағы
мол мүмкіншілігі” мен “көпшілік сынынан өтіп,
қабылдануы” екендігі сөзсіз. Әдебиеттану саласындағы
ғылыми ұғымдар мен терминдердің жасалуы біздің
[Введите текст]
139
ұлттық ғылыми тіл мен стиліміздің де қалыптасып,
дамуына дәнекер болғаны сөзсіз.Әр ғылым саласы осылай
өздерінің “пән сөздерін” , яғни ғылыми терминдері мен
ұлттық ұғымға лайықты кәсіби түсініктерді дамытып,
толықтырып, байыту арқылы ғылым тілін жетілдіретіні
белгілі. Олай болса, бірнеше мың терминдерді жүйелеген
“Әдебиеттану сөздігі” де қазақ әдебиеттану ғылымына
қосылған құнды еңбек, қомақты үлес деп айта аламыз. Әлі
де болса бұл еңбекті қайта қолға алып,жыл сайын
жаңарып, толығып, дамып жатқан әдеби терминдерімізді
бүгінгі күні ғылыми айналымға кеңінен еніп жатқан көне
түркі әдебиетіміздің бастауларынан бастап, кешегі Абай
пайдаланған ескі шағатай, парсы, араб терминдерінің
қазақша баламасын жасап, жаңаша бағыттағы өзіміздің
ұлттық әдеби тілімізге тән терминдер мен әдеби
түсініктер жүйесін жасасақ құба - құп болар еді дейміз.
Әрине, ол келешектің, әсіресе осы бастаманы көтеріп
отырған
әдебиет
теориясы
мен
әдебиеттану
методологиясы бөлімінің алдағы уақытта атқарар
абыройлы міндеті. Ойдың тереңдігі мен нақтылығын,
дәлдігін талап ететін тәуелсіз елдің сөз өнеріндегі бүгінгі
ғылыми тілдің дамуы, уақыт талабы бізден соны күтеді.
Арнаулы
зерттеулер
негізінде,
ғылыми
принциптерге сүйеніп жазылған қазақ әдебиеттану
ғылымының тарихы мен зерттелу мәселелері әдебиеттану
ғылымының қазіргі деңгейін танытады, сөз өнеріне,
тарихи-әдеби процеске бүгінгі көзқарасты айқындайды .
Достарыңызбен бөлісу: |