1-тарау. ІІО ЖПҚ бөлімшелерінің тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасын жүргізу жүйесінің жай-күйі
орындау тәртібіне қатысты қолданыста ресми
түсіндіру
туралы»
Қазақ стан
Республикасы
Конституциялық Кеңесінің 2009 жылғы 5 қарашадағы
№6 Нормативтік қаулысының 4-тармағы) шешімдері
Қазақстан үшін міндетті деп таныл майды [13].
ЖПҚ қызметкерлерінің тұрмыстық зорлық-
зомбылық профилактикасы және оның алдын алу
жөніндегі қызметтерінің құқықтық негізіне сонымен
қатар «Қазақстан Республикасының Ішкі істер орган-
дары туралы» ҚР 2014 жылғы 23 сәуірдегі №199
Заңы да жатады. 9-1-баптың 4-тармағына сәйкес
жергілікті полиция қызметінің жұмысы төмен дегідей
негізгі бағыттар бойынша жүзеге асыры лады:
1) құқық бұзушылық профилактикасы;
2) қоғамдық тәртіпті күзету;
3) жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
4) қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу
және жолын кесу;
5) әкімшілік құқық бұзушылықтар және қылмыстық
теріс қылықтар бойынша хаттамалық нысандағы
сотқа дейінгі тергеп-тексеру туралы істер өндірісі
[14].
Өзіміз көріп отырғандай, ЖПҚ жұмыстарының
5 негізгі бағыттарының 4-еуі тұрмыстық зорлық-
зомбылық профилактикасы процесіне қатыты.
«Құқық бұзушылық профилактикасы туралы»
ҚР 2010 жылғы 29 сәуірдегі Заңынның 7-бабында
профилактикалық шараларды жүзеге асыру жөнінде
ІІО-ның құзыреті айқындалған. Алайда, 23-бабының
6-тармағында «Тұрмыстық зорлық-зомбылық жаса-
ған адамдарға қатысты құқық бұзушылықтың жеке
профилактикасы шаралары ҚР тұрмыстық зорлық-
зомбылық туралы заңнамасында белгіленген ерек-
шеліктер ескеріле отырып қолданылады» делінген
[15].
Ұқсас ережелер «Кәмелетке толмағандар ара-
сындағы құқық бұзушылықтардың профилак ти-
касы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз
қалуының алдын алу туралы» ҚР 2004 жылғы 9
шіл дедегі №591 Заңында, яғни құқық бұзушылық
профилактикасы
жөніндегі
ІІО-ның
құзыреті
10-бапта жазылған. 19-1-баптың 5-тармағында
«Тұр мыстық зорлық-зомбылық жасаған кәмелетке
толма ғандарға қатысты құқық бұзушылықтың жеке
профилактикасы шаралары ҚР тұрмыстық зорлық-
зомбылық туралы заңнамасында белгіленген ерек-
шеліктер ескеріле отырып қолданылады» деп
қарастырылған [16].
Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері
өз жұмыстарында сонымен қатар өмірлік қиын
жағдайдағы адамдарға (отбасыларға) арнаулы
әлеуметтік қызметтер ұсыну аясында туындайтын
қоғамдық
қатынастарды
реттейтін
«Арнаулы
әлеуметтік қызметтер туралы» ҚР 2008 жылғы 29
желтоқсандағы №114 Заңының негізгі ережелерін
ескеруі тиіс. 6-баптың 2-тармағында «Әлеуметтік
бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп
соққан қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалау
критерийлерін ҚР Ішкі істер министрлігі халықты
әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау және білім беру
саласындағы уәкілетті органдармен бірлесе отырып
айқындайды» деп қарастырылған. Заңда әлеуметтік
бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп
соққан қатыгездікпен қараудың нысандарына жа-
салған әрекет бойынша қылмыстық іс жүргізуді
қозғау фактісінің болуынан тәуелсіз тұрмыстық зор-
лық-зомбылықпен байланысты іс-әрекеттер жатады
[17].
Жоғарыда аталған Заңның 6-бабының 2-тар-
мағын орындау үшін Ішкі істер министрлігі Ден-
саулық сақтау және әлеуметтік даму, Білім және
ғылым министрліктерімен бірлесіп, «Әлеуметтік
бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп
соққан қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалау
критерийлерін бекіту туралы» № 630/399/240
бірлескен бұйрық әзірлеген және бекіткен, ол Әділет
министрлігінде 2014 жылғы 25 желтоқсанда №10013
тіркелген. Бұл бұйрық тұрмыстық зорлық-зомбылық
құрбандарының арнаулы әлеуметтік қызметтерге
қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді
[18].
Жоғарыда аталған қызметтерді көрсету меха-
низмі «Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына
арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартын
бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрінің 2016 жылғы 26 желтоқсандағы
№1079 бұйрығымен бекітілген. Осы Стандартқа
сәйкес жергілікті полиция қызметіне төмендегідей
өкілеттіктер берілген:
– көрсетілетін қызметтерді алушыларды әлеу-
меттік оңалту, азаматтық, мүліктік және өзге де
құқықтарын қалпына келтіру мәселелерін шешу
үшін жергілікті атқарушы органдармен, білім
беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, әділет
органдарымен, үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-
қимыл жасау; (9-т.)
– уақытша болу және тұру ұйымдарына көр-
сетілетін қызметтерді алушыларға бюджет қара жаты
есебінен арнаулы әлеуметтік қызмет тер көрсету
үшін тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарын
көрсетілетін қызметтерді алушы лар дың нақты
тұратын орындарына жіберу; (25-т.)
– өмірлік қиын жағдайға түсіп қалған тұрмыстық
зорлық-зомбылық құрбандарының жағдайын анық тау
үшін жәбірленушіні сәйкестендіруді әлеу меттік қыз-
меткер мен психологтің қатысуымен жүргізу; (29-т.)
– көрсетілетін қызметтерді алушылардың жеке
деректерінің құпиялылығын ескерумен тұрмыстық
зорлық-зомбылық фактісі туралы көрсетілетін
қызметтерді алушылардың ішкі істер органдарына
өтініш беруден бас тартуы жөнінде уақытша болу
ұйымынан ақпараттарды үш жұмыс күні ішінде алу
[19].
«ІІО-да профилактикалық есепте тұратын
адамдарды профилактикалық бақылауды жүзеге
асыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» ҚР
ІІД 2014 жылғы 15 шілдедегі №432 бұйрығында
ішкі істер органдарында профилактикалық есепте
тұратын адамдарды профилактикалық бақылауды
жүзеге асыру механизмі қарастырылған. Бұл нұсқау-
лықта қорғау нұсқамасын шығару және тұрмыстық
озбырдың шектеулерді сақтауына бақылау жасау
|