Э. В. Фуфаев, Л. И. Фуфаева



жүктеу 23,02 Mb.
Pdf просмотр
бет169/204
Дата09.01.2022
өлшемі23,02 Mb.
#31801
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   204
Фуфаев Қолданбалы бағдарламалар пакеті. Оқу құралы

Specify 
lower  left  corner  or  [ON/OFF]  <0.0000,0.0000>: 
пайда  болады 
(Төмеңгі  сол  жақ  бұрышы  координаталарын  немесе  <əдепкілік 
параметр шамасын>:) енгізініз. 
Сұрауға ықтимал жауаптар: 

 
On 
—  белгіленген  шамаларды  сақтап,  сызба  шектерін 
бақылауды қосу; 

 
Off 
— сызба шектерін сақтау бақылауын өшіру. 
6.
 
Osnap 
командасы.  Міндеті  —  объектілік  байластыру 
режимін орнату. 
Ішкі командалар ретінде үтір арқылы байластырудың қажеттң 
режимдері атап өтіледі: 
None 
— байластыру жоқ; 
Center 
— шеңбер немесе доға центрі; 
End 
— ақырғы нүкте; 
Mid 
— кесінді, доға ортасы; 
Perpendicular 
— кесінді, доғаға перпендикуляр; 
Intersection 
— қиылысу нүктесі; 
Insert 
— ең төменгі деңгей объектісін кірістіру нүктесі; 
Nearest 
— ең жақын нүкте; 
Node 
— торап; 
Tangent 
— соңғы енгізілген нүктеден шығатын сəулені жанап 
өтетін нүкте. 
241 


Жоғарыда  келтірілген  ішкі  командалармен  бірге  қолданылған 
кезде 
Quick 
ішкі командасы тез байластыру режимін қосады (бірінші 
қолайлы  нүктеге),  не  болмаса  барлық  нүктелер  қарастырылып, 
олардан енгізілген координатаға ең жақын біреуі таңдалады. 
Байластыру  режимі  кезінде  графикалық  меңзер  өзгеріп, 
сызықтардың  қиылысу  жерінде  кішкентай  квадрат  (нысана)  пайда 
болады.  Нысанаға  өткен  нүктелерге  байластыру  жасалынады.  Кез 
келген сəтте координатаны енгізу кезде тек бір кезекті координатаға 
ғана  қатысты  жергілікті  байластыру  режимін  белгілеуге  болады.  Ол 
үшін сұранып жатқан координатаның орнына пернетақта арқылы бір 
байластыру режимін таңдау қажет. Оның нəтижесінде нысана пайда 
болады.  Егер  тұрақты  белгіленген  байластыру  режимдері  сəйкес 
келмесе,  дəл  осы  тəсіл  арқылы  енгізілетін  бір  координатаның 
байластыруын  өзгертуге  болады  немесе  жергілікті  түрде  барлық 
байластыруларды болдырмау қажет (
Non
). 
7.
 
Zoom 
командасы.  Міндеті  —  масштабты  белгілеу 
немесе,  дəлірек  айтсақ,  сызбаның  қай  бөлігін  экранға  шығаруын 
анықтау (модель немесе сызба өлшеміне əсер етпейді). 
Ішкі командалар: 
Magnifications 
—  масштабтық  көбейткішті  белгілеу  (бірден 
үлкен  –  көбейту,  берден  кем  -  азайту).  Сонда  экран    центрі 
сақталады; 
All 
—  терезені,  яғни, 
Limits 
командасымен  берілген  сызба 
шектерін  орнату,  ал  сызба  осы  шектерден  асып  түсетін  болса, 
сызбаны толығымен шығару; 
Center 
— терезе центрі мен масштабтық көбейткішті белгілеу; 
Extens 
— сызбаны толығымен максималды ірі түрде шығару; 
Left 
—  төменгі  сол  жақ  бұрыш  пен  масштабтық  көбейткішті 
белгілеу; 
Previous 
— алдағы масштабты қайта қалпына келтіру; 
Window 
—  экранға  шығарылатын  терезенің  төменгі  сол  жақ 
жəне жоғарғы оң жақ бұрыштарын белгілеу; 
Dynamic 
— динамикалық режимде масштабты белгілеу. 
AutoCAD  параметрлерін  баптау  кезінде  негізгі  саймандар 
тақтасына  Center,  Dynamic,  Window,  До  границ    чертежа,    All, 
Previous 
ішкі 
командаларына 
сəйкес 
келетін 
масштабтау 
командалары батырмаларын шығару ұсынылады. 
8.
 
Fill 
командасы.  Міндеті  —  келесі  қосқыштар  арқылы 
берілген ені бар бейне элементтерін бояу режимін орнату: 
On 
— бояу режимін қосу; 
Off 
—  бояу  режимін  өшіру  (тек  элемент  контуры  ғана 
шығарылатын болса). 
242 


9.
 
Redraw 
командасы. Міндеті — экрандағы бейнені жаңарту. 
Редакциялаудың  көп  операциясы  кезінде  экранда  графикалық 
модельде  жоқ  бейне  ақаулықтары  жиналады.  Мысалы,  қиылысатын 
екі  кесіндінің  біреуін  өшірсек,  қалған  кесінді  қиылысу  нүктесінде 
үзіледі.  Осы  ақаулар  нүктелер  мен  объектілерді  таңдау  кезде 
маркерлерді  өшіру  жəне  сурет  салу  салдарынан  экранда  қалады. 
AutoCAD  соңғы  нұсқаларында  осы  сияқты  барлық  ақаулар 
автоматты  түрде  жойылады. 
Redraw 
командасы  жұмыс  аймағы 
терезесіне түскен барлық элементтерді шығарады. 
10.
 
Regen 
командасы.  Міндеті  —  бейнені  экранға  қайта 
шығару. 
Масштабты  қатты  үлкейту  кезінде  бірқалыпты  қисықтар 
(мысалы,  шеңберлер,  доғалар)  аппроксимацияға  өте  қатты 
ұшырайды. Дегенмен, олардың сапасы жоғары болып қалады. Бейне 
сапасын  көтеру  үшін  AutoCAD  жүйесінің  метафайлы  бойынша 
операциялардың  толық  өтуін  Regen  командасы  іске  асырады.  Сонда 
жұмыс  аймағы  терезесі  мен  қабаттардың  белгілері  бойынша  объект 
бейнесін  қию  операциялары  қайтадан  жасалынады.  Сонымен  қатар 
бірқалыпты  қисықтардың  аппроксимация  сапасы  да  бапталады. 
Regen  командасы  сапалы  жəне  дұрыс  бейнені  алуды  қамтамасыз 
етеді,  бірақ  Redraw  командасына  қарағанда,  ақырындау  жүзеге 
асады. 
11.
 
Menu 
командасы. Міндеті — жаңа мəзірлерді құрастыру. 
Жаңа  мəзір  арқылы  тəжірибелі  пайдаланушы  AutoCAD 
жүйесін қолданбалы жобалауға баптай алады. Сонда мəзір таңбалық 
түрде 
сипатталып, 
қарапайым 
мəтіндік 
редактор 
арқылы 
редакцияланады. Жүктеу кезінде мəзірдің таңбалық файлы AutoCAD 
ішкі  ұсынысына  таратылады,  яғни  əрбір  сызба  үшін  осы  сызбаның 
қазіргі  мəзірі  сақталынады.  СВЧ-диапазонының  радиоэлектрондақ 
аппаратурасын  жобалау  жүйесіне  арналған  өзгерілген  мəзірі  бар 
экран бөлшегі 15.4 суретінде көрсетілген. 
Жаңа  төмен  түсетін  мəзірді  құрастыру  кезде  келесі  ішкі 
командалар қолданылады: 
Menu load 
— негізгі төмен түсетін мəзірді баптау; 
Layer 
— қабаттар ерекшеліктерін баптау. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
243 


 
 
 
Сурет 15.4. Пайдаланушылық өзгертілген төмен түсетін мəзірі бар 
экран бөлшегі 
 
 
Layer 
ішкі командасының келесі режимдері бар: 
On 
— қабат бейнесін немесе қабат белгілері жолында шамды 
қосу; 
Off 
— қабатты өшіру; 
Set 
— қабат немесе батырманы орнату (кезекті болып істеу); 
Make 
— жаңа қабат жасау; 
New 
— эквиваленттілікті жасау Make+ Set; 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
244 


 
 
 
Cурет 15.5. Қабат белгілерін баптау терезесі 
 
 
? — қабат туралы деректерді алу; 
? * — барлық қабаттар туралы деректерді алу. 
AutoCAD2000 жүйесінде Layer ішкі командасын шақыру кезде 
қабат белгілерін баптау үшін терезе пайда болады. Ол 15.5 суретінде 
көрсетілген. 
Объект 
моделін 
жобалау 
кезінде 
барлық 
ықтимал 
айырмашылықтарды  есепке  ала  отырып,  объектінің  əр  түрлі 
құрамдас  бөліктерінің  қабаттарын  жасау  ұсынылады.  Мысалы, 
салмақ түсетін конструкция, электрондық компонент жəне т.б. 
Сызбалар модельдерімен жұмыс жасау кезде сызықтар типінің 
əр  түрлі  баптаулары  бар  қабаттарлы  жасау  ұсынылады,  яғни 
контурларды  жиектеу  үшін  қалыңдау  сызықтар,  осьтік,  нүктелі- 
үзілме жəне үзілме сызықтар. 
 
 
 
 
 
 
245 



жүктеу 23,02 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   204




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау