Методические рекомендации по изучению предмета «Начальная военная и технологическая подготовка»



жүктеу 4,97 Mb.
Pdf просмотр
бет15/141
Дата09.01.2022
өлшемі4,97 Mb.
#31925
түріМетодические рекомендации
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   141
аәтд

3-
сабақ. 
Жергілікті  жерді  бағдарлау 
үшін  қазіргі  заманғы  жеке 
жабдықтар. 
Спутниктік 
навигациялық  жүйелер  туралы 
жалпы  мәліметтер:  GPS  (Global 
Positional  System),  ГЛОНАСС, 

Әңгімелеу, 
көрсету, 
АӘТД 
оқулығы, 
6-
тарау, § 3. 
 


26 
 
Galileo. 

Жергілікті  жерде  картасыз 
бағдарлану (оқу жиынында). 
4,5-
сабақ.
 
Жергілікті  жерде 
картасыз  бағдарлану.  Азимут 
бойынша қозғалу. 

Практикал
ық жұмыс 
АӘТД 
оқулығы, 
6-
тарау, § 4. 
 
 
Жергілікті жерде картасыз бағдарлану. Оқытушы сабаққа кірісе отырып, 
оқушыларға әскери білім жүйесіндегі әскери топографияның маңызын қысқаша 
түсіндіріп өтеді. 
Сабақтың негізгі бөліміне көше отырып, өзіне таныс емес жерде жылдам 
бағдарлай  білу  әскери  қызметші  үшін  өте  маңызды  екенін,  оның  қарапайым 
нәрсе  емес  екендігін  және  белігілі  бір  білім  деңгейі  мен  дайындықты  қажет 
ететіндігін  түсіндіреді.  Содан  кейін  оқушыларға  «бағдарлану»  және 
«бағдарлау»түсініктеріне анықтама беріп, оның мәнін түсіндіреді. 
Бағдарлану  туралы  түсінікті  әңгімелеп  болған  соң,  оқытушы  көкжиек 
тұстарын  анықтауды  үйретуге  кіріседі.  Көкжиек  тұстары  компас,  аспан 
жарықтары  және  жергілікті  заттардың  кейбір  белгілері  бойынша  анықталады. 
Оны  үйрету  үшін  оқытушы  көкжиек  тұстарын  компас  бойынша  қалай 
анықтайтынын  көрсетеді  және  түсіндіреді.  Олардың  түсінген-түсінбегендерін 
анықтау  үшін,  оқушыларға  компсаты  беріп,  солтүстікті  немесе  оңтүстікті 
(батысты, шығысты) анықтауларын сұрайды.  
Содан  кейін  дәл  сондай  әдіспен  көкжиек  тұстарын  күн  және  сағат 
бойынша  анықтауды  үйретеді.  Егер  сабақ  өткізіп  жатқан  кезде  күн  бұлтты 
болса,  онда  оқушыларға  бағытты  компас  және  сағат  арқылы  анықтауды 
ұсынуға болады.  
Темірқазық  бойынша  солтүстікті  анықтауды  плакат  қолдана  отырып 
түсіндіріп, бұл сұрақты түнгі уақытта қайталап көрулерін ұсынады. 
Көкжиек  тұстарын  жергілікті  жерлердегі  кейбір  заттардың  белгілері 
бойынша  анықтау  тәртібін  түсіндіре  отырып,  бұл  тәсілдің  бірқатар 
кемшіліктері  бар  екендігін  атып  өту  керек.  Оқу  материалын  мазмұндауды 
аяқтай  отырып,  оқушылардан  көкжиек  тұстарын  анықтаудың  тағы  қандай 
тәсілдері  бар  екендігін  сұрауға  болады.  Егер  олар  білетін  болса,  оны  бірігіп 
талқылауға ұсынылады. 
Оқытушы-ұйымдастырушы  сабақты  аяқтай  отырып,  оқушыларға  өзінің 
орналасқан  жері  туралы  мәлімдеме  жасауды  үйретеді.  Ол  үшін  мәлімдеме 
жасау үлгісін көрсетіп, оның маңызын түсіндіреді және оқушыларды мәлімдеме 
жасауға жаттықтырады. 
Жергілікті  жерде  картасыз  бағдарлану
 
(оқу  жиынында).  Бұл  тақырып 
бойынша  сабаққа  дайындалған  кезде,  оқытушы  азимут  бойынша  қозғалуға 
қажет  5-6  бағытты,  азимут  бойынша  қозғалуға  қажет  мәліметтер  кестесін 
немесе азимут бойынша қозғалу бағытының үлгісін дайындап қояды.  
Азимут  бойынша  қозғалуға  қажет  мәліметтерді  дайындаған  кезде,  төрт 
аймақтан  тұратын,  ұзындығы  шамамен  2500  м  болатын  бағытты  дайындаған 


27 
 
дұрыс.  Барлық  бағыттардың  бастапқы  нүктесі  біреу  болады  (сабақ  өткізілетін 
орын).  Әр  бағыттың  соңғы  нүктесі  өзгеше  бағытпен  аяқталып,  олар  бастапқы 
нүктемен сәйкес келмеуі керек. Оқушылардың әрекеттерін қадағалауға қолайлы 
болу  үшін,  бағыттардың  соңғы  нүктесі  диамтері  300  м  аумақта  тоғысқаны 
дұрыс.  Автокөліктер  көп  қозғалатын  жолмен  және  өзге  де  қауіпті  жермен 
қиылысатын бағытты таңдауға тиым салынады. 
Бұл тақырып бойынша сабақ жергілікті жерде өткізіледі. Сабақ басталған 
кезде  оқытушы  оқушылардың  магнитті  азимутты  және  берілген  магнитті 
азимут  бойынша  жергілікті  жерде  бағытты  анықтау  дағдыларын  тексереді. 
Қажет болған жағдайда бұл тақырыпты тағы бір қайталайды. 
Содан кейін оқытушы азимут бойынша жаяу қозғалу тәртібін түсіндіреді 
және  көрсетеді.  Оқушылардың  оқу  материалын  игергеніне  көз  жеткізген  соң, 
оларды  5-6  топқа  бөліп,  топ  командирлерін  тағайындайды  және  тактикалық 
жағдайды  түсіндіреді,  оларға  азимут  бойынша  қозғалуға  міндеттер  жүктейді, 
қауіпсіздік шараларын ескертеді және қозғалуға арналған мәліметтерді береді. 
Оқушылар  ақырғы  нүктеге  келген  соң,  оқытушы  олардың  әрекеттерін 
қорытындылап, қателерін көрсетеді және бағалайды. 
Бағалау  жүйесі  мынадай:  «үздік»  -  бағытты  35  минутта  өтсе  және 
көтрсетілген  нүктеге  дәл  шықса;  «жақсы»  -  40  минутта  өтсе; 
«қанағаттандырарлық» - 50 минут ішінде жүріп өтсе; «қанағаттандырылмайды» 

оқушылар көрсетілген нүктеге жете алмаса неемсе бағытты өтуге 50 минуттан 
көп уақыт жіберсе. 
Магнитті азимутты анықтау.
 
Оқытушы сабаққа кірісе отырып, жергілікті 
жерде  бағдарлану  үшін  көбінесе  жергілікті  заттарға  бағытты  (магнитті 
азимутты) анықтау керек болып жататындығын оқушыларға түсіндіреді. Одан 
кейін  ол  магнитті  меридианның  солтүстік  бағытынан,  нысанға  дейінгі 
анықталатын  бағытты  сағат  тілінің  айналу  жолымен  өлшенетін  (0-ден  360 
градусқа дейін) көлденең бұрыш – бағыттың магнитті азимуты деп аталанынын 
айтады.  Жергілікті  жерде  магнитті  азимут  магнит  тілі  бар  бұрыш  өлшегіш 
құрылғылармен  анықталады.  Армияда  көбінесе  Адрианов  компасын 
қолданады. 
Содан  кейін  оқушылар  Адрианов  компасының  құрылысымен  танысады. 
Ол  үшін  оқытушы  компасты  пайдалана  отырып,  компастың  бөлімдерін, 
олардың  атқаратын  қызметін  және  құрылысын  көрсетеді.  Компастың 
құрылысымен  танысып  болғаннан  кейін,  оқытушы  компаспен  магнитті 
азимутты анықтауды үйретуге кіріседі. 
Оқытушы  магнитті азимутты  анықтауды  үйрету  үшін, ол  тәсілдің  қалай 
орындалатынын  көрсетеді  және  түсіндіреді.  Оқушылардың  түсінгеніне  көзін 
жеткізген  соң,  оқытушы  жаттығуға  кіріседі.  Ол  үшін  оқушыларға  магнитті 
азимутты  жергілікті  заттар  бойынша  анықтауды  ұсынады  және  олардың 
мәлімдемелерін тыңдайды. Егер оқушылар жаттығу кезінде қателіктер жіберген 
болса,  олардың  қателерін  көрсетіп,  тиісті  нұсқаулар  береді.  Сабақтың  бұл 
бөлімін  аяқтаған  соң,  оқытушы  олардың 
тура 
магнитті  азимутты 


28 
 
анықтағандарын  және  одан  басқа 
кері
 
азимуттың  болатынын  хабарлайды. 
Сондай-ақ кері азимуттың мәнін түсіндіріп, оны анықтау тәртібін көрсетеді. 
Сабақты  қорытындылай  келе,  берілген  магнитті  азимут  бойынша 
жергілікті жердің бағытын анықтауды қарастырады. Бұл сұрақты қарастырған 
кезде, оқытушы жоғарыда айтылған әдістемені қолданады. 
Жергілікті  жерде  бағдарлаудың  қазіргі  заманғы  құралдары.
 
Сабаққа 
дайындалған  кезде  слайдтарды  немесе  плакаттарды  даярлап  қою  керек. 
Сабақты  бастаған  кезде  оқушыларға  жергілікті  жерде  бағдарлау  бойынша 
бұрын мазмұндалған тәсілдердің қарапайым және сенімді екендігін айту керек. 
Алайда ғылым мен заманауи технологиялардың жетістіктері Қарулы Күштерде 
кеңінен  қолдануға  мүмкіндік  береді.  Ол  жүктелген  тапсырмаларды  көп  уақыт 
жұмсамай, аса дәлдікпен және тиімді шешуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, 
бағдарлаудың  қазіргі  заманғы  құралдары  сан-алуан  қызмет  атқара  алады. 
Алайда  олар  электрлі-магнитті  толқындарды  қолдану  арқылы  жұмыс  істейді 
және радиобелсенді құрлығылар арқылы істен шығып қалуы да мүмкін. Ондай 
жағдайда компаспен жұмыс істеуге тура келеді. 
«Жергілікті  жерде  бағдарлауға  арналған  заманауи  дербес  құралдар» 
тақырыбындағы 

жүктеу 4,97 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   141




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау