130
203-жаттығу.
Берілген мақал-мәтелдердің екінші сыңарын тауып жазып,
оларды жаттап алыңыздар. Құрмалас сөйлемдердің мағыналық тобын анықтап,
тыныс белгілерінің қойылуын түсіндіріңіздер.
1) Туған жердей жер болмас, … . 2) Бірлігі жоқ ел тозар, … . 3)
Жақсы қыз – жағадағы құндыз, … . 4) Жасық адам жасына жетпей
қартаяр, … . 5) Жаман елдің жақсысы болғанша, … . 6) Атаның
баласы болма, … . 7) Көпшіліктен береке кетпес, … . 8) Иті семіз,
малы арық – жер азғаны, … . 9) Ақылды адам айтқызбай біледі, … .
10) Бай болатын жігіт айырбасшыл келеді, … . 11) Аққу – құстың
төресі, жалғыз жатып оттамас, … . 12) Орағың өткір болса, қарың
талмайды, … . 13) Болар бала жетісінде бас болар, … . 14) Арғымақ
аттың құйрығы – әрі жібек, әрі қыл, … . 15) Жақсымен жолдас
болсаң, ісің бітер, … . 16) Жақсы жүрген жеріне кент салады, … . 17)
Жақсының кегі жібек орамал кепкенше, … . 18) Жаман сайға су
түссе, өткел бермес кешуге, … . 19) Жаманға ақыл үшін күлкі берер,
… . 20) Сиыр сипағанды білмейді, … . 21) Жақсыға ерсең, жетерсің
мұратқа, … .
Қажетті сөздер:
Отаның берік болса, жауың алмайды;
жаманмен жолдас болсаң, басың кетер; туған елдей ел болмас; бірлігі
күшті ел озар; жаман кісіге мал бітсе, сусын бермес ішуге; ынтымағы
болмаса – ел азғаны; жақсы елдің жаманы бол; адамның баласы бол;
берекелі жерден мереке кетпес; жаман сыйлағанды білмейді; ақ
сұңқар қаққызбай іледі; асыл адам жасына жетпей марқаяр; адам
болатын жігіт ағайыншыл келеді; болмас бала қырқында жас болар;
қас жақсының белгісі, ғайбат сөзді қостамас; қас жақсының белгісі –
әрі мырза, әрі құл; жаманға ерсең, қаларсың ұятқа; жаманның кегі
басы көрге жеткенше; жақсы жігіт – көктегі жұлдыз; жалқауға жұмыс
үшін
ұйқы берер; жаман жүрген жеріне өрт салады.
204-жаттығу.
Сөйлемдердің тиісті жеріне үтірді қойып көшіріңіздер.
Қойылу себебін анықтап, ережесін еске түсіріңіздер.
Жылаулар да ызалы назалы күйгендер де көкірегі мен тілі
қарғысқа толы шарасыздар да қалмай ілеседі.
(М.Ә.)
Топқа таянған
соң Нұрмағамбет би: – Азаматтар жалпы амансыңдар ма? – деді.
(Ж.А.)
Бөкенші Жігітек Көтібақ жайлауларында тіпті жалпы өсы
өңірдің елінде кедей ауылдар мен жеке жыртық лашық атаулыда бұл
апаттан аман қалған жоқ еді.
(М.Ә.)
Кім біледі қолына қару берсе
орыс жұртына жау болып кетпесіне кімнің көзі жеткен?
(Ж.А.)
131
Бұлардың арасында Базаралы Әбді Сержан Асқар мен Келден сияқты
бір топ жігерлі жандар болатын.
(М.Ә.)
Сөйтіп басыңқы сөзбен
бірыңғай синтаксистік қатынасқа түсіп бірыңғай мүше қызметін
атқарады.
(С.И.)
Дәрмен жанындағы пышағын жұлып алып сиырды
жетелеген бас жіпті кесіп жіберді.
(М.Ә.)
Сандыбай Оспанның зекуін
естігісі келмеді: – Ойбай желбуазым-ай... Бетіңнен жарылғасын, –
деді де шығып кетті.
(Ғ.Мүс.)
Көрпе-жастық асжаулық тегене
тостаған самауырлар тасыған жас әйелдер еркектер қарбаласады.
(М.Ә.)
Сөз жоқ жаңа сөз тудырудың әр тәсілінің сөз табына қатысы
біркелкі болмауы мүмкін әрқайсысының өз ерекшеліктері болып
отырады.
(С.И.)
Достарыңызбен бөлісу: