Рымєали Нўрєали



жүктеу 2,19 Mb.
Pdf просмотр
бет65/73
Дата19.01.2022
өлшемі2,19 Mb.
#33505
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   73
eda5ce42ce30f2a77b971a82b9f7e067-1

ВИСТ.. ПАС… МИЗЕР… 
 
–Кеше көрген кісің бүгін жоқ. Бүгін көрген кісің ертең жоқ. Жан-
жағыңнан оқ жауып жатқан секілді. Баудан түсіріп, қырып жатыр. Жер-
көктің  әрінен  қан  жауып  тұрғандай.  Газет  атаулының  бетінен  өлім 
сорғалап  тұр.  Радиодан  ажал  төгіледі.  Бәрінің  айтатыны  бір-ақ  сөз: 
халық  жауы,  фашист,  шпион,  қыру,  жою.  Кеше  ғана  бүкіл  ел  болып, 
төбеге көтерген, ардақтап аспанға шығарған азаматтардың қол-аяғын 
шынжырлап,  абақтыға  тықты.  Дүние-мүлкін  қаттап,  тартып  алып, 
бала-шаға,  үрім-бұтағын торғайдай тоздырып  қаңғыртып  жіберді, жер 
аударды, түрмеге салды. 
Тыныштық кезде адамның үш ұйықтаса ойына келмейтін сұмжық 
жағдайдарды  көрдік.  Екі  туып,  бір  қалған  ағайындар  бірінің  көзін  бірі 
шоқыды.  Ұстазын  соттатып  жіберген  шәкірт  аға  төсегінде  масайрады. 
Жас жалмауыз ұлы ақынның түбіне жетіп, оның бала-шағасын ақ қар, 
көк  мұзда  далаға  айдап  шығып,  қалған-құтқан  қол  жазбасын 
дәретхана қағазы орнына пайдаланды. Әр шөптің басын шалып жүрген 
бір  дүмбілез  ақын  бар  еді,  кісінің  көзіне  тура  қарамай,  үнемі 
төменшіктеп  жүретінінен-ақ  сезіктенуші  едім,  сол  мұндар  қанды-
қырғын  науқаны  кезінде  құтырып  шыға  келді,  талайдың  түбіне  жетті, 
тіпті  маған  ауыз  сала  бастады...  Сөйтіп  қайтсем  орға  түсірсем  деп, 
далбасалап, тіміскілеп жүріп, өзі айдалып кетті сорлы. 
Сол  мұндар  көп  азап  шегіп,  көп  жылдар  бойы  ит  қорлық  көріп, 
азып-тозп қайтып келді.  Азаматтығымды аяғаным жоқ, пәтер алуына, 
жазған-сызған  дүниелерімнің  басылуына  көмек  бердім,  бірақ  әлі  де 
өзін  сүймейді,  көргім  келмейді,  сөйлескім  келмейді,  қарсы  кездессе 
бұрылып кетем… 
Өңің  түгіл,    түсіңде  көрсең  жүрегің  жарылып  кететін 
зұлымдықтарға  дүние  толып  кеткендей  болды.  Бірақ  адам  итжанды 
деген  рас.  Тіліңді  тістеп,    көрсең  де  көрмегендей,  естісең  де 
естімегендей,  білсең  де  білмегендей  болып,  адам  кейпінен  басқа  бір 
үндемес,  сезбес,  ұқпас  мақұлық  кейпіне  ауысқандай  болып, 
мәңгүрттеніп кетеді екен адам. Бір күн, бір ай, бір жыл болса бір сәрі, 
ұзақ  уақыттар,  тұтас  замандарға  созылғандай  әбілет,  албасты,  жын 
басқандай  болып,  мелшиіп  меңіреуге  айналсын.  Ешкімг  сәлем 
бермейсің,  әлем  алмайсың,  сыр  бөліспейсің,  жұрт  көзіне  түсіп 
ешкіммен  қыдырмайсың,  топ  ішіне  кірмейсің.  Мен  білген  азаптың  бір 
түрі  осы  –  үнсіздік  қасіреті.  Тұтас  ұрпақтиың  буынына  түскен    жұлын 
құрт осы кесепаттан қиылды, көптеген көгенкөз ешкімге сенбейтін, не 
құдайға, не үкіметке пейілі жоқ, рухани сорлыға айналды. 


 
258 
Қанша  оңашаланғанмен,  ешкіммен  араласпаймын  дегенмен, 
жазушылар  ортасы,  ағайын-туыс,  жекжат-қайынжұрт,  сапар  –  еріксіз 
адамдармен  қатынасқа  түсіреді.  Әсіресе,  Абай  атаң  айтқандай, 
қазақтың өзге жұрттан тілі ұзын.  Дастарқан басында ет жеп, шай ішіп, 
оп-оңай  тұрып  кету  жоқ,  бір  күндік  жұмысқа  бергісізз  ұзақ  отырыс 
басталады. Уақ-түйек, өсек-аяң айтылады, әр түрлі сыбыз сөз болады, 
кісі  сыртынан  әңгіме  қозғалады.  Біреу  мақталады,  біреуу  датталады. 
Біреуді  мүсіркейсің.  Біреуді  жек  көресің.Ылңи  аңдығае  көз.  Ылғи 
елеңдеген  құлақ.  Ертеңіне  айтқаның  түгіл  айтпағаның  қалаға,  далаға 
тарайды.  Кейде  ет  қызуымен,  шыдай  алмай,  кейде  әділет  үшін  күйіп 
кетіп,  шындықты  айтып  тастайтын  кездер  болады.  Әйтпесе  жала, 
ғайбатпен  күйіп  кеткнедер  туралы  бірдеңе  айттың  дегенше,  құрыдым 
дей бер. Өсек-аяң болып тараған сөздердің құйрығын ұстау оңа йемес 
шығар,  ал  енді  арнаулы  мекемелер  жасырын  қызмет  ететін  сол  үшін 
ақы-пұл,  атақ-абырой,  шен-шекпен  алатын,  қасыңда  жүретін,  сенімен 
үнемі  араласу  мүмкіндігі  бар  дәндемдерден  аяқты  қалай  тартасың? 
Жасырын, жымысқы қызметте бар-жоғын ол соған сездіре ме? Бұл өзі 
жақыннан  жау  іздеткен,  өзіңе-өзің  сенбеген  күйге  түсіретін  ыбылыс 
зындан. 
Қанша  тырбанғанмен  ол  шұңқырдан  шығу  мүмкін  емес.  Еріксіз 
біреулермен араласасың. Еріксіз қонаққа барасың, барғаннан соң, өзің 
де  шақырасың.  Қалай  аузын  бұған  өгіздей  болы  үндемей    отырасың? 
Мен  шашымды  алдыратын,  кейде  моншаға  бірге  баратын  Исаак 
Абрамович дейтін жебірей бар еді, соған бір жолы  қалжыңдап Қонақта 
сөйлеме  отырудың  әдісі  бар  ма  дедім.  Бармау  керек  деді.  Бұл 
жарамайтын  әдіс.  Тамақты  тез  ішіп,  кетіп  қалу  керек  деді.  Бұл  да 
жарамайтын әдіс.  Ақыры тапты, жебірей емес пе? Карта ойнап үйрену 
керек  болды.  Ұзақ  ойналатын  переферанс  деген  бұрығы 
ақсүйектердің,  қолы  бос  мырзалардың  ойыны  бар  екен.  Әлгі  жебірей 
сол ойынды маған үйретсін. Бұрын қолыма карта ұстап көрмеген басым 
әңкі-тәңкі.  Ақыры  үйрендім.  Қонаққа  барсақ,  карта  суыра  бастаймыз. 
Басқа сөз жоқ, ала қағаз, қарындаш, бес-он тиын ақша. 
Вист,  пас,  мизер  деп  шұлғимыз  да  отырамыз.  Сөз,  өсек,  әңгіме, 
дау-дамай  –  бәрі  адыра  қалады.  Вист-пас,  мизер.  Өзім  іштей  менің 
соңыма  салынған  жансыз  сенсің-ау  деп  қауіптенетін  біреу  бар  еді, 
құдай ұрғанда,әлгі де преферансты үйреніп алып, төртінші қол ретінде 
домаланып отыра қалатын болды. Мұхтар болса ежелден ұстаздықпен, 
жазушылықпен  қатар  шұғылғанған  кісі,  оның  үстіне  әйелі  орыс,  көп 
қазақы  қатынасқа  түсе  қойғанжоқ,  университетте  лекциясы, 
академияда  ғылымы  бар  –  қолы  да  тимейді.  Сәбит  күндіз-түні 
бұрқыратып  жазатын  тынымсыз  жазушы;  мен  болса,  ұзақ  жылдар 
өкімет  қызметін  істемей,  үйде  отырдым,  және  шабыт,    күй,  жағдай 
келмесе,  күнде  жазуға  жоқпын.  Аңшылық,  биллиард  дегенмен  әуес 


 
259 
болдымның түкпі сыры серілік көңілден туса, карта деген уақыт жейтін 
кесепат заман дертінен, мезгі азабынан жабысқан пәле деп біл. “Вист, 
пас, мизер”. 
 

жүктеу 2,19 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   73




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау