Пунктуациясы


Нүкте, оның қойылатын жерлері



жүктеу 1,36 Mb.
Pdf просмотр
бет72/173
Дата21.01.2022
өлшемі1,36 Mb.
#34411
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   173
767f84253bd59368c0d3f8a69b50ecc0 (1)

Нүкте, оның қойылатын жерлері 
 
Нүкте екі түрлі қызмет атқарады: 1) белгілі бір ойдың аяқталуына 
байланысты  қойылады;  2)  драмалық  шығармаларда  кейіпкер  атынан 
кейін,  қысқартылып  алынған  адам  есімдері,  кіші  әріппен  жазылған 
қысқартулардан кейін т.б. 
 
Нүктенің қойылатын орындары 
Мысалы 
Хабарлы сөйлемнен кейін 
Ол  торға  салған  бір  асымдай  тоң  балықты 
босағаға тастай салды. (Ә.Н.) 
Жай, лепсіз айтылған бұйрық, тілек мәнді 
сөйлемдерден кейін 
Жақсы  аттың  жалын  сақтағанша,  Жақсы 
жігіттің арын сақта. (Мақал) 
Цифр не әріптер арқылы санамаланып 
айтылған сөйлемдерден кейін 
Дүниядағы  жұрттың  тілі  негізінде  үшке 
бөлінеді: 1) Түбіршік тіл. 2) Жалғамалы тіл. 3) 
Қопармалы тіл. (А.Б.) 
Санамалы нөмірді белгілейтін айшықсыз 
қолданылған цифр не әріптен кейін 
Сөйлемдердің  құрмаласуы  екі  түрлі:  1. 
Сыйыса  құрмаласу.  2.  Қиыса  құрмаласу. 
(А.Б.) 
Драмалық шығармалардағы әр 
кейіпкердің атынан кейін 
Ұмсынай.  Мейлілерің,  қарақтарым,  мен  не 
қылайын, тек іші құтты болсын. (Ж.А.) 
Кейіпкердің  сөзіне  қатысы  жоқ,  автордың 
түсінігі  ретінде  айтылған  ремаркадан 
кейін  
Ораз.  Омыраулама!  (Мылтығын  оқтанып.) 
Қалай аласың? (Ж.А.) 
Бас  әріптерінен  не  басқы  буынынан 
қысқартылып  алынған  адам,  кітап,  газет, 
журнал, шығарма аттарынан кейін 
Қазақ  әдеби  тілінің  тарихы,  басталу  кезеңі, 
қалыптасу  дәуірлері  туралы  Ғ.Мұсабаевтың 
да пікірлері бар. (С.И.) 
Тағысын тағы, тағы сондайлар, тағы 
басқа
 деген сөздер қысқартылып 
алынғанда 
Бұл  кезеңнің  әдеби  тілін  байқататын  тілдік 
материалдар 
Махамбет, 
Шөже, 
Дулат, 
Шортанбай, Шернияз, Жанақ т.б. ақындардың 
шығармалары болып табылады. (С.И.) 
Жақшаның  алдындағы  сөйлем  аяқталып, 
тыныс 
белгілерінің 
бірі 
қойылса, 
қыстырма  сөйлемнен  кейін  жақшаның 
ішінен нүкте қойылады 
– Жоқ, көк тиыным жоқ, ағай, – деп бала шын 
пейілімен  жыртық  қалтасын  айналдырып 
көрсетті.  (Екінші  қалтасын  тігіп  тастаған 
екен.) (Ш.А.) 
 
Ескерту.
 
Бас  әріптерден  және  буындардан  қысқарған  сөздердің 
әріптерінің не буындарының арасына нүкте қойылмайды: 
БҰҰ, ауатком

Ұзындық,  көлем  өлшемдерінің  қысқартылып  қолданылатын  шартты 
белгілерінен кейін нүкте қойылмайды: 
км, т, га, мм

Белгілі  бір  күн,  тақырып  атауы  атынан  кейін  нүкте  қойылмайды: 
Қыркүйектің  алтысы  не  Алтыншы  қыркүйек,  Үй  жұмысы,  Зат  есім
.  Егер 
тақырып  атауы  екі  не  үш  аталымнан  тұрса,  әр  тақырып  атауын  бөліп  тұру 
шартты түрде үшін нүкте қойылады: 
Зат есім. Жалқы және жалпы зат есім
 


 
84 
 
135-жаттығу.
  Сөйлемдердегі нүктенің  қойылуына  назар  аударып, себебін 
түсіндіріңіздер. 
Қазақ  ертегілерін  шартты  түрде  мынадай  топтарға  бөлеміз:  а)

жүктеу 1,36 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   173




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау