Э. В. Фуфаев, Л. И. Фуфаева



жүктеу 23,02 Mb.
Pdf просмотр
бет68/204
Дата09.01.2022
өлшемі23,02 Mb.
#31801
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   204
Фуфаев Қолданбалы бағдарламалар пакеті. Оқу құралы

Мəтіндік
.  Осы  түрдегі  деректер  өрісінде  кез-келген  255  символ, 
оның  ішінде  сандар  да  болуы  мүмкін.  Осындай  деректер  өрісі 
жаппай сандардан құралуы мүмкін, егер есептеу жүргізілмесе. 
Мемо. 
Мəтіндік  ескертпелер  өрісі  деп  аталатын  деректер 
өрісінің  бұл  түрі  255  символдан  асатын  ұзын  мəтіндерді  сақтауға 
арналған;  ал  Access  2000  бағдарламасында  —  65    535    символға 
дейін.  Бұл  деректер  түрінің  мəтіндіктен  айырмашылығы  –  ол 
деректерді  емес  осы  деректерге  арналған  сілтемелерді  сақтайды,  ал 
бұл  кестені  өңдеу  үрдісін  жылдамдатады.  Сонымен  қатар, 
Мемо 
типтегі деректер өрісі негізгінемесе индексті бола алмайды. 
Сандық. 
Математикалық  есептеулерде  қолданыла  алатын 
деректер қорының объектілерін сипаттауға арналған түрі. 
Дата/время. 
Деректердің  бұл  түрі  күн  мен  уақытты  көрсетуге 
арналған,  кестенің  нақты  жазбасын  сипаттайды,  мысалға,  тауардың 
қоймаға түсу күні немесе пайдаланушының Internet желісін қолдану 
бастамасы  мен  соңы.  Осындай  деректер  өрісіне  100  ден  9999 
жылдар аралығындағы күндерді енгізуге болады. 
Ақшалай 
деректердің  бұл  түрі  сандық  түріне  іспеттес,  тек  бір 
айырмашылығы  –  енгізілетін  сандардың  сипатында.  Енгізілетін 
сандардың  нақтылығы  нүктеден  кейін  төрт  саннан  аспайды,  ал 
бүтін  бөлігі  15  ондық  санға  дейін  жетуі  мүмкін.  Санның  соңында 
валюта белгісі қойылуы ықтимал. 
 
 
 
 
79 


Санауыш. 
Өрісте ДҚ жазбасының қайталанбас нөмірі сақталады. 
Бұл  өрістің  деректері  жаңартылмайды.  Access  2000  кестесі  2  млрд 
жазбаға дейін сақтай алады. 
Логикалық. 
Логикалық  мəндерді  Ақиқат/Жалған,  Ия/Жоқ 
Қосу/Өшіру  түрінде  енгізу  үшін  арналған.  Логикалық  түрдегі 
деректер өрісі негізгі бола алмайды, тек индексті. 
OLE  (OLE-объект).  Деректердің  өріс-ұяшықтардың  бұл  түріне 
Windows  жүйесінде  жасалынған  үстемелерге  сілтемелер  енгізіледі  . 
Бұл  мəтіндік,  графикалық,  музыкалық,  мультимедиялық  файлдар 
болуы  мүмкін.  Өрістің  ұяшығындағы  сақталатын  деректердің 
көлемі компьютердің тасының кеңістігімен ғана шектелген. 
Гиперсілтеме 
(Hyperlink).  ДҚ  орналасқан  компьютерде,  немесе 
локалды не Internet желісіндегі кез-келген компьютердегі кез-келген 
құжатқа  сілтеме  жасауға  болатын  мекен-жай  енгізуге  мүмкіндік 
береді. 
Гиперсілтеме  үш  бөліктен  құралады:  файлға  сілтеме  жасайтын 
мекен-жай,  файл  ішіндегі  үзіндіге  немесе  мəтін  парағына  сілтейтін 
қосымша  мекен-жай  жəне  көрінетін  мəтін.  Гиперсілтеменің  əр 
бөлігі 2048 символға дейін болады. 
Мастер  подстановок. 
Өріс  ұяшығына  енгізілетін  деректерді 
қабылдай  алатын  белгіленген  мағыналар  тізімін  жасауға  мүмкіндік 
береді. 
Деректердің  атауы  мен  түрін  енгізгеннен  соң,  тінтуір  меңзерін 
Сипаттау 
блогының  тиісті  өрісіне  апарып  кестені  толтыру 
барысында  ақпаратты  дұрыс  енгізуге  мүмкіндік  беретін  түсіндірме 
жасайды. 
Түсіндірмені  енгізу,  əсіресе  өрістің  атауының  мағынасы 
деректерді  дұрыс  енгізу  үшін  жеткіліксіз  болған  жағдайда  міндетті. 
Мысалға,  технологиялық    жабдықтардың  сипаттарын  енгізуде 
D
max
(4.3  сурет)  өрісінде  қолданушы  аталған  модельдің  станогында 
өңделуі  мүмкін  дайындаманың  максималды  диаметрінің  өлшемі 
миллиметрмен  көрсетілгенін  білуі  тиіс,  яғни 
Описание 
блогында 
келесідей  түсіндірме  енгізуге  болады:дайындаманың  максималды 
диаметрі мм-мен көрсетілген
.
 
Түсіндірмені  енгізгеннен  соң, 
Общие 
бөліміндегі 
Свойства
 
блогына көшіп, өріске қажетті қасиеттерді енгізіледі. 
6.5  суретінде  бір  өрістің  қасиеттері  сипатталған  кесте 
құрылымының үзіндісі көрсетілген: 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
80 


 
 
 
Рис. 6.5. Кесте құрастырушысына кесте сипаттамасын енгізудің 
мысалы 
 
Кестенің  барлық  өрістерінің  сипаттарын  енгізгеннен  соң, 
құрастырушы жабылады, жəне де кестенің атауын беруді жəне егер 
бұрын  қойылмаса,  негізгі  өрістерді  енгізу  ұсынылатын  диалогты 
терезелер ашылады. 
Кестенің атауын қою кезінде келесідей жайттарды ескерген жөн: 

 
Атауы  кестеде  сақталған  деректердің  мəнін  ашуы  тиіс 
(объектілердің  класы); 

 
Атауында тыныс белгілері мен жақшалар болмауы тиіс; 

 
Атауы бос орыннан басталмауы тиіс; 

 
ДҚ бір файлында атаулары ұқсас екі кесте болмауы тиіс. 
Негізгі  өрістер  ДҚ  бір  кестесінің  деректері  басқа  кестелердің 
деректерімен  байланысты  болуы  керек  кезде  белгіленеді.  Сонымен 
қатар,  негізгі  өріс  кестедегі  əр  жазбаны  анықтауы  тиіс  жəне  оның 
мағынылары қайталанбауы шарт. 
Деректерінің  мағынасы  барлық  жазбаны  анықтайтын  кестенің 
кез-келген  өрісі  негізгі  бола  алады.  Егер  бір  өрістің  деректері 
арқылы  жазбаны  анықтауға  мүмкіндік  болмаса,  бірнеше  негізгі 
өрісті  белгілейді.  Негізгі  ретінде 
Счетчик(есепші) 
деректер  өрісін 
таңдауға болады
,
ол кестенің əр жазбасын біркелкі анықтайды. 
 
 
 
81 
 
 


 
   
   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Негізгі  өріс  кестелер  құрастырушысында  өріс  қасиеттерін 
сипаттауда  пайда  болады,  сондықтан  құралдар  панелінде  қажетті 
өрісті таңдап тінтуірмен тиісті батырмаға басу қажет. 
Объектілердің  сипаттары  бірдей  мазмұнды  бірнеше  кестелер 
құрастыру  кезінде  деректерді  көшіру  технологиясын  қолданған 
жөн. Бұл үшін келесідей қадамдарды жасау керек: 
Конструктор 
режимінде бұрын жасалған кестені ашу; 
басқа кестеде қайталанатын өрісті белгілеу; 
белгіленген  өрісті  (барлық  қасиеттерімен  қоса)  айырбастау 
буферіне көшіру; 
айырбастау  буферінен 
кестені  құрастырушының  тиісті 
жолына өрістің қасиеттерін енгізу. 
ДҚ  кестелері  құрастырылғаннан  соң,  деректердің  тұтастығын 
қамтамасыз  ету  үшін  байланысты  кестелердің  арасында  байланыс 
орнату  қажет.*  Деректердің  тұтастығы  байланысты  кестелердегі 
кездейсоқ  өзгерістерден  қорғанысына  кепілдік  береді.  Байланысты 
кестелерде  бір  кесте  басты,  ал  екіншісі  –  бағынышты  болып 
табылады.  Басты  кесте  негізгі  өрісті,  ал  бағынышты  –  негізгі  емес 
ұқсас өрісті сақтауы тиіс. 
Кестелер  арасында  байланыс  орнату  үшін  келесі  қадамдарды 
орындау шарт: 
деректер   қорының   терезесінің   құралдар  панелінде  
Схема 
данных 
пəрменін белсендіру (6.6 сурет); 
дерекқор 
схемасының 
құрастырушысының 
ашылған 
терезесіне  басты жəне бағынышты кестелерді негізу (6.7. сурет); 
кестелерді бірдей өрістер бойынша байланыстыру. 
6.8.
 
суретте  дерекқор  схемасының  құрастырушысының  терезесі 
көрсетілген – мұнда САПР ТП «ЛАЗЕР 2000» кестелері арасындағы 
бірі-көбіне  байланысы  орнатылған.  Байланысты  орнату  үрдісі 
барысында 
Деректердің  тұтастығын  қамтамасыз  ету 
параметрі 
қосылған,  бұл  кезде  басты  кестедегі  жазбаларды  еркін  өзгертуге  не 
жоюға мүмкіндік берілмейді. 
Егер  кестелер  арасында 
байланысты  өрістерді  қатарлап 
жаңалау 
жəне 
Байланысты  жазбаларды  қатарлап    жаңару 
байланыс  параметрлерін  қосса,  онда  басты  кестедегі  кез-келген 
өзгерістер  бағынышты  кестеде  де  деректердің  автоматты  өзгеруі 
орын алады. 
Сонымен,  деректер  қорының  кестелер  құрамы  қондырылған  əр 
кестенің құрылымы құрастырылған, кестелер арасында байланыстар 
анықталып,  орнатылған.  Енді  кестелерге  деректер  енгізуге  кірісуге 
болады. 
 
 
 
*
 
Ақпараттық жүйеде ДҚ басқа кестелерімен байланыспаған 
кестелер болуы мүмкін. 
82 


 
 
 
6.6.
 
сурет. Деректер қорының терезесі 
 
 
 
 
 
6.7.
 
сурет. Дерекқор схемасын құрастырушысының терезесі 
83 
 
 


 
 
 
6.8.
 
сурет. Бірі-көбіне байланысы орнатылған  дерекқор 
Деректерді енгізу екі жолмен жүргізіледі: кестенің ұяшықтарына 
жəне  пішіндер  (формалар)  арқылы.  Деректерді  енгізу  жолын 
таңдауда келесі жайттарды басшылыққа алған жөн 

 
Оператордың қателіктерінің ықтималдығын азайту; 

 
Деректерді енгізуді ұйымдастырылуының ыңғайлығы. 
 

жүктеу 23,02 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   204




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау