Э. В. Фуфаев, Л. И. Фуфаева



жүктеу 23,02 Mb.
Pdf просмотр
бет181/204
Дата09.01.2022
өлшемі23,02 Mb.
#31801
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   204
Фуфаев Қолданбалы бағдарламалар пакеті. Оқу құралы

Bhatch  пəрмені

Міндеті  —  диалогтік  терезені  қолдану  арқылы 
сызбаларда  штрихтарды  жүргізу.  Бұл  пəрмен 
Hatch 
пəрменінің 
аналогы болып табылады. 
Оның 
көмегімен 
сынық 
сызықтармен, 
доғалармен, 
шеңберлермен, эллипстермен, сплайндармен, блоктармен шектелген 
тұйықталған  аймақтарда  штрихтауды  орындауға  болатын  диалогтік 
терезені  ашады.  Терезеде  жеті  батырма, 
Композиттік 
өрісі  жəне 
Тез 
жəне 
Жақсартылған 
қойындылары  (біріншісінің  штрихтау 
контурын  автоматты  түрде  анықтау  үшін  құралдары  бар  жəне  ол 
оны  алдын  ала  қарауға  мүмкіндік  береді.  Ал  екіншісі  шекараны 
анықтау  əдістерін  жəне  штрихтаудың  қосымша  параметрлерін 
басқаруға мүмкіндік береді) бар. 
Жақсартылған 
қойындысында төрт панель бар. 
1.
 
Үш  ажыратпа  қосқыштары  бар 
Штрихтаудың  үзілулерін 
анықтау стилі 
панелі: 
Қалыпты 
— штрихтау аймағында ішкі шекараларды кесіп өткен 
кезде  режимін  өзгертетін  штрихтау  стилін  қосады  (əдепкі  қалпы 
бойынша қолданылады); 
Сыртқы 
—  тек  сыртқы  тұйықталған  аймақты  штрихтайтын 
штрихтау стилін қосады (бірінші ішкі шекараға дейін); 
Елемеу 
—  контур  ішіндегі  бүкіл  аймақты  штрихтайтын 
штрихтау стилін қосады (ішкі шекараларды елемейді). 
2.
 
Штрихтау  шекарасын  қандай  күйде  –  полисызық  немесе 
аймақ  ретінде  сақтау  керектігін  көрсетуге  мүмкіндік  беретін 
ашылмалы тізімі бар 
Объект түрі 
панелі. 
 
 
 
 
262 


Оған қоса, осы тақтаның өрісінде 
Шекараларды сақтау 
жалаушасы 
орналасқан. 
3.
 
Штрихталатын  аймақты  тағайындау  үшін  объектілер 
жиынтығын  анықтайтын  ашылмалы  тізімі  бар 
Шекаралар 
панелі. 
Бұл  панельде  [Жаңа]  батырмасы  орналасқан,  оның  көмегімен 
пайдаланушыға  штрихталатын  аймақтың  шекараларын  анықтайтын 
объектілерді айқын таңдауға мүмкіндік беріледі. 
4.
 
Штрихтау  шекараларын  табу  əдісі 
панелі  белгіленген 
аймақтың  ішіндегі  шекараларды  іздеу  əдісін  басқарады,  екі 
қосқышы бар: 
Толтыру 
—  оқшауланған  аймақтарды  шекаралық  объектілер 
ретінде анықтайды; 
Сəулелік 
— оқшауланған аймақтарды шығарады. 
Штрихтау 
диалогтік  терезесі  батырмаларының  міндеттерін 
қарастырайық. 
[Нүктелерді  таңдау]  батырмасы  –  штрихтау  аймағының 
автоматты  түрде  анықталуын  қамтамасыз  етеді.  Егер    бұл 
батырманы  штрихтау  үлгітүрін  жəне  оның    баптауларын 
таңдағаннан 
кейін 
басса, 
жүйе 
сұраныс 
шығарады: 
Selectinternalpoint:
(Аймақтың  ішінде  штрихталуы  қажет  нүктені 
көрсетіңіз:). 
Қажетті  нүктенің  координатасын  алғаннан  кейін  жүйе 
пайдаланушыға өзінің іс-əрекеті туралы хабарлайды: 
Selecting everything 
(Барлығын таңдаймын); 
Selecting  everything  visible 
(Көріп  тұрғанымның  барлығын 
таңдаймын); 
Analyzing the selected data...
(Таңдалған деректерді талдаймын...); 
Analyzing 
internal 
islands
(Ішкі 
оқшауланған 
аймақтарды 
талдаймын). 
Қажетті  есептерді  орындағаннан  кейін  жүйе  сұранысты  қайта 
шығарады: 
Selectinternalpoint
:  (Аймақтың  ішінде  штрихталуы  қажет 
нүктені  көрсетіңіз:),  жауап  ретінде  келесі  нүктені  көрсету  қажет 
немесе таңдауды аяқтау үшін [Enter] пернесін басу керек. 
[Объектілерді  белгілеу]  батырмасы  —  штрихтау  аймағын 
анықтайтын  объектілерді  таңдауды  қамтамасыз  етеді.  Ол  үшін 
пайдаланушыға  белгілі  барлық  əдістерді  қолдануға  болады.  Таңдау 
үрдісін [Enter] пернесін басу арқылы аяқтауға болады. 
[Штрихтау  объектілерін  өшіру]  —  штрихтау  аймағының 
ішіндегі  кез  келген  оқшауланған  бөлікті  кетіруді  қамтамасыз  етеді. 
(Штрихтау аймағының сыртқы шекарасын өшіруге болмайды) 
[Белгіленгенді  қарау]  батырмасы  —  барлық  таңдалған  штрихтау 
аймақтарын қарауды жəне тексеруді қамтамасыз етеді. 
[Мұрагерленген 
ерекшеліктер] 
— 
бар 
штрихтаудың 
ерекшеліктерін  көшіріп  алып,  оны  ағымдағы  үлгітүрде  пайдалану 
үшін қолданылады. 
[Қосарлы]  батырмасы  —  айқыш-ұйқыш  штрихтауды  орындау 
үшін қолданылады. 
263 


[Алдын-ала  қарау]  —  штрихтауға    алдын-ала    қарауды 
қамтамасыз етеді. 
Композиттік 
өрісі  екі  таңдау  батырмасы  бар:  [Ассоциативтік] 
жəне  [Ассоциативтік  емес].  Олар  сəйкесінше  ассоциативтік 
(модификацияланған  контурларды  толтыру  үшін  автоматты  түрде 
түзетілетін)  жəне  ассоциативтік  емес  штрихтауды  құруға  мүмкіндік 
береді. 

жүктеу 23,02 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   204




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау